Қазақстан Республикасының
Заңы
Мәдениет туралы
(2020.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі
3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары
11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы міндеттері
12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
13-бап. Алып тасталды
14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау
16-бап. Шығармашылық одақтар
17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік
17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары
18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар
18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
19-бап. Мәдениет ұйымдары
19-1-бап. Көркемдік кеңестер
19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу
19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару
20-бап. Алып тасталды
20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау
21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі
22-бап. Театрлар
22-1-бап. Цирктер
23-бап. Концерттік ұйымдар
24-бап. Кітапхана ісі
24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары
24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
25-бап. Музейлер
26-бап. Ауыл мәдениеті
27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары
28-бап. Алып тасталды
29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі
30-бап. Халық көркем шығармашылығы
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру
6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК
32-бап. Мәдени құндылықтар
33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу
34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі
35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу
36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мұражай», «мұражайларға», «мұражайлардың» деген сөздер тиісінше «музей», «музейлерге», «музейлердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) баспа өнімі - мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда
1-1) басылымның міндетті тегін данасы - редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;
1-2) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-3) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды
1-4) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда
2-1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы - Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі - баспасөз архиві) - Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-3) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы - ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсініктердің және пайымдардың нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды ; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы - қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2) қоғамдық маңызы бар әдебиет - қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-3) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі - қоюшы) - дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды
3-4) материалдық емес мәдени мұраны қорғау - материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, кеңінен танылуын, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолдану;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды
3-5) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі - Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды
3-6) мәдени-бұқаралық іс-шара - халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мәдениет - жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтар жиынтығы;
5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар - халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) мәдениет саласындағы қызмет - мәдени қызмет субъектілерінің мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, қорғау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жөніндегі қызметі;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мәдени құндылықтар - тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) мәдени қызмет субъектілері - мәдениет саласындағы қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) мәдени іс-шара - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі - музей қоры) - мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылды; 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-2) музей дерекқоры - музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-3) тармақша жаңа редакцияда
13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт - ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-6) тармақшамен толықтырылды
13-6) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды
13-7) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер - шақырушы мәдениет ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмайтын шығармашыл қызметкерлер;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13-8) тармақшамен толықтырылды
13-8) театрлық қойылым - театр өнерінің драмалық, музыкалық-драмалық немесе әдеби шығармалар негізінде жасалған, көркем ойы мен нақты атауы бар туындысы;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) ұлттық мәдени игілік - ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтар;
15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар;
16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі;
16-1) - 16-7) 2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам;
18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет;
19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері:
1) мәдениетті мемлекеттік қолдау, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
3) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;
6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;
7) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері
Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5) халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау болып табылады.
2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мәдениет саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
4) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;
9) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;
11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)