3) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс пен оқу орнын ауыстырмауға;
5) ішкі істер органдары айқындаған орындарға жұмыс пен оқудан бос уақытта бармауға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) алкогольдік ішімдіктерді, сондай-ақ медициналық емес мақсаттарда есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынбауға;
7) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірілген залалдың немесе мемлекетке келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолдануға;
8) ішкі істер органдарының талап етуі бойынша түсініктеме және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi аяқталғанға дейiн табыс етіледі.
Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын табыс етеді.
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары оның тұрған жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
170-бап. Жазасын өтеуден ауруына байланысты босатылған адамның денсаулық жағдайын бақылау
1. Психикасының бұзылуына немесе өзге де ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатылған адамның денсаулық жағдайын бақылауды ол босатылған мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
2. Босатылған адам емделіп жатқан денсаулық сақтау ұйымы оның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты мекеме әкімшілігіне тоқсан сайын береді, ал сауыққан немесе қайтыс болған жағдайларда оған дереу хабар береді.
3. Адам сауыққан жағдайда, жазаны орындауды жалғастыру мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша соттың қаулысымен жүргізіледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 171-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
171-бап. Жазасын өтеген адамдарды әкiмшiлiк қадағалау
Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлыққа ие болған сотталғандарға белгіленеді.
172-бап. Өздеріне қатысты ішкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдарға материалдарды дайындау және ресiмдеу
1. Мекеме әкiмшiлiгi өздеріне қатысты iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгілеу қажет адамдар тобын айқындайды және жаза мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей, сотқа осы адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеу туралы ұсыну жібереді.
2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды мекемеден босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi оның таңдаған тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен келетін уақыты туралы хабарлама жiбередi.
3. Өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Аталған адамның тұрған жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа оған іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
4. Тиiсінше әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және сот өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген адамның тұратын жерi туралы ақпаратты алу үшiн ішкі істер органдары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адамды есепке қойғаннан кейін ішкі істер органдары:
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация қызметіне келуін қамтамасыз етеді;
2) сот қаулысының көшірмесін пробация қызметіне жібереді.
6. Пробация қызметі:
1) сот қаулысының көшірмесін алғаннан кейін, оған қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адамды өзінің есебіне қояды;
2) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн және жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды;
3) әлеуметтiк-құқықтық көмекті ұсыну тәртібін түсіндіреді.
7. Қадағалаудағы адамның жеке басын және өмірлік жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
8. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар оған қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адамға пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
9. Өзіне қатысты сот әкімшілік қадағалауды белгілеген адам айына кемінде бір рет тіркелу, есеп беру және өзімен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге қатысу үшін ішкі істер органдарына, сондай-ақ алатын әлеуметтік-құқықтық көмек туралы есеп беру үшін пробация қызметіне келіп тұруға міндетті.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі
1. Мекемелерден босатылатын, жазаны өтеу кезеңінде емделудің толық курсынан өтпеген, айналасындағыларға қауіп төндіретін туберкулезбен ауыратын науқастар босатылғаннан кейін сот шешімі бойынша босатылған жеріндегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емделуге жатады.
2. Мекеме әкiмшiлiгi осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты жаза мерзiмi аяқталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей, оған мәжбүрлі ем тағайындау туралы ұсынуды мекеме орналасқан жердегі сотқа жiбередi.
3. Туберкулезбен ауыратын, өздеріне қатысты сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу белгiленген адамдарды мекемелерден босату туралы хабарлама босатылған жердегі мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға және iшкi iстер органдарына жiберiледi.
28-тарау. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРҒА ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
174-бап. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
1. Пробациялық бақылаудағы, шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде пробация қызметі:
1) денсаулық жағдайын, оның бiлiм деңгейiн, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, сотталған адамның жеке басын зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындауға қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды;
2) әлеуметтiк-құқықтық көмекті ұсыну және оны алудан бас тарту, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;
3) сот жүктеген мiндеттердi орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарту тәртiбiн түсiндiредi;
2. Бiлiм алуға, мамандық алуға, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету шартты түрде сотталған адамға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудiң негiзгi бағыттары болып табылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде сотталған адамдарға пробация қызметі әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
4. Шартты түрде сотталған адамдар пробация қызметiнiң алдында өзiнiң мінез-құлқы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн, сондай-ақ шақыру бойынша пробация қызметіне айына екi рет (ауылдық жерде тұратындар бір рет) келіп тұруға мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда, шартты түрде сотталған адамға күштеп әкелу қолданылады.
5. Тиісінше пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың тұратын жерi туралы ақпарат алу үшiн пробация қызметi тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
6. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, пробация қызметi оның тұратын жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша бастапқы iс-шараларды жүргiзедi. Оның тұратын жері анықталмаған жағдайда, пробация қызметі сотқа оған іздестiру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу
1. Пробациялық бақылау мерзiмi шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледi.
2. Пробациялық бақылау сот үкімінде белгіленген барлық мерзім бойына жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзiмi өткеннен кейін пробация қызметi шартты түрде сотталған адамды өзінiң есебiнен шығарады.
3. Пробациялық бақылау мерзiмiнiң өтуi шартты түрде сотталған адамға iздестiру жариялау туралы сот қаулысының негізінде бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізу басталған кезден бастап тоқтатыла тұрады және сот қаулысы бойынша қайта басталады.
176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы
1. Егер шартты түрде сотталған адам:
1) сол үшін өзiне әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса;
2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдiрсе) не дәлелсiз себептермен тiркелуге келмесе немесе пробация қызметiн хабардар етпестен, тұрғылықты жерiн ауыстырса;
3) қылмыстық теріс қылық жасаса, пробация қызметi сотқа пробациялық бақылау мерзiмiн ұзарту, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы, ал кәмелетке толмаған адамға қатысты алты айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыну енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
2. Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген мiндеттердi орындамаған не осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ егер ол пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты - пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсыну енгізеді.
3. Пробация қызметiне тiркелу үшiн келмеген күнінен бастап он бес күннен астам уақыт бойы тұратын жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.
4. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдiрген) жағдайда, пробация қызметi акт жасайды.
Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдiрген) жағдайда, сотталған адамдар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тарауды, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 78-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 58-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1-тармағын қоспағанда, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9,67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстаудың жеңiлдiктi жағдайлары жөнiндегi ережелерiн қолданысқа енгiзу туралы» 2000 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 18, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 5-і.
№ 234-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексіне
Қосымша
Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiк тізбесі
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, оған жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе ортақ меншiктегi оның үлесi болып табылатын мынадай мүлiк түрлерi мен заттар тәркiленуге жатпайды:
1) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерден аспайтын, сотталған адам мен оның отбасының жалғыз тұрғын үйі;
2) тәркiленуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін қажеттi жер учаскелерi;
3) негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдардан - шаруашылық құрылыстары және саны оның отбасының қажеттіліктерiн қанағаттандыруға қажеттi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп;
4) ауыл шаруашылығы дақылдарының кезекті егісі үшін қажеттi тұқым;
5) үй жабдығы заттары, керек-жарақ, киiм:
киіліп жүрген киiм, аяқкиiм, iшкиiм, қолданылып жүрген төсек жабдықтары, ас үй және асхана керек-жарағы. Теріден жасалған және басқа да бағалы киiм, асхана сервиздерi, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттар тәркiленуi мүмкiн;
сотталған адам мен оның отбасы мүшелерi үшiн қажетi барынша аз жиhаз;
балалардың барлық керек-жарақтары;
6) егер сотталған адамның негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болып табылса, сотталған адам мен оның отбасы үшiн жаңа өнім жинағанға дейін қажеттi көлемдегi тамақ өнімдері, ал қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін мөлшердегі жалпы сомаға тамақ өнімдері мен ақша;
7) тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын;
8) сотталған адам сот үкімімен тиiстi қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкәммал оның қылмыс жасауы үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, сотталған адамның кәсiптiк iстерiн жалғастыруы үшін қажеттi мүкәммал (оның iшiнде оқулықтар мен кiтаптар);
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9) мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнап жасалған көлiк құралдары, мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары;
10) сотталған адам марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.