Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 Қаулысы
(2011.27.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 589 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
19 қарашадағы № 1106
Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 346 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды,сондай-ақ
оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі
1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
2. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы.