Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау,
қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған
ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
19 қарашадағы № 1106
Қаулысымен бекітілген
Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды,сондай-ақ
оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесі
1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы;
2. «Мал өнімдері корпорациясы» акционерлік қоғамы.