86) 897-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (тапсырған) мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен адам хабарлама немесе хабардар ету алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді.»;
87) 917-баптың 2) тармақшасындағы «, 519 (төртiншi бөлiгi)» деген сөздер алып тасталсын;
88) 920-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекс, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 281-баптың бесiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасын және 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16), 17), 18), 48) тармақшаларын, 73) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282-бабының бесінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 272-V