51) 691-бапта:
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтың 2) тармақшасындағы «593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 694-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«694-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
53) 695-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
54) 698-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерге - бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
55) 705-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
56) 706-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
57) 708-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
58) 710-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші бөлігінде), 337, 338, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.»;
59) 712-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.»;
60) 721-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«721-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстiң 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 274, 471, 472, 473, 474, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
61) 726-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
62) 727-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
63) 728-баптың бірінші бөлігіндегі «282 (бiрiншi, екінші және бесінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 729-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491 және 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
65) 743-баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.»;
66) 759-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн.»;
67) 786-баптың бірінші бөлігінің 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар жасалған кезде - экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерi;
6) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;
7) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалған кезде - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері;
8) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар тарапынан өтiнiш болған кезде - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.»;
68) 787-бапта:
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
11) белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдары;»;
13) тармақша алып тасталсын;
69) 796-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.»;
70) 797-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «593 (екiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «593 (екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 802-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және салық органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
72) 803-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;
73) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«442,» деген цифрлардан кейін «443 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«495 (екінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «496 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
«519 (төртінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
«629,» деген цифрлар алып тасталсын;
4) тармақшадағы «621 (үшінші бөлігі), 629, 652, 652-1, 652-2, 652-3» деген сөздер «621 (үшінші бөлігі), 651, 652» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «, 652-1, 652-2, 652-3» деген цифрлар алып тасталсын;
6) тармақшадағы «, 652-1, 652-2, 652-3» деген цифрлар алып тасталсын;
22) тармақшадағы «282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері),» деген сөздер «282 (үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
29), 30), 32), 38) және 42) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);»;
«30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (154, 158, 173, 174 (екінші бөлігі), 357, 465, 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);»;
«32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (305 (газбен жабдықтау жүйелерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306 (үшінші, төртінші және бесінші бөлiктері), 307, 308, 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
«38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);»;
73) тармақшасының он жетінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170, 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);»;
50) тармақшадағы «320,» деген цифрлар «320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 4) тармақшасындағы «614-баптар» деген сөздер «614, 675-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 805-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.»;
75) 807-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;»;
76) 810-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;»;
77) 811-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.»;
78) 813-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұратын жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттардың және бас тартудың болуын;»;
79) 816-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «беру туралы;» деген сөздер «беру туралы шешім қабылдайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
80) 823-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.»;
81) 848-бап мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхатта:
1) өтінішхат жолданған лауазымды тұлғаның атауы;
2) өтінішхатты беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процестік жағдай;
3) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;
4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
5) материалдық не процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінеді және өтінішхатты беруші адам өтінішінің неден тұратыны қамтылуға тиіс.
6. Өтінішхатқа өтінішхатты беруші адам немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.
7. Өтінішхатқа іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса берілуге тиіс.
8. Өтінішхат осы баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген адамдарға қайтарылуға жатады.»;
82) 872-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
83) 874-баптың төртінші және алтыншы бөліктері алып тасталсын;
84) 894-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;
85) 895-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;