1) осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қолданады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүзеге асыруы кезiнде тиiсiнше тексеруі
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды, мұндай шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, қолданады.
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік жария лауазымды адамдарға қатысты қосымша:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы шетелдік жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды одан әрі жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің рұқсатын алуға;
4) қаражат көздерін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты туралы, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер жинау және құжаттық растау
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.
2-тармақ ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.
Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:
1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, - ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, бөлiнген байланыс арналары арқылы операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9), 11) және 12) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi - операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.
3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Бұрын қаржы мониторингі субъектісі ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпарат алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсатта уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға оның сауалдары бойынша қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды:
1) осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес тиісті сауал алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде беруге міндетті.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде берілетін мәліметтер мен ақпаратты қоспағанда, уәкілетті орган осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша мәліметтер мен ақпаратты сұратуға құқылы емес.
4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.
11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;
клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;
ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.
Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олардың жасайтын операциялары туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруі туралы хабарлауға құқылы емес.
6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынуы қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
7. Ақпаратты уәкілетті органға осы Заңға сәйкес ұсынған жағдайда қаржы мониторингінің субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Қаржы мониторингі субъектілеріне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.
12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.
2. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізбесін жібереді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың уәкілетті органға беретін ақпаратына сәйкес жаңартылып отырады.
4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
1) оның террористік қызметті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруымен байланысты ұйымды тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік іс-әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
3) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңы (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке тұлғаны экстремизм белгілері бар қылмысты не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233 - 233-3-баптарында көзделген қылмысты жасауға айыпты деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік қызметті жүзеге асырушы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын тізімдері негіз болып табылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау оларды көрсетілген тізбеге енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың әрекеті тоқтатылғаны туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
Екінші бөлік ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне уәкілетті органның ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізгені туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының иелік ету шектелген мүліктен өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтата тұру фактілері туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.