34-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді
36-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
36-1-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42-баптың бірінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын:
Бірінші бөлік 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып түсуi).
Екінші-төртінші бөліктер 2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау тәртібін белгілейді.
43-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
45-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертілді
46-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) мынадай:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
1) 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн;
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткізу бойынша айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлер салуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн;
2010.15.07. № 327-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8 - 12-тармақтарының;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоятын 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының;
3-1) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн 274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының;
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының;
77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының;
659-баптың 4-тармағының;
660-баптың;
662-баптың;
664-баптың ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 48-2-баппен толықтырылды; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-2-бап өзгертілді
48-2-бап.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдауға құқылы деп белгіленсін.
Осы бапта көзделген салық берешегі жер қойнауын пайдалану келісімшартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылған қызмет шеңберінде түзілген және (немесе) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) ережелеріне сәйкес жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық берешегін қамтымайды.
Бұл ретте салық берешегін өтеуді кейінге қалдыру мүлікті кепілге қоймай және (немесе) банктің кепілдігінсіз Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге бір рет, осы тармақта көзделген шешім шығарылған күні:
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытының;
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілерге беріледі.
2. Салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы өтінішті салық төлеуші 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай өтініш берілген айдың алғашқы күні аралығындағы кезеңде түзілген салық берешегі сомасын растайтын құжатпен қоса уәкілетті органға береді. Бұл ретте өтініште салық берешегінің жалпы сомасы, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім жобасын оның сомасын көрсетпей осындай құжаттардың көшірмелерімен қоса жібереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім шығарған күннен бастап уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай шешім қабылданғаны туралы салық төлеушіге жазбаша түрде хабарлайды және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығындағы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасын көрсетеді. Бұл ретте мерзімі кейінге қалдырылатын салық берешегінің жалпы сомасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша көрсетіледі.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, салық төлеушіге 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай шешім шығарылған күн аралығы кезеңінде түзілген салық берешегі сомасына мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 85, 86-тарауларында көзделген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 48-3-баппен толықтырылды
48-3-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 102, 105-құжаттар; № 15, 106-құжат; № 18, 144-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 6-7, 25, 27-құжаттар; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат), оған мыналарды:
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21- баптың 4-тармағын;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 39-баптың 4-тармағын:
«4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) бересіні, өсімпұлдарды және салықтың басқа да түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиіс.»;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағын:
«2-1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтару бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растауы қоса беріліп, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.»;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 85-бапты:
«85-бап. Банктер құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құраған провизиялар (резервтер) көлемінің төмендеуінен түскен кірістер деп мыналар танылады:
1) борышкер атқару сомасына барабар мөлшерде талапты орындаған кезде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) басқаға қайта табыстау туралы шарттың, новация шартының негізінде цессия шартын жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде борышкерге қойылған талаптар көлемін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) азайтылған сомалары.
2. Есептен шығарылған сенімсіз актив бойынша борышкердің шартты міндеттемесіне қойылатын талаптың азайтылған көлемінде банктің немесе лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бұрын шегерімге жатқызылған құраған провизияларының (резервтерінің) сомалары кіріс болып танылмайды.»;
2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 225-баптың 17) тармақшасын:
«17) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген:
тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;
тауар салық саясаты саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;
еркін қойманың кедендік рәсімінде орналастырылған тауар еркін қойма аумағынан әкетілген, көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделген кезде, еркiн қойма аумағында өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн тауарлар;»;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 226-баптың 2-тармағын;
2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:
«2. Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) осындай беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келсе;
2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал, жылжымайтын мүліке инвестиция биологиялық актив ретінде сатып алса;
3) берілетін мүлік Осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн импортталған берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар тiзбесiне кiрсе, мүлікті қаржы лизингіне беру қосылған құн салығынан босатылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 230-1-бапты;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 234-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын;
2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 249-бапты:
«249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту
1. Салық органдары, егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік өңдеуге арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылатын жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгертуді жүргізеді.
2. Импортталатын тауарларды өндірістік өңдеу мақсатындағы тауарларға жатқызу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлардың тізбесі мен аталған өнеркәсіптік өңдеуде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбесін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
3-1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту салық заңнамасына сәйкес айқындалатын осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өсімпұл есептелмей жүргізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
2) тауарлар жеткізіліміне арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды өндірістік өңдеуге арналған тауарларды импортталатын тауарларға жатқызуды растау туралы кеден органының қорытындысы негізінде жасалады.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қолданылмайды.
Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік өңдеу үшін импорттық тауарларды ұдайы алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлете отырып, тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыруға күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органының кедендік жүк декларациясын қабылдаған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік декларациялау үшін негіздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы туралы қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының қорытындысы табыс етіледі.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден салықтық өтініші мен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді салық органдары өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді.
Көрсетілген үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өтелмеген берешектің сомасына өсімпұл есептеледі.
8. Тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы белгіленген тәртіппен өсімпұл есепке жазыла отырып, салық салынатын айналым бойынша есептен шығарылған, қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Осы баптың ережелері жеңіл автомобильдерден басқа, акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.»;
2017 жылдың 1 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылатын 250-бапты:
«250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкетуден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы сомасының құнын көрсету және көрсетілген тауарлардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі міндеттемені ұсынады.