Қазақстан Республикасының
Заңы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін
(Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
(2009.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қара
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.
Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы:
1) мыналарға:
шағын бизнес субъектілеріне;
шаруа және фермер қожалықтарына;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге;
3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
4-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көздерінен 15 процент мөлшерінде ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкасының қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 147-бабының 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
6-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде төлем көзінен табыс салығы ставкасының мынадай мөлшерлері:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
7-бап. Тоқтатыла тұруы кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мынадай ставкалары қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 336-бабының бірінші және екінші бөліктерінің және 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға мынадай шкала бойынша белгіленген түрде:
Р/с № | Өндірудің жылдық көлемі | Ставкалары %-пен |
2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2010 жылдың 1 қаңтарынан |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 250 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 5 | 6 |
2. | 500 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 7 | 8 |
3. | 1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 8 | 9 |
4. | 2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 9 | 10 |
5. | 3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 10 | 11 |
6. | 4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 11 | 12 |
7. | 5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 12 | 13 |
8. | 7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 13 | 14 |
9. | 10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда | 15 | 16 |
10. | 10 000 000 тоннадан жоғары | 18 | 19 |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген жағдайда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 332-бабы 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәртіппен белгіленген ставкаларға 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады;
2) бастапқы өңдеуден өткен (байытылған) минералдық шикізатқа және көмірге мынадай мөлшерде:
р/с N | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар %-пен |
2009 жылдың 1 қаңтарынан | 2010 жылдың 1 қаңтарынан |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қара, түсті және радиоактивті металдар кендері | Хром кені (концентрат) | 16,2 | 16,8 |
Марганец, темір-марганец кені, (концентрат) | 2,5 | 2,8 |
Темір кен (концентрат, шекемтастар) | 2,8 | 3,2 |
Уран (өнімді ерітіндісі, шахталық әдіс) | 22,0 | 23,0 |
2. | Металдар | мыс | 5,7 | 7,0 |
мырыш | 7,0 | 8,0 |
қорғасын | 8,0 | 8,25 |
алтын, күміс, платина, палладий | 5,0 | 5,5 |
алюминий | 0,25 | 0,28 |
қалайы, никель | 6,0 | 6,0 |
3. | Құрамында металл бар минералдық шикізат | Ванадий | 4,0 | 4,0 |
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сурьма, сынап, тотыяйын және басқалары | 6,0 | 6,0 |
4. | Құрамында сирек кездесетін металл бар минералдық шикізат | Ниобий, лантан, церий, цирконий | 7,7 | 7,7 |
Галлий | 1,0 | 1,0 |
5. | Құрамында ыдырайтын металл бар минералдық шикізат | Селен, теллур, молибден | 7,0 | 7,0 |
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмйй, индий, таллий, гафний, рений, осьмий | 6,0 | 6,0 |
6. | Құрамында радиоактивті металл бар минералдық шикізат | Радий, торий | 5,0 | 5,0 |
7. | Құрамында радиоактивті металл еместер бар минералдық шикізат Түрлі-түсті тас шикізаттар | Тас көмірі, қоңыр көмір, жанғыш сланецтер | 0 | 0 |
фосфориттер | 4,0 | 4,0 |
бор ангидриді | 3,5 | 3,5 |
барит | 4,5 | 4,5 |
тальк | 2,0 | 2,0 |
флюориттер | 3,0 | 3,0 |
воластонит | 3,5 | 3,5 |
шунгит | 2,0 | 2,0 |
графит және басқалары | 3,5 | 3,5 |
8. | Құрамында асыл тастар бар минералдық шикізат | Алмас, рубин, сапфир, изумруд, гранат, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалары | 12,0 | 12,0 |
9. | Құрамында жасанды тастар бар минералдық шикізат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалары | 3,5 | 3,5 |
10. | Құрамында техникалық тастар бар | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалары | 2,0 | 2,0 |
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды:
біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін;
патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін
қамтиды;».
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Осы шарт тауарларын базарларда өткізетін тұлғаларға (жалға алу шарттары бойынша сауданы базар аумағындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындарды қоспағанда) қолданылмайды.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін 2009 жылы арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті беруді салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді деп белгіленсін.
Бұл ретте көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелері ескеріле отырып, салық төлеуші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнінен бастап туындайды.
10-бап. Көрсетілген баптың 1-тармағының тоқтатыла тұруы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 645-бабының 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Осы баптың ережелері:
1) жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;
2) мыналарға:
шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуға қолданылмайды.
11-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде баптың мынадай редакцияда:
«34-бап. Салық берешегін өтеудің тәртібі
Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен:
1) бересі сомасы;
2) есепке жазылған өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомалары есептеліп жүргізіледі.»
Қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 34-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
12-бап. Осы бапқа сәйкес тоқтатыла тұру кезеңіне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін айқындай отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар:
1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
2) салық салынатын импорт сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің сомасы;
4) есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы;
5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында асып кетуі;
7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдарының салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мыналар бойынша:
1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар;
2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар;
3)қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты;
4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты;
5) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы;
6) салық салынатын айналым көлемін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған салық сомасын түзету;
7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша және өнім берушілер мен сатып алушылар бөлігінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар;
8) сатып алушылар бөлігінде мемлекеттік материалдық резевтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген, мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен мазмұн 3-тармақпен толықтырылды
3. Шот-фактураны көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
13-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйым құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түскен, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялардың (резервтердің) сомалары борышкерге талаптар мөлшерін азайтқан кезде:
1) борышкер заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған;
2) борышкер заңды тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайларда, сондай-ақ борышкер жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
3) борышкерде және борышкермен бірге ортақ немесе субсидиялық жауапкершілігі бар үшінші тұлғаларда банктің немесе немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымның алдында мүлік, оның ішінде өндіріп алуды жүргізуге болатын ақша, бағалы қағаздар немесе табыстары болмаған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға орындау құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген, оларға өндіріп алуды жүргізуге болатын және сот орындаушысының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөнінде қолданған шаралары нәтижесіз болып шыққан;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымға борышкердің мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын және кірістерін өндіріп алудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды одан әрі өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйымның кредиті (қарызы) бойынша салық төлеушінің талап ету құқықтары, - салық төлеушінің басқаға берген талап ету құқығы бойынша кредит (қарыз) жөніндегі талап ету құны және аталған салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күніне салық төлеушінің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде талап ету құқығын басқаға берген жағдайларда, талап ету құқығы кіріс деп танылмайды.».
14-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде 103-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда:
«3) қаржы ұйымдары үшін шекті коэффициент - 9-ға тең, өзге заңды тұлғалар үшін - 6-ға тең.» деп қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 103-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
15-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«123-бап. Инвестициялық салық преференциялары
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған кейінгі шығындарды шегерімге жатқызудан тұрады.
Преференцияларды қолдануға, осы баптың 6-тармағында аталғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
2. Преференциялар объектілеріне пайдалануға беру кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1) осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған негізгі құралдар немесе активтер болып табылатын;
2) преференцияны қолданған салық төлеуші кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдаланатын;
3) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмайтын;
4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.
3. Мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:
1) салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес негізгі құралдар ретінде есепке алынса;
2) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асырғаннан кейін пайдалануға берілетін салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде кіріс алуға бағытталған қызметінде пайдалануға арналса;
3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде уақытша пайдаланудан шығарылса;
4) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, олардың пайдаланылу ерекшеліктеріне қарай жер қойнауын пайдалануға қызметті келісімшарт (келісімшарттар) бойынша жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар активтер болып табылмаса;
5) егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының осы активтер бойынша салықтық есепке алуда шеккен шығындары жер қойнауын келісімшарт (келісімшарттар) бойынша пайдалану қызметі мен келісімшарттан тыс пайдалану қызметі арасында бөлуге жатпаса, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға кеткен кейінгі шығыстар нақ сол салық кезеңіндегі шегерімге жатқызылуға тиіс.
Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін негізгі құралдарды реконструкциялау, жаңғырту - кейінгі шығындардың түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құрал конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
негізгі құрал қызметінің мерзімін үш жылдан аса ұзарту;
негізгі құралдың техникалық сипаттамаларын осы негізгі құралды реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы оның техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсарту болып табылады.
4. Мыналардан:
сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
мәдени-ойын-сауық мақсаттағы ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);
қонақүйлер, мейрамханалар ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға, қоғамдық тамақтандыруға арналған басқа да ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бір бөлігінен);
автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқасы өндірістік мақсаттағы ғимараттарға преференцияларды қолдану мақсаттарына тұрғын үй емес ғимараттар (тұрғын үй емес ғимараттардың бір бөлігі) жатады.
Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға преференцияларды қолдану мақсаттары үшін спортқа және демалыс орындарына, мәдени-ойын-сауық, қонақүйлерге, мейрамханаға, әкімшілік мақсаттарына, автомобильдердің тұрақтары мен қойылатын орындарына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
5. Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан тұрғызылған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) бірінші пайдалануға беру:
құрылыс мердігері шартын жасасу жолымен құрылыс салған кезде - ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойғаннан кейін құрылыс салушының құрылыс объектісін тапсырыс берушіге тапсыруы;
қалған жағдайларда - ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) пайдалануға беру актісіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қоюы болып табылады.