133. Өткізу және объект ішіндегі режим жөніндегі нұсқаулықты тир әкімшілігі күзетілетін объект ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейді, ол аумақтық ішкі істер органымен келісіледі және жоғары тұрған ұйымның басшысы бекітеді. Тирге өткізу режимі кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды алып кірудің, алып шығудың, (әкетудің) қатаң тәртібін орнатуды көздеуі керек. Объект ішіндегі режим тир жұмысының ішкі тәртібін сақтауды (қызметкерлердің жұмыс уақытының режимін, қаруды, патрондарды беру мен тапсырудың тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізуді) қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтиды. Өткізу және объект ішіндегі режимді қамтамасыз ету мақсатында атыс тиріне (атыс галереясына) кіру есіктері берік ілмекпен, электр қоңыраумен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды тирге өткізу кілттер мен құжаттарды сақтауға арналған қажетті жәшіктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерінің үлгілері бар стендтермен жабдықталатын бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.
134. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесі бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерінен, жаттықтырушылардың кабинеттері мен шаруашылық үй-жайлардан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандар үнемі құлыппен жабылуға тиіс торлы есіктермен жабдықталады және сүргіленеді немесе пломба салынады. Қалқандар диаметрі кемінде 15 мм болатын болат шыбықтардан жасалады. Торлы қалқандардың шыбықтары көлемі 150x150 мм-ден аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді. Top шыбықтарының ұштары қабырғаға, төбеге, еденге кемінде 80 мм тереңдікке бекітіліп, бетонмен құйылады.
135. Атыс арасындағы үзіліс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебінде қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
136. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендті ашуға рұқсатты ішкі істер органдары тек қана олардың басшыларының атына бес жыл мерзімге береді.
137. 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлер ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен 1-қосымша алып тасталды
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 2 қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында инкассацияны жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгіленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
Қару:
1. Ақшалай түсiмдердi инкасса. Әрбір инкассаторға 1
циялау мен құндылықтарды тапанша немесе револьвер
тасымалдауды жүзеге асыратын Инкассаторлар бригадасына
инкассация қызметiнiң қызмет. (3-5 адам) 1 винтовка
керлерi (инкассаторлар) немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат немесе
инкассаторлар командасына
(10-15 адам) 6 винтовка
немесе карабин немесе
жекелей атуға қайта
жасалған автомат
2. Инкассация қызметiнің ақшалай Әрбір жүргiзушiге 1 тапан.
түсiмдердi инкассациялау мен ша немесе револьвер
құндылықтарды тасымалдауға
арналған арнайы автомобиль.
дерiнің жүргізушілерi
3. Қару резервi Әрбір 10 бірлік қаруға
1 бірлік
Оқ-дәрiлер:
P/c № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
инкассаторлар, инкассациялауға жарақталған арнайы авто. мобильдердің жүргiзушiлерi | қару бірлігінің азаймайтын қоры | жылдық шығын: |
бір адамға практика. лық атыс. тар үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
1 2 3 4 | Жекелей атуға қайта жасалған автомат Винтовка, карабин Тапанша Револьвер | 30 (1 оқжатарда) 15 (оқтізерлерде) 16 (2 оқжатарда) 14 (қорапта) | 60 30 32 28 | 120 120 96 72 | 8 8 8 8 |
Ескерту. Қарудың атылысын тексеруге арналған оқ-дәрiлердi басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
4-қосымша
Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері пайдаланатын қызметтік қарудың және оларға патрондардың
түрлері, үлгілері, моделдері және саны
1. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері бір постыға 2 қару бірлігінен аспайтын есеппен қаруланады.
2. Сыртқы постыдағы күзетші, сондай-ақ жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы күзетші бағалы жүктерге ілесіп жүру кезінде (жүргізуші-күзетшіні қоспағанда) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен немесе электр қаруымен немесе ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
3. Ауысым тобының бастығы, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың басшысы, станция парктеріндегі темір жол көлігінде және жол бойында тасымалданатын жүктерді күзетуді қамтамасыз ететін күзетші, ішкі постыдағы күзетші, жылдам қимылдайтын ұтқыр топтың құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруымен немесе электр қаруымен немесе қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарумен қарулана алады.
4. Күзеттің барлық түрі үшін қару резерві - қаруланудағы әр 10 бірлікке 1 бірлік қару.
5. Объектіні күзетуге түсетін күзетшілерге:
1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының әр бірлігіне 16 патронға (2 оқжатарға, барабанға) дейін;
2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патронға дейін беріледі;
3) оқу атыстарын өткізу үшін 1 күзетшіге жылына 12 патрон тиесілі.
Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе 8 оқ-дәрімен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті, органның нормаларына сәйкес келетін жарақат салатын патрондар қолданылуы мүмкін.
Қымбат бағалы металлдар мен алмастарды, көмірсутегі шикізатын өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді, банктерді, бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде темір жол және әуе көлігін, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттары, радиоактивті материалдар қоймаларын (сақтау орындарын), мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (сақтау орындарын) күзету кезінде тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 0; 1 оқ-дәрімен немесе оқпен оқталуға рұқсат етіледі.
Патрондардың азаймайтын қоры:
1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы, жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруының бірлігіне 16 патрон;
2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы атыс қаруының бірлігіне 10 патрон.
ҚР Үкіметінің 12.12.00 ж. № 1830 қаулысымен 4-1-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-1-қосымша жаңа редакцияда (құпия)
4-1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 26.09.01 ж. № 1240 қаулысымен 4-2-қосымшамен толықтырылды (құпия); ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 4-2-қосымша өзгертілді (құпия); ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1856 Қаулысымен (құпия)
4-2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларына енетін,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі
агенттігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің жеке құрамының қарулануы үшін белгіленген қару мен оның
патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері және саны
─────────────┬─────────┬────────────────────┬─────────────────────────────-
Қарудың түрі │ Калибрі │ Басшылық құрамының │ Мемлекеттік фельдъегерлік
мен атауы │ │ санына қару бірлі. │ қызмет бөлімшелеріне тиесілі
│ │ гінің саны │
─────────────┼─────────┼────────────────────┼─────────────────────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4
─────────────┴─────────┴────────────────────┴─────────────────────────────-
ҰРЫСҚА АРНАЛҒАН
«Макаров» 9,00 мм 1 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
тапаншасы Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметі және оның арнайы
тапсырмалар орындауға
арналған бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
(САТ) 9,00 мм 15 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚУ Қазақстан Республикасының
«Макаров» Мемлекеттік фельдъегерлік
тапаншасы 9,00 мм 100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
Автомат Қазақстан Республикасының
(КА, ЖМКА) 7,62 мм Мемлекеттік фельдъегерлік
100 адамға 1 дана қызметі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
СПОРТТЫҚ ШАҒЫН КАЛИБРЛІ
«Марголина» 5,6 мм 50 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
өздігінен Мемлекеттік фельдъегерлік
зарядталатын, қызметі.
спорттық
тапаншасы
Нысаналы шағын 5,6 мм 100 адамға 1 дана Қазақстан Республикасының
калибрлі Мемлекеттік фельдъегерлік
спорттық қызметі.
винтовка Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік фельдъегерлік
қызметінің бөлімдері мен
1 бөлімшеге 1 дана бөлімшелері.
ОҚ-ДӘРІЛЕРДІҢ НОРМАЛАРЫ
| Калибрі | Қару бірлігінің азаймайтын қоры (дана) | Жылдық норма (дана) |
1 адамға | 1 ұңғыға |
Қару. дағы | Қару қойма. сындағы | оқу прак. тикасына | ату-спорт іс-шара. ларына | атып сынауға |
«Макаров» 9,00 мм 16 8 60 - 4 тапаншасы «Стечкиннің» 9,00 мм 20 180 20 - 10 автомат- тапаншасы «Калашников» 7,62 мм 120 180 20 - 10 автоматы «Марголина» 5,6 мм - - 10 60 - өздігінен зарядталатын спорттық тапаншасы Нысаналы 5,6 мм - - 10 60 - шағын-калибрлі спорттық винтовка |
| | | | | | |
Ескерту. Ату-спорт іс-шараларын өткізуге арналған оқ-дәрілердің жалпы саны фельдъегерлік қызмет бөлімшелерінің басшы құрамы штаттық санының 20% ғана жылдық есептен бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 05.03.03 ж. № 224 қаулысымен; 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
6-қосымша
«Қазпошта» АҚ - Ұлттық пошта операторының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | «Казпошта» акционерлік қоғамының қызметкерлері | Қару бірліктерінің саны |
1 | Арнайы байланыс қызметінің фельдъегерьы | Әрбір фельдъегерге 1 тапанша, 1 карабин немесе фельдъегерлер бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ |
2 | Арнайы байланыс қызметінің экспедиторы | 2-3 қызметкерден тұратын уысымға 1 тапанша |
3 | Арнайы байланыс қызметінің фельдъегерь-жүргізушісі | әрбір фельдъегерь-жүргізушіге 1 тапанша |
4 | Арнайы байланыс бөлімшесінің бастығы | 1 тапанша |
5 | Арнайы байланыс қызметі цехының бастығы, бастықтың орынбасары | 1 тапанша |
6 | Облыстық, қалалық арнайы байланыс қызметінің бастығы, бастықтың орынбасары | 1 тапанша |
7 | Фельдъегерь болмаған және арнайы және өзге де жөнелтімдерді қабылдау, күзету, тасымалдау және жеткізу бойынша міндеттерді орындаған жағдайда қалалық, аудандық, ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшесінің бастығы | 1 тапанша |
8 | Арнайы байланыс қызметінің жауапты кезекшісі, жауапты кезекшінің көмекшісі | 1 тапанша |
9 | Касса торабының, кассалық үй-жайлардың кезекшісі | 1 тапанша |
10 | Ақшалай түсімдерді, инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауды жүзеге асыратын инкассация қызметінің қызметкерлері (инкассаторлар) | әрбір инкассаторға 1 тапанша, 1 карабин немесе кемінде 3 адамнан тұратын инкосаторлар бригадасына жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У немесе АКМ |
11 | Ақшалай түсімдерді инкассациялау мен бағалы заттарды тасымалдауға арналған инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің жүргізушілері | әрбір жүргізушіге 1 тапанша |
Оқ-дәрілер:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
Постқа, ілесіп жүруге, инкассациялауға жарақталған | Қару бірлігінің азаймайтын қоры | Бір жылдық шығын: |
Бір адамға практикалық атуға | Қару бірлігіне атылыс тексеруі үшін |
| Жекелей атуға қайта жасалған АКС-74У, АКМ | 30 (1 оқжатарда) | 60 | 120 | 8 |
| Карабин | 15 (1 оқжатарда) | 30 | 120 | 8 |
| Тапанша | 16 (екі оқжатарда) | 32 | 96 | 8 |
Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте қарудың бір түрінің 10 бірлігіне бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
Қалалық, аудандық және ауылдық пошта байланысы торабының және бөлімшелерінің бастықтары «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11-тармақтарында көзделген қарудың сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қаруланады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 7-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 896 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 7-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
7-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Р/с № | Лауазымы | Тапанша | Карабин |
1 | Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор | 1 | немесе 1 |
2 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор | 1 | немесе 1 |
3 | Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы | 1 | немесе 1 |
4 | Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкерлері | 1 | немесе 1 |
Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:
Р/с № | Қарудың атауы | Патрондардың саны (дана) |
ауысымға жарақталған қызметкер | бірлікке азаймайтын қор | жылдық шығын: |
бір адамға практикалық атыс үшін | қару бірлігіне атылыс тексеруі |
1 | тапанша | 16 (2 оқжатарда) | 24 | 8 | 4 |
2 | карабин | 15 патрон (қорапта) | 30 | 10 | 5 |
Ескертпе:
Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлік қаруға бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар және өсімдік дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметі бөлімінің бастығы, орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының көмекшісі, орман шебері, аңшы).
Мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орманшының, көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі).
Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік қорғау қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің 7-9, 11, 15-тармақтарында көзделген қару сақтауды қамтамасыз ететін талаптарды сақтаған жағдайда қызметтік қарумен қаруланады.