72. Осы Ереженiң 70-тармағының «б» - «е» тармақшаларында көрсетiлген субъектiлер өз қарамағында заңды негiзде болатын қару мен патрондарды көрсетiлген қарудың есепке алынған жеріндегі iшкi iстер органдарына ол туралы алдын ала хабарлау арқылы қарумен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.
73. Қазақстан Республикасының азаматтарының қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат берген iшкi iстер органының жолдамасы бойынша өздерiнiң жеке меншiк құқығында заңды негiзде болатын қаруды:
а) өзіне қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат берген iшкi iстер органдарына алдын ала хабарлау арқылы - қаруды сатуға, коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға не Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға, арнаулы органдарға;
б) қаруды есепке алу жеріндегі iшкi iстер органдарында қайта тiркеуден кейiн - қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға сатуға құқығы бар.
74. Қазақстан Республикасының аумағында:
а) iшкi iстер органдарында тiркелмеген не пайдалануға техникалық жағынан жарамсыз қару мен патрондарды;
б) нөмiрi мен таңбасы жоқ қаруды не стандартқа сәйкестiк белгiсi жоқ патрондарды;
в) мемлекеттік оқ-гильза қоймасына атылған оқтар мен гильзаларды ұсыну арқылы тексеру атыстары өткiзiлмеген ойық ұңғылы атыс қаруын;
г) уақытша пайдалануға алынған қару мен патрондарды;
д) кеден бақылауында болатын қару мен патрондарды;
е) азаматтардың жеке пайдалануы үшiн жарақталған тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруының патрондарын сатуға тыйым салынады.
Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын сату заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
16. Азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алудың, есепке алудың, сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың, алып қоюдың және жою тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75. Осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алу үшін рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 76-тармақ өзгертілді
76. Азаматтық атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын, сондай-ақ үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан асатын, 25 Дж-ға дейінгі аңшылық пневматикалық қаруды азаматтар тек қана ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сатып алады.
Ескерту. Сұқпалы аңшылық суық қару («Пайдалану құқығынсыз уақытша сақтауға» дегеннен басқа) сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарының белгі беру қаруын, механикалық шашыратқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттармен жабдықталған аэрозолдық және басқа да құрылғыларды, үрлемелi қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ге дейiнгi пневматикалық қаруларды қоса алғанда, iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз сатып алуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
77. Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (аңшылық карабиндерін, винтовкаларды, құрастырылған мылтықтарды) сатып алуға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық берілген меншігінде кемінде бес жыл тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына береді.
Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алудың, сақтау мен алып жүрудiң рұқсатына Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, оның орынбасарлары, ІІД бастықтары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Iшкi iстер органдарынан ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алуға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай құжаттарды:
1) толтырылған карточка-өтiнiштi;
2) аңшылық куәлікті (аң аулау құқығын беретiн мемлекеттік баж төленгенi туралы белгiсi бар);
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтаманы;
6) тегiс ұңғылы аңшылық қару бұл адамның заңды иелiгiнде кемiнде үш жыл болғандығын растайтын, iшкi iстер органы берген қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттың көшiрмесiн ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ өзгертілді
79. Аңшылық пневматикалық қару, жарақат салатын, газбен және сәуле-дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы, тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын, газды тапаншалар мен револьверлерді, электр қаруын алғаш рет иемденуші адамдар ішкі істер органына:
1) толтырылған карточка-өтiнiштi;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтаманы ұсынады.
Ескерту. Лицензиялық-рұқсат ету жүйесiнiң қызметкерлерi «Жекелеген қару түрлерi айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақтан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат бергенде, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат мерзiмiн ұзартқанда міндеттi түрде Құқықтық статистика және ақпарат орталығының деректерi бойынша азаматтардың тұрғылықты жерінде атыс қаруының сақталу жағдайларын, сотты болуын, Автоматтандырылған деректер банкінің деректерi бойынша ойық ұңғылы атыс қаруларының бақылау оқтары мен гильзаларының болуын және уақытылы ауыстырылуын (тексеру атысының қайталану кезеңi - 5 жылда бір рет) тексередi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 80-тармақ өзгертілді
80. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, арнайы атақтары бар арнаулы органдардың қызметкерлері азаматтық қаруды иемденіп алуға рұқсатты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы азаматтарының өзiн-өзi қорғау мақсатында азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының тиiстi нормаларына сәйкес аңшылық куәлігінсіз тұрғылықты жеріндегі iшкi істер органдары беретiн рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз тегiс ұңғылы, ұзын ұңғылы оның iшiнде жарақат салатын патрондары бар атыс қаруларын сатып алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары қаруды «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес пайдалана алады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
81. Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер олар азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаттары бойынша жалпы негіздерде Қазақстан Республикасында газды тапаншалар мен револьверлер, ұңғысыз атыс қаруын сатып алуға, алып жүруге және сақтауға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық шашыратқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған аэрозольді және басқа құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ сатып алады.
82. Туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктер азаматтық қаруды, өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi беретiн рұқсаттар бойынша жалпы негiзде сатып алады.
83. Қазақстан Республикасында тiркелген елшiлiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте әкелуге, сатып алуға және әкетуге рұқсат берiледi. Бұл ретте әкелiнетiн, сатып алынатын және әкетiлетiн азаматтық қарулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
84. Шетелдiктердiң өздерi әкелген азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
Шетелдiктер тиiстi рұқсат алу үшiн мемлекеттік баж төлейдi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
85. Азаматтарға азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты iшкi iстер органдары, төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда үш ай мерзiмге бередi. Пайдаланылмаған рұқсаттар азаматтардың жазбаша өтініші бойынша көрсетілген мерзімге кемінде бір рет ұзартылады не ішкі істер органы олардың күшін жояды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
86. Азаматтық атыс қаруының немесе газды тапаншалар мен револьверлердің патрондарын азаматтар тиісінше нақты қару түрін сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын көрсеткенде дүкендерден сатып алады. Аңшылық оқ-дәріні тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органының рұқсаты бар болған жағдайда сатып алынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Сатып алынған азаматтық қару сатып алған күнінен бастап жеті күн мерзімде оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары бес жыл мерзімге беретін рұқсатты ала отырып, иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес ішкі істер органында тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
88. Азаматтарға тиесілі қаруды тіркеу және қайта тіркеу үшін салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
Иесiнiң тұрғылықты жерi өзгергенде, егер қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге бұрын берiлген рұқсаттың мерзiмi аяқталмаған болса, қаруды iшкi iстер органына есепке қою кезiнде төлем алынбайды.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
89. Азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты алу үшiн iшкi iстер органына:
1) көлемi 3х4 см екi фотосурет;
2) қаруды тiркеу (қайта тiркеу) үшiн мемлекеттік бажды және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн төлегенi туралы түбіршектер;
3) қаруды иемдену көзiн көрсететiн құжат (рұқсаттың төлнұсқасы немесе өтінiш) ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімiн ұзарту үшiн иесi рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң анықталуынан бір ай бұрын техникалық байқаудан өткізу үшiн қолындағы қаруды және мынадай құжаттарды:
1) тегі, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы, қарудың жүйесі, калибрi мен нөмiрi, оның сақталуын қамтамасыз ету жағдайын: сейфтiң немесе металл шкафтың немесе қаруға бөгде адамдардың қол жеткізуiн болдырмайтын өзге де құрылғының болуы көрсетiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы iшкi iстер органы бастығының атына өтiнiштi;
2) қарудың әр бірлігiн қайта тiркеу үшiн мемлекеттік баж төленгенi туралы түбіршектi;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуі бойынша қайта даярлау туралы анықтаманы
Ескерту. Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығын беретін рұқсаттың қолданылу мерзімі әрдайым бес жылға ұзартылады.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 91-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 363 Қаулысымен 91-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
91. Қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұратын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй), үй-жайларды күзету жүйесімен (пульттік немесе автономды сигнализация) жабдықталады. Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.
Қару иесінің тұрақты тұратын жерінен тыс орындарда (жеке үй, пәтер, бақтағы үй, гараж, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке белмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.
Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің түрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.
Азаматтық қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын патрондары қарумен бірге не (500 данадан астам) жеке металл шкафта (сейфте) сақталуы мүмкін.
Сейфте қарумен бірге бөгде заттарды, оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды сақтауға жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
92. Көліктің барлық түрлерiмен алып жүру немесе тасымалдау кезінде қару оқталмаған күйде қабына салынуы тиiс. Қаруды алып жүру немесе тасымалдау кезіндегі барлық жағдайларда иесі бір мезгілде қаруды алып жүрудiң рұқсаты болып табылатын, iшкi істер органының оны сақтау мен алып жүруге берген рұқсатын өзiмен бірге алып жүруге мiндеттi. Қаруды сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген ережелерiн бұзғаны үшiн кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Аңшылық суық қару қапталған күйде тек қана аңшылық куәлігі болған жағдайда тасымалданады.
93. Қаруды сақтаудың немесе сақтау мен алып жүрудiң рұқсаттары мынадай жағдайларда:
рұқсаттан ерікті түрде бас тартқанда не қарудың иесi қайтыс болғанда;
қоғамдық тәртіпке немесе басқарудың белгiленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілiк құқық бұзушылықтар бір жыл ішiнде қайта жасалғанда;
қару айналымының белгiленген ережелерi бұзылғанда;
адам қылмыстық жауапқа тартылғанда;
иесі азаматтық немесе қызметтiк қаруды баллистикалық сипаттамаларының өзгеруіне әкелiп соққан конструкциялық жағынан қайта жасағанда күшін жояды.
Рұқсаттың күші жойылған жағдайда күшi жойылған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін оны алу үшiн қайта өтiнiш бiлдiрiлуi мүмкін. Рұқсаттан ерікті түрде бас тарту жағдайында оны қайта алуға мерзім белгіленбейді.
94. Рұқсаттың күшін жою туралы дәлелді қорытынды шығарылады, оны ішкі істер органының бастығы бекiтедi. Қорытындыда мұндай шешім қабылдаудың негiздерi мен себептерi жазылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
95. Рұқсаттың күшi жойылған жағдайда ол қару және оның патрондарымен бірге алынып қойылады. Қару иелерi немесе олардың заңды өкiлдерi алынып қойылған қару мен оның патрондарын iшкi iстер органдарының жолдамасы бойынша комиссиялық сатуға тапсырады не қаруды сатып алуға немесе сақтауға және алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.
Ескерту. Қылмыстық iстер бойынша айып тағылған адамдардың қару мен оның патрондары рұқсатпен бірге алынып қойылады және тергеу органдарының немесе соттық қылмыстық iс бойынша түпкiлiктi шешiмiне дейiн iшкі iстер органдарында сақталады. Егер аталған адамға қатысты қылмыстық iс тоқтатылған болса немесе сот ақтау үкiмін шығарса, оған қаруы мен оның патрондары, қаруды сақтау немесе сақтау мен алып жүру рұқсаты қайтарылады.
96. Iшкi iстер органдары:
ұңғысының немесе ұңғылы қорапшасымен қоса, ұңғысының ұзындығы 500 мм-ге жетпейтiн және қарудың жалпы ұзындығы 800 мм-ге жетпейтiн, сондай-ақ конструкциясы оның ұзындығын 800 мм-ге жетпейтiн етiп жасауға мүмкiндiк беретiн және сонымен бірге бұл ретте ату мүмкiндiгi жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруын;
оқты түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн азаматтық атыс қаруын;
нөмiрi жоқ, қолдан жасалған немесе нөмiрлерi қисайған атыс қаруын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттар бермейдi.
97. Азаматтық қарудың иесi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерi бір айлық мерзiмде бұл қаруды қайта тiркеуге немесе комиссиялық өткізуге тапсыруға мiндеттi немесе олар оны азаматтық қаруды сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамға бөлек беруi тиiс. Мұраға қалдыру, сыйға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
98. Iшкi iстер органдарында қаруды бір адамнан екiншi адамға тапсыруға құжаттар ресiмдеуге рұқсат беріледi. Мұның өзi, рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыратын ішкi істер органының қызметкерi қару иесiнiң және қарудың бұл түрiн сатып алуға iшкi iстер органының рұқсаты бар адамның қатысуымен, тапсырылатын қарудың есепке алынған жерiнде жүргiзедi. Мұндай жағдайда тапсырылатын қарудың маркасы, калибрі мен нөмірі рұқсат қағазға және сатып алу рұқсатының төлнұсқасына жазылады. Жазбаларды ішкі істер органының бастығы қол қойып және «Лицензиялық-рұқсат ету жүйесi» деген бедерi бар арнайы мөрмен куәландырады. Рұқсаттың төлнұсқасы қаруды тұрғылықты жерінде есепке қою үшін жаңа иесіне қайтарылады. Сонымен бір мезгiлде, қаруды тапсыруды жүргізудің негізінде қаруды есептен шығару туралы тиiстi жазбалар қару иелерiн есепке алу журналына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 99-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 99-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99. Қарудың иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органының есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаңа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюды, ал бір ауданның не ауданға бөлінбейтін қаланың шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
100. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия қаруды жарамсыз (жөндеуге келмейдi) деп тапса, қару тiркелмейді (қайта тіркелмейдi) және дереу қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жойылуы тиіс.
Ескерту. Қарудың техникалық күйiн анықтау жөніндегі комиссия ішкі істер органында құрылады, оның құрамы 3-4 адамнан: iшкi iстер органының рұқсат ету жүйесiн жүзеге асыраушы қызметкерiнен, криминалистен, қару шеберi-техниктен тұрады және ІІД (К) бастығының бұйрығымен бекітіледi.
Азаматтардың iшкi iстер органдарына ұсынған атыс қаруын тiркеу (қайта тіркеу) кезiнде оның техникалық күйiн анықтау үшiн қаруға тексеру жүргiзу комиссияның мiндетi болып табылады. Жұмыс барысында комиссия аңшылық атыс қаруының техникалық санатталу нормаларын басшылыққа алады.
Алынып қойылған, ерiктi түрде тапсырылған, тауып алынған қару мен оқ-дәрілердiң iшкi iстер органдарында сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкіiсминi белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді
101. Қару жоғалған немесе ұрланған жағдайда иесі ол туралы ішкі істер органына бір күн мерзімде хабарлауға міндетті.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сатып алудың, сақтаудың, алып жүрудiң және тасымалдаудың тәртібі заңнамада белгiленедi.
17. Марапаттық қаруды сақтаудың және алып қоюдың тәртібі
102. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қаруға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкiметтерiнің басшылары мен мүшелерiнiң марапаттау құжаттары негiзiнде марапаттық қару алуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты Қазақстан Республикасының Iшкiiсмині береді.
Түйдектете атуға мүмкiндiк беретiн, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы заңмен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
103. Марапаттық атыс (суық) қаруы бар адамдарға Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi қарудың қолданылу мерзiмiн көрсетпей, «марапаттық» деген белгiсi бар сақтау және алып жүруге рұқсаттар бередi.
Марапаттық қаруды сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты бір мезгiлде оны тасымалдаудың рұқсаты болып табылады.
104. Марапаттық атыс (суық) қаруы жетi күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнде тiркелiп, оны сақтау мен алып жүрудiң рұқсаты алынуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді
105. Марапаттық қаруды сақтауға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне мынадай құжаттар:
1) толтырылған өтiнiш-карточка;
2) қарумен марапаттау туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды тәртiппен куәландырған көшiрмесi;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) қаруды қауiпсiз ұстаудың ережелерiн бiлетiндiгiн тексеру туралы анықтама;
6) алынып тасталды
7) қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат берiлу үшiн мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбіртек;
8) көлемi 3х4 см екі фотосурет ұсынылады.
106. Лауазымды адамдардан алынған, осы Ереженiң 102-тармағында көрсетiлмеген атыс (суық) қаруы марапаттық қару қатарына жатпайды және аумақтық iшкi істер органына:
1) әскери қол атыс және суық қару - оны берген тиiстi ведомствоға кейiннен табыс ету арқылы тегiн тапсырылуы тиіс;
2) аңшылық қару - осы Ережелердің 77-80 және 89-тармақтарына сәйкес оны сақтау мен алып жүруге рұқсат беру арқылы тiркелуi немесе оны сатып алу рұқсаты бар адамға бөлек берiлуi мүмкiн.