Ескерту. Марапаттық қаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының «Жекелеген қару түрлері айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейін атаулы қарумен марапаттау құқығы болған лауазымды адамдардың, өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрықтары негiзiнде алынған, заңнамада белгiленген тәртiпте оны алып жүру мен сақтауға ішкі iстер органдарының рұқсаты бар қарулар жатады.
107. Марапаттық қаруды ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ережелерін бұзғаны үшін азаматтардан алып қоюы мүмкін.
108. Марапаттық атыс (суық) қарудың иесi қайтыс болған жағдайда аталған қару бір айлық мерзiмде iшкi iстер органдарына өткiзiледi.
109. Марапаттық қару iшкi істер органдары оны тиiсiнше қайта тiркеп, қайта жасағаннан кейiн сақтау үшiн мұражайларға тапсырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 18-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу
тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 Қаулысымен 110-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 110-тармақ өзгертілді
110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:
1) қару мен оның патрондарының саны, әкелуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, паспортының немесе жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, қару мен оның патрондары әкелінетін мемлекет, әкелу жүзеге асырылатын кеден бекеті көрсетілген ұйым басшысының өтініші;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға уәкілетті ішкі істер органы берген лицензиялардың көшірмелері;
4) қару мен оның патрондарын жеткізіп беруге шарттың (келісім-шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген спецификациясы қоса беріледі;
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға ІІД берген әрекет ету мерзімі 12 ай лицензиясының көшірмесі;
6) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импорттауға (экспорттауға) берген лицензияның көшірмесі;
7) экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсыну көзделген жағдайларда ұсынылады);
8) қару мен оның патрондарын әкелгеннен кейін оларды сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;
9) сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына (бұдан әрі - кадастр) енгізілген жағдайда);
10) қарудың (патрондарының типі) атауы мен моделінің белгісі және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмеген жағдайда);
11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына қорытындыны бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
Жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелуге қорытынды көрсетілген өзін-өзі қорғау қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.
Қару мен оның патрондарын әкетуге қорытынды беру үшін 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Қосымша:
1) алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;
2) осы қару тек бейбіт мақсаттарда пайдаланылатыны және басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі ұсынылады.
Қару мен оның патрондарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген тауарлардың импортына немесе экспортына лицензияда белгіленген мерзімге беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 110-1-тармақпен толықтырылды
110-1. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы қаулының талаптарын ескере отырып, ішкі істер органдарының қорытындылары негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 110-2-тармақпен толықтырылды
110-2. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу кезінде жеке тұлға - тасымалдаушы ішкі істер органына:
1) азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш берушінің мөрімен расталған және қолы қойылған өтініш берушінің атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелерін. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжат ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы және нөмірі көрсетіледі;
3) кеден органының «транзит» кедендік режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасын;
4) жеке тұлғаны (өтініш берушіні) растайтын құжаттың көшірмесін;
5) қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаты бар-жоғы туралы әкетуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;
6) қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсатының бар-жоғы туралы әкелуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисін ұсынады.
2), 3), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) тармақшада көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Үшінші тұлғалар азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары мен олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді осы қаулының 117-1-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 111-тармақ жаңа редакцияда
111. Қазақстан Республикасының азаматтарына кадастрға енгізілген атыс қаруын немесе газды қарудың бірден аспайтын бірлігін әкелуге қорытындыны ІІД өтініштің, атыс немесе газды қаруды сатып алу құқығына рұқсаттың көшірмесінің, қару Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін оған сертификаттауды жүргізуге арналған шарттың негізінде береді. Кадастрға енгізілмеген қаруға қарудың атауы және моделінің белгісі (патрондарының типі) және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, шығарған елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті қосымша ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 112-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 112-тармақ өзгертілді
112. Шетелдіктерге аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын, олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды әкелуге (әкетуге) қорытындыны аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті ішкі істер органы мынадай құжаттардың негізінде береді:
1) қолдаухат;
2) орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органымен келісілген аңшылық атыс және суық қару мен патрондардың санын әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға өтініш;
3) аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының көшірмесі;
4) аңшылық шаруашылығы ұйымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;
6) салық заңнамасына сәйкес аңшылық атыс қаруын және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды беру үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртектер;
7) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат.
Ескертпе. Шетелдіктер әкелген қару мен патрондарды әкету әкелуге қорытындыға және онда көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 113-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
113. Ұйымдарға республикадан атыс, газды, суық қару мен патрондарды әкетуге қорытындыны Қазақстан Республикасының ІІМ қару мен оқ-дәрілердің саны, әкетуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, жеке куәлігінің (паспортының) сериясы мен нөмірі, қару мен патрондар әкетілетін мемлекет, ол арқылы әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негізінде береді.
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 114-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 114-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына аңшылық және газды қарудың бірлі-жарым даналарын, оның патрондарын әкетуге қорытындыны шығу құжаттары көрсетілген жағдайда, ІІД аумақтық ішкі істер органының қаруды есептен шығару туралы белгісі бар өтініш негізінде береді.
Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды беру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік баж алынады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 115-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
115. Спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытындыны спортшыларға ІІД мынадай құжаттардың негізінде береді:
1) мүдделі спорт ұйымының қолдаухаты;
2) халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулар;
3) спортшыларға нақты қару түрін бекітіп беру туралы спорт ұйымы басшысының бұйрығы;
4) спортшыны іссапарға жіберу туралы спорт ұйымының басшысының тиісті бұйрығы;
5) қару мен оның патрондарын әкелу (әкету) құқығына қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 116-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
116. Қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытындының бланкілері реттік нөмірлер қойылып баспаханада дайындалады. Дайын бланкілер қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытынды беруді есепке алу кітабында тіркеледі.
117. Әкелiнетін (әкетілетiн) қарудың әр данасы кеден пунктінде тексерiледi. Ол туралы деректер әкелiнетiн (әкетiлетiн) қару мен патрондарды есепке алу журналына енгiзiледi және қорытылған мәліметтер ай сайын Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiне ұсынылады.
Ескерту. Әкелiнетiн (әкетiлетiн) патрондар туралы деректер журналға: жарақталған патрондар саны бойынша, ал оқ-дәрi - салмағы бойынша жазылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 117-1-тармақпен толықтырылды
117-1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы азаматтық және қызметтік қару мен патрондарды транзиттік тасымалдау кезінде тасымалдаушы - заңды тұлға ішкі істер органдарына:
1) азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрама) бөлшектерін, және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;
3) қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;
4) «транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасын;
5) қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген, тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімін, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны туралы мәліметтерді;
6) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжатты;
7) өнімді әкетуге арналған рұқсатының бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжатты;
8) өнім транзитіне байланысты өтініш иесі мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін;
10) өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуін растайтын құжатты және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;
11) егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжатты ұсынады.
2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 117-2-тармақпен толықтырылды
117-2. Осы Ереженің 117-1 тармағында көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қою туралы талаптарды сақтай отырып ұсынылады.
19. Шетелдiк құқық қорғау органдарының арнаулы қызметтерi мен әскерилендiрiлген ұйымдары қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
118. Жауынгерлiк және жедел қызметтiк мiндеттердi шешу үшiн жауынгерлiк қол атыс қаруы мен суық қарудың бірлі жарым даналарын Қазақстан Республикасынан әкетудi және Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы органдар) әскери қызметшiлерi және қызметкерлерi қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат пен әкетiлетiн (әкелiнетiн) қару жазылған iссапар куәлiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Аталған құжат iссапар куәлiгiнiң көшiрмесiмен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органына ұсынылады. Іссапар куәлiгiнiң көшiрмесiн кеден органының қызметкерi түпнұсқасымен салыстырғаннан кейiн нөмiрлiк мөр басу арқылы куәландырады және ол әкетiлетiн (әкелiнетiн) қарудың кедендiк ресiмделуiн жүзеге асырған кеден органының iсiнде қалады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
119. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2013.14.11. № 1231 Қаулысымен 121-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
121. Жазбаша қорытынды және оның көшірмесін қабылдаушы тараптың өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынады және кеден және шекара органының қызметкері мөр басу арқылы куәландырады, жазбаша қорытындының көшірмесі әкелінетін қаруды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден және шекара органының ісінде қалады.
Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде кеден және шекара органы растаған жазбаша қорытындының түпнұсқасы қаруды әкету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынылады және оның ісінде қалады.
Ескертпе: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада қару мен оның патрондарын әкелу және/немесе әкету жағдайында ресімдеу тек қана шекара органында жүргізіледі.
122. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
123. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану тәртібін бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдары мен олардың бөлiмшелерi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 20-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі
124. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес ішкі істер органы берген рұқсаттар бойынша ашады.
125. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қарамағында атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділері бар ұйым басшысының қолы қойылған ашуға рұқсат беру туралы қолдаухат;
2) мыналарды: толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты); денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды ұстауға қарсы көрсетілімдер жоқтығы туралы медициналық қорытындыларды; соттылығының жоқтығы және қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамаларды қоса бере отырып, атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің жұмыс істеуі үшін жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдар (әкімші, нұсқаушы) туралы мәліметтер;
3) заңды тұлға үшін - жарғының және ұйымының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлға үшін — Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
5) жеке кәсіпкер үшін - жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;
6) заңды тұлғаның салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі;
7) мыналардың схемасын қоса отырып, меншік нысаны көрсетілген өндірістік-техникалық база жоспарының көшірмесі:
ашық атыс тирлері (атыс орындары) үшін аумақтар;
мамандандырылған ғимараттардың орналасуы (атыс тирлері, (атыс орындары), стенділер үшін);
қысқаша, оның ішінде техникалық нығайтылуы, күзет және өрт сигнализациясының бар-жоғы, өткізу режимі, қару мен оның патрондарын сақтау шарттары туралы түсіндірме жазбасымен үй-жайдың орналастырылуы.
Заңды тұлғалар үшін - құжаттардың көшірмелері ұйымының мөрімен және ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталады.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін құжат көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
126. Рұқсатты ішкі істер органдарының қызметкері:
1) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болмаған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік он бес күн;
2) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік отыз күн ішінде береді (бас тартады).
127. Рұқсат беруден:
1) егер осы Ереженің 125-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса;
2) сақтау орындары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.
128. Егер осы Ереженің талаптарына сәйкес өтініш иесі дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда, берілген рұқсат заңнамада белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.
129. Атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің мекенжайы, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде ұйым басшы атыс тирін (атыс орнын) және стендіні ашуға рұқсат берген ішкі істер органына бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
130. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері мен стенділерін, айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары сақталған жағдайда ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша ашады:
1) шағын калибрлі қарудан атуға арналған ашық тирлерді елді мекендерге 2 шақырымнан жақын қашықтықта, ал ірі калибрлі қарудан атуға арналған тирлерді 6 шақырымнан жақын қашықтықта жабдықтауға тыйым салынады.
Жартылай ашық тирлерді қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде орналастыруға тыйым салынады;
2) атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғыларының сипатына қарай нысана ату спортына арналған құрылыстардың бірнеше үлгілері белгіленген: ашық тирлер (атыс орындары) оқ қабылдағыштары және бүйірінде топырақ үйінділері мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасады, бірнеше ашық тирлер тұратын атыс алаңдары-кешендері; көлденең және бүйірінен ұстап қалатын қалқандар көзделмеген оқ өтпейтін қабырғалары мен төбесі бар жабылған (жабық) тирлер; оқ өтпейтін қабырғалары, төбесінде көлденең ұстап қалатын қалқаны бар жартылай ашық тирлер.
131. Тир (атыс орындары) мен стендінің пайдаланылу жарамдылығы ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері жасаған актілерде айқындалады.
132. Атыс қаруы мен оның патрондарын Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, аудандарға бөлінетін ірі өнеркәсіпті қалаларда орналасқан спорт қоғамдарының қарамағындағы спорттық-атыс клубтарындағы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тирлердегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылған жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған күзет пультіне тартылған немесе орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған бірнеше шепті күзету белгі беру құралдары бар, жұмыс уақытында белгі беру құралдары ажыратылған кезде қарулы күзет қойылатын және әкімшілік қатаң өткізу режимі жүзеге асырылатын, осы Ереженің 7, 8 және 9-тармақтарының талаптарына сай келетін арнайы жабдықталған қоймаларында сақтауға жол беріледі. Тир үй-жайының күзеті ондағы қарудың сақталуын қамтамасыз ету, атыс қаруын иелену мақсатындағы шабуылға тойтарыс беру үшін қойылады және қызметтік қарумен (тапаншалармен немесе револьверлермен) қаруланады.