5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер жинау және құжаттық растау
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.
2-тармақ ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.
Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:
1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, - ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, бөлiнген байланыс арналары арқылы операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен;
2) ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар, - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, - операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.
3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.
4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.
11-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарды;
осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесін;
күдікті операцияларды айқындау критерийлерін;
өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін;
өз клиенттерін тиісінше тексеру шараларын;
корреспондент банктермен корреспонденттік қатынастар орнататын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шараларын;
осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздерін;
осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ету жөніндегі шараларды;
қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге де ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шараларды;
қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарын тағайындауға, олардың біліктілігіне және оларды даярлауға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
4. Осы Заңның 5-бабында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттарын, сондай-ақ жеке басын сәйкестендіруге қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы мониторингі субъектілері клиенттермен қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олардың жасайтын операциялары туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруі туралы хабарлауға құқылы емес.
6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынуы қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
7. Ақпаратты уәкілетті органға осы Заңға сәйкес ұсынған жағдайда қаржы мониторингінің субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
12-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі
1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
2. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізбесін жібереді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың уәкілетті органға беретін ақпаратына сәйкес жаңартылып отырады.
4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
1) оның террористік қызметті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруымен байланысты ұйымды тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік іс-әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
3) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңы (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке тұлғаны экстремизм белгілері бар қылмысты не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233 - 233-3-баптарында көзделген қылмысты жасауға айыпты деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік қызметті жүзеге асырушы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын тізімдері негіз болып табылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау оларды көрсетілген тізбеге енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың әрекеті тоқтатылғаны туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
Екінші бөлік ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне уәкілетті органның ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізгені туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, салық және (немесе) кеден органдарының инкассолық өкімдері, салық және (немесе) кеден органдарының иелік ету шектелген мүлікті өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтата тұру фактілері туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алып, егер ақпарат алынған кезде ол әлі жасалмаған болса, мұндай операцияны тоқтата тұруға құқылы.
Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.
4. Қаржы мониторингінің субъектісі ақпарат хабарланған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімін алмаған жағдайда, аталған операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарламаны алған кезден бастап сегіз сағат iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.
Тиісті құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар ақпарат алған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімін алған кезден бастап оны үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту, сондай-ақ оларды тоқтата тұру тиiстi шарттардың (мiндеттемелердiң) талаптарын бұзғаны үшiн қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негiздер болып табылмайды.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру осындай тоқтата тұру салдарынан келтірілген залал, оның ішінде жіберіп алған пайда үшін уәкілетті органның азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
14-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
14-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын, сондай-ақ ішкі бақылауды ұйымдастыруын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3-тарау. Уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері
Уәкілетті органның міндеттері:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) - 5) тармақшалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық деректер базасын жүргізу;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру болып табылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Уәкілетті органның функциялары
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті орган:
1) осы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
2) алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жібереді;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға жіберу үшін өз құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді;