Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің
және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын
қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштері Бас штабының бастығы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің
тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі мәніне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қарау;
2) зерттеулер тақырыптарының қайталануына жол бермеу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулердің тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулер жүргізу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) Комиссия мүшелерінің отырыстарында Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгілейді.
10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
11. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан болса, заңды деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссияның мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.