Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Жарқынбаев Жасер Әзімханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары, |
Өмірзақова Сәуле Қабыкенқызы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры, хатшы, |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, |
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, |
Оразов Нұрай Нұрғожаұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі, |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, |
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, |
Әбді Нұрлан Әбітқанұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы, |
Алдаберген Алина Өтемісқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары, |
Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, |
Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары, |
Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өнірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, |
Шоманов Асқар Жұмабайұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары; |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің
тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі мәніне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қарау;
2) зерттеулер тақырыптарының қайталануына жол бермеу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулердің тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулер жүргізу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) Комиссия мүшелерінің отырыстарында Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгілейді.
10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
11. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан болса, заңды деп саналады.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тіркелуі тиіс.
Комиссия шешімдері оған міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссия қабылдайтын шешімдер ұсынымдық сипатта болады. Шешімдердің орындалуын Комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді және бақылайды.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.