Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1139 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1139 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-112-жолмен толықтырылсын:
«21-112 «ҚазАвиаЛизинг» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-22-жолмен толықтырылсын:
«160-22 «ҚазАвиаЛизинг» АҚ».
3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақта 8), 9) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
«13) «ҚазАвиаЛизинг» АҚ».
4. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 937 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 435-құжат):
3-тармақта:
«акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін» деген сөздер «акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және «ҚазАвиаЛизинг» деген сөздер алынып тасталсын.