1. Мекемелер бастықтарының немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдардың осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға құқығы бар.
2. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар:
1) алғыс жариялау;
2) тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
3) мекеме бастығының орынбасары кәмелетке толмаған адамға бұрын қолданған жазаны мерзімінен бұрын алу.
3. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар:
1) ескерту;
2) сөгiс.
134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары
1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға:
1) күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейілдеуге рұқсат етіледі;
2) кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, камерада темекі шегуге, сондай-ақ жатын орынды күндізгі уақытта пайдалануға тыйым салынады.
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларының 104-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 60-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
2. Жазалау тәртiбiмен жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандардың:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жазасын өтеу кезеңінде тапқан қаражатынан төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
2) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқығы бар.
3. Тәртіптік изоляторға жабылған немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан жеке жұмыс iстейдi.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты - 2022 ж. 1 шілдеден, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.
22-тарау. ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
135-бап. Орташа қауіпсіз мекемелер
1. Орташа қауіпсіз мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудiң қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жаза мерзімінің кемінде алты айын өтегеннен кейін, еңбекке адал қараған кезде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңiлдетiлгеніне ауыстырылады.
3. Дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты, кемiнде үш ай жеңiлдетiлген жағдайларда болған сотталғандар мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін бір жыл қалғанда жеңiлдiктi жағдайларға ауыстырылады.
4. Жазасын дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
Жазасын жеңiлдетiлген немесе жеңiлдiктi жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
5. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде кемінде алты ай өткен соң жүргiзiледi.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылысынан жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
7. Басқа орташа қауіпсіз мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты алты айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде алты қысқа мерзiмдi және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде он екі қысқа мерзімді және он екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.
137-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер
1. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң және жеңiлдетiлген жағдайларынан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2. Жаза мерзімінің кемінде тоғыз айын дағдылы жағдайларда өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.
3. Жеңілдетілген жағдайларда кемінде үш ай болған, дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін тоғыз ай қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.
4. Дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда жазасын өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
Жазасын жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзушылар деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты ай өткен соң жүргізіледі.
6. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылысынан жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
7. Қауіпсіздігі барынша жоғары басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
138-бап. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді және төрт ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 139-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар камераларға орналастырылады.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы камераларда ұстау талаптары ескеріле отырып ұйымдастырылады.
2. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерге келгеннен кейін барлық сотталғандар жазасын өтеудің дағдылы жағдайларына орналастырылады.
3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған және жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылады.
Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
4. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалар болмаған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі.
Жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру бірінші дәрежедегі оң мінез-құлқы болған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі.
5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың төртінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Сотталғандардың ұзақтығы мынадай:
1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында - бір сағат;
2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында - бір жарым сағат;
3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында - екі сағат күнделікті серуендеуге құқығы бар.
2. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.
141-бап. 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
142-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер
1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер:
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді.
2. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтейдi.
3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңiлдетiлген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар еңбекке адал қараған кезде жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады. Бұл ретте ауыстыру дәрежесі бірінші оң мінез-құлыққа ие болған күннен бастап дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде үш айын, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 7, 8, 9, 12, 13 және 15-тарауларында көзделген қылмыстар бойынша сотталғандар үшін бір жылын өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
5. Жазасын дағдылы немесе жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады.
Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін қолданыста екіден көп жазалауы бар сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалауы болмаған кезде алты айдан кейін жүргiзiледi.
7. Жазаны өтеудiң қатаң жағдайларынан дағдылысына немесе дағдылы жағдайынан жеңiлдетiлгеніне қайта ауыстыру осы бапта айқындалатын тәртiппен жүргiзiледi.
8. Қауіпсіздігі барынша төмен басқа мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейiн айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейдi.
9. Қауіпсіздігі барынша төмен бір мекемеде сотталған ерлер мен сотталған әйелдер ұсталуы мүмкін.
10. 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
143-бап. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар күзетсiз, бiрақ мекеме әкiмшiлiгiнiң бақылауымен және қадағалауымен ұсталады.
2. Сотталған адамға мекеме әкімшілігі оның жеке басын растайтын белгіленген нысандағы құжат береді. Сотталған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке iстерiнде сақталады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сотталғандардың:
1) мобильді байланыс құралдарын;
2) компьютерлік жабдықты, аудио-, фото- және бейнежазу функциялары бар құралдарды;
3) атыс қаруын және суық қаруды;
4) жарылу қаупі бар және жарылғыш заттарды;
5) есірткі немесе психотроптық заттарды;
6) әскери үлгідегі киімді;
7) алкогольдік ішімдіктердің барлық түрін;
8) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды қоспағанда, нәрселер мен заттарды мекеменің аумағына әкелуіне, пайдалануына және сақтауына рұқсат етіледі.
4. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме аумағының шегiнде еркiн жүрiп-тұруға;
2) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, егер бұл олардың орындайтын жұмысының сипаты бойынша, оқуына байланысты, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу, моншаға немесе шаштаразға бару үшін қажет болса, мекемеге iргелес жатқан аумақтың шекарасы шегiнде айына төрт рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;
3) азаматтық киiм киiп жүруге;
4) өзiмен бірге ақша мен бағалы заттар алып жүруге;
5) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
6) ай сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сотталғандар:
1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;
2) мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға құқылы. Бұл ретте, олар мекеме бастығының қаулысымен белгiленген күндері айына төрт рет мекемеге тiркелу үшін келіп тұруға және сағат жиырма бірден жетіге дейін тұрғылықты жерінде болуға мiндеттi. Мекемелер әкiмшiлiгi сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытында баруға құқылы.
Мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңда өз отбасымен тұруға рұқсат беру не одан бас тарту, сондай-ақ осы құқықты ұзарту не оның күшін жою мекеме бастығының не мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес оны алмастыратын адамның қаулысымен ресімделеді. Қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
6. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) мекеменiң iшкi тәртiптеме қағидаларымен ұйықтауға бөлiнген уақыттан басқа кезде, мекеме әкімшілігінің рұқсатымен мекеме аумағының шегiнде жүрiп-тұруға;
2) азаматтық киiм киiп жүруге;
3) ақшаны шектеусіз пайдалануға;
4) мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен, егер бұл бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін қажет болса, мекемеге iргелес аумақтың шекарасы шегiнде айына бір рет сағат тоғыздан он сегізге дейін қадағалаусыз жүрiп-тұруға;
5) тоқсан сайын бір қысқа мерзімді және алты айда бір рет ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
7. Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа ауыстыруды қоспағанда, сотталғандардың еңбегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi. Еңбек шартын жасасуды, оны тоқтатуды және сотталған адамды басқа жұмысқа ауыстыруды мекеме әкiмшiлiгiн хабардар ете отырып, жұмыс берушi жүзеге асырады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мекеме әкiмшiлiгi сотталғандарды мекеменiң кәсiпорнына не мұндай мүмкiндiк болмаған кезде, мекеме шегінен тыс жерде, бірақ ол орналасқан тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегiнде орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемесіне, аумақтық органына не қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органына, оларды тиiсінше бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету шартымен сотталғандарға тұру құқығы беріліп, мекеме әкiмшiлiгi мен жұмыс берушi арасындағы шарттардың негiзiнде жұмысқа орналастырады.
Сотталғандар мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы шарттар негізінде, тұру құқығынсыз, мекеме орналасқан тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегіндегі өзге де ұйымдарда жұмысқа орналастырылуы мүмкін.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде тұру құқығы дәрежесі теріс мінез-құлықты сотталғандарға берілмейді.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Мекеме әкiмшiлiгi:
1) қылмыстық-атқару жүйесiнің жоғары тұрған органдарының жазбаша нұсқауы бойынша;
2) оны босату кезiнде;
3) төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген кезде;
4) сотталған адам жазаны өтеу тәртiбiн бұзған жағдайда;
5) жұмыс берушi шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда;
6) мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілген кезде сотталған адамды жұмысқа орналастырылған ұйымнан кері шақыртып алуға мiндеттi.
Осы бөліктің 3) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде қалдырылуы мүмкін.
10. Сотталғандарға мекеме орналасқан тиiстi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағының шегiнде орналасқан жоғары және орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарында сырттай, оның ішінде мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде қашықтықтан оқуға рұқсат етiледi.
144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 212-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Толық қауіпсіз мекемелерде жаза мерзiмiнiң бір бөлiгiн толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар ұсталады.
Сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде осы Кодекстiң 89-бабында көрсетiлген негiздер бойынша да ұсталуы мүмкiн.
2. Толық қауіпсіз мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгiленедi.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығын айыруға сотталғандар мен қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.