56-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса − іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;».
49-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
49. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;».
50. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат, № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
50-тармағының 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 4), 5) және 6) тармақшаларындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармағының 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 2-тармағындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;
10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
11) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;»;
50-тармағының 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 33-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметкерге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін уәкілетті басшының қарамағында болу;»;
6) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында толық алты айға дейін болған кезде, қызметкердің бар тәжірибесі мен білімін пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ ұсынылған лауазымнан бір рет бас тартқан кезде;»;
7) 51-баптың 14-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы;»;
50-тармағының 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 52-баптың 1-тармағындағы, 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 68-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайларда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде тәртiптiк терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, жазалау қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болғанда, үш айдан кешіктірілмей қолданылады.»;
50-тармағының 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) 78-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «Президенті Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен, 10-тармағындағы «Республикасының Президенті Күзет» деген сөздер «Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
51. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер өзге тәсілдермен және құралдармен қылмыскердің қарсылығын еңсеру, ұстау немесе қаруын алу мүмкін болмаса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қарулы қарсылық көрсететін не ауыр, аса ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қаруланған адамды ұстап алу;»;
«6) өздеріне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған адамдардың күзеттен қашуының жолын кесу, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, сондай-ақ оларды күштеп босатуға жасалған әрекеттердің жолын кесу;»;
2) 21-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда - қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;»;
3) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы;»;
4) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) қызметке кіргенге дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке кіргенге дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстенің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
5) 51-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;».
52. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат):
6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген жағдайларда, жүргізушінің куәлігі, әскери билет және туу туралы акті жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылуы мүмкін.».
53-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
53. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат):
25-баптың 6-тармағындағы, 54-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацындағы «Президентінің Күзет» деген сөздер «Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын.
54-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
54. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 44-құжат):
1-баптың 13-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 5-баптың бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
7-2) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу;»;».
55. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат):
1) 5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;»;
2) 11-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;».
2-бап.
1. Осы Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1, 3, 4, 5-тармақтарын, 11-тармағының 4) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші, үшінші және он екінші абзацтарын, 13, 14, 22, 24, 35-тармақтарын, 36-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 44, 47, 49-тармақтарын, 50-тармағының 1), 2), 4), 8) және 10) тармақшаларын, 53, 54-тармақтарын қоспағанда, осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 4-і.
№ 233-V ҚРЗ