2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін.»;
«Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі.»;
11) 14-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.»;
үшінші бөліктегі «қызметінің» деген сөз «қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері осы Заңда және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 15 - 19, 22, 24, 29 - 37-баптарында, 5, 6 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар;
2) ерікті негізде келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;
3) запастан шақырылған әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.
Азаматтарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.»;
13) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы»;
баптың мәтіні бойынша «қызметкерлері», «қызметкерлеріне», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерін», «қызметкері» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілері», «, әскери қызметшілеріне», «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілерін», «, әскери қызметшісі» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «Қызметкерлердің, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 18-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары»;
баптың мәтіні бойынша «қызметкерлері», «қызметкерлерінiң», «қызметкерлерін» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілері», «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «қылмыстарды, әкiмшiлiк» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «құқық бұзған немесе қылмыстар» деген сөздер «құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«қылмыстарды болғызбау,» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қудалаумен ұстау үшiн» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау және ұстау үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «қылмыстардың» деген сөз «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың» деген сөздермен, «қылмыс жасаудағы күдiктілерді» деген сөздер «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілгендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi»;
екінші бөлік «қызметкерінің» деген сөзден кейін «, әскери қызметшісінің» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.»;
2) 4-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;»;
3) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкін.»;
4) 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келiсiмiнсiз өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.»;
5) 11-баптың 4-2) тармақшасындағы «, анықтау мен тергеудi» деген сөздер «және жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жедел-iздестiру қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;»;
7) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қарамағында қадағалау салалары бойынша орынбасарлар, аға прокурорлар және прокурорлар болады.»;
8) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңның бұзылу сипатына қарай прокурор қылмыстық іс бойынша, тәртіптік іс жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы қаулылар шығарады.»;
9) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор:»;
3), 5-1) және 5-4) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
4) азаматтардың Конституциямен және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қозғайтын жедел-iздестiру іс-шаралары мен тергеу әрекетiн, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көрсетiлген әрекеттердi жасауға санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкцияны сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қою арқылы ресiмдейдi.»;
10) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Нұсқау
1. Прокурор:
1) қылмыстық iстердi тергеп-тексеруге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына;
2) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдарға;
3) заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.
2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, жасырын тергеу әрекеттері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк сипаттағы нұсқауы барлық тергеу және анықтау органдарының, жедел iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін мiндеттi.»;
11) 29-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сотқа дейінгі тергеуді бастайды не қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізу үшін қылмыстық қудалау органына береді;»;
3) тармақшадағы «қылмысты iс қозғау, тәртіптік іс жүргізу немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу» деген сөздер «тәртіптік іс жүргізуді немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қозғау туралы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 35 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Прокурордың жедел-iздестiру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi
Жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде ынтымақтасатын немесе ынтымақтасқан құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәлiметтерден басқа, жедел-iздестiру қызметiнiң тоқтатылған және іс жүргiзуінде жатқан iстерiн, қылмыстық істерді, жедел-iздестiру қызметiнiң және жасырын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
3) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
4) Конституцияға, заңдарға және Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметін және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыруды және өткiзу тактикасын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді;
5) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде заңның, адам және азамат құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, өзiнiң қаулысымен жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
6) жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды немесе тәртiптiк iс жүргізуді қозғайды;
7) жедел-iздестiру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
8) заңсыз ұстап алынған адамдарды босатады;
9) қажет болған кезде заң бұзушылықты жою мақсатында жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынысты органдарда тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) заңнамада белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзуге санкция бередi.»;
«38-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қылмыстық істерді, қылмыстық құқық бұзушылықтар, жедел-іздестіру қызметі, жасырын тергеу әрекеттері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді тексеру үшін алады;
2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын тексереді;
3) қылмыстық қудалау органының күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды немесе үйқамаққа алуды санкциялау туралы өтінішхатын тергеу судьясы алдында қолдайды не қолдаудан бас тартады, кепілді қолдануды санкциялайды;
4) қажет болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды және жүргізеді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу туралы нұсқаулар береді;
5) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;
6) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеп-тексерудің заңсыз әдістеріне жол берілсе, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қояды;
7) сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық болмаған, сондай-ақ заңдылықтың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайларда, қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеруге қайтарады не оны толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
8) айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
9) қажет болған жағдайда заңның бұзылуын жою, қылмыстық құқық бұзушылықтардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсатында тергеу бөлімшелері мен анықтау органдарының басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етеді;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары басшыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымдарды қарайды;
11) бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдарды күзетпен ұстаудың заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
12) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2. Прокурордың өз құзыреті шегіндегі нұсқаулары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үшін міндетті.»;
13) 41-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігін тексеруге;»;
14) 44-баптың 1), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адамның құқықтары, күзетпен ұсталатындар мен сотталғандарға ізгілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен халықаралық шарттарының дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын талап етуге;»;
«4) ұстап алынғандардан, күзетпен ұсталатындардан, сотталғандардан және мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылатын адамдардан жауап алуға;
5) адамдарды ұстап алуға, күзетпен ұстауға, олардың жазасын өтеуіне, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралар қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;»;
15) 46 және 47-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Қылмыстық қудалау жөніндегі өкілеттіктер
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға, оны анықтау немесе тергеу органына тергеп-тексеру жүргізу үшін беруге не оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
2) тергеу, тергеу-жедел тобын басқарады, қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді;
3) тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысады;
4) заңда көзделген жағдайларда жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттері мен шешімдерін санкциялайды не оларға санкция беруден бас тартады;
5) қылмыстық қудалаудан иммунитеті мен артықшылықтары бар адамдарды ешкімнің тиіспеуінен айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
6) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады, жасалған процестік келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеруді ұйымдастыруға шаралар қолданады;
7) заңда көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтатады;
8) қылмыстық істі сотқа жібереді;
9) заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
47-бап. Істі сотқа жіберу
1. Прокурор айыптау актісімен не қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде, анықтау мен тергеу органдарының заңнама талаптарын сақтауын және істі сотқа жіберу үшін негіздердің жеткілікті екендігін тексеруге міндетті.
2. Қылмыстық істің сотта қаралуына жеткілікті негіздер болған кезде прокурор айыптау актісін не қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және істі сотқа жібереді.
3. Істі сотқа жіберген кезде прокурор:
1) заңда көзделген негіздер бойынша, қылмыстық істің бір бөлігін, оның ішінде адамға қатысты тоқтатуға;
2) айыптау актісінен жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, сондай-ақ онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға;
3) бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге немесе оның күшін жоюға;
4) заңда белгіленген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.».
16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады;».
17. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
118-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылуы нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған, заңсыз сотталу салдарынан тұрғынжайынан айырылған адамдарға бұрынғы тұрғынжайын қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғынжай беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;».
18. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот приставы лауазымына бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар тағайындала алмайды.».
19. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат;¸ 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мынадай:
қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;
адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.»;
2) 12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
3) 14-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.».
20. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат, № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):