«23) штаттағы жасырын қызметкер - лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның жұмыскері;»;
2) 2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;»;
3) 5-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.
Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.»;
11-тармағының 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
5) 7-баптың б) және д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;»;
«д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.»;
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:
1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;
5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдармен келісу бойынша тартуға;
8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына - олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіруге;
9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе) тергелуі бойынша беруге құқығы бар.»;
7) 10-баптың 1-тармағының а) және в-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«а) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының болуы;»;
«в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;»;
8) 11-бапта:
2-тармақта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
9) 12-бапта:
11-тармағының 9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
1) егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа да сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпаратты алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу және ақпараттың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеу мақсатында;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көзделген қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тексерілетін адамдарға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында тізбеленген барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күштер мен қаражаттар бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
11-тармағының 9) тармақшасының он екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.»;
10) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;».
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-5-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ адамның іс-әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iсті тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.».
13-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
13. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
16-баптың 1-тармағының бесінші абзацындағы «Республикалық ұланының» деген сөздер «Мемлекеттік күзет қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
14-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
14. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы»1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы»;
2) Заңның бүкіл мәтіні бойынша «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет», «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет», «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет», «Президент Күзет» және «Президенттiң Күзет» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының, жалауының, рәмізінің және айырым белгілерінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
«2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.»;
4) 3-баптың бірінші бөлігі «құрметтеу» деген сөзден кейін «, дара басшылық» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 8-баптың 1), 2), 3) 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қолсұғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу; бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегiнде оларды жою үшiн шаралар қолдану;
2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйде не денсаулығы мен өмiрiне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету. Күзетiлетiн адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге өз құзыреті шегінде қатысу;
3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі мәлiмдеулердi, хабарларды және келiп түсетін өзге де ақпаратты қабылдап алу, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен iздестiруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;»;
«8) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ оның ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру. Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалады;»;
6) 9-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарды (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеру, олардың алып жүрген заттарын жете тексеру, көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды, оның ішінде техникалық құралдар қолданыла отырып жете тексеру жүргізу. Күзетілетін объектілерге заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу. Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;»;
«10-1) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;»;
13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа да мемлекеттік органдарының» деген сөздер «ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-бапта:
баптың тақырыбы мен мәтіні бойынша «атыс қаруы», «атыс қаруын» деген сөздер тиісінше «қару», «қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметшiлердiң» деген сөз «қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен ауыстырылып, «қызметкері», «қызметкерінiң», және «қызметкерлерінiң» деген сөздерден кейін тиісінше «және әскери қызметшісі», «(әскери қызметшісінің)», «және (немесе) әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 11-бапта:
«қызметкерлерiнiң» деген сөзден кейін «және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты тыйып тастау» деген сөздер «қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 12-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «қызметкерлерiнiң» деген сөзден кейін «және әскери қызметшілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
«қызметкерлерiне» деген сөзден кейін «, әскери қызметшілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы Қызмет» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «қызметкерінiң» деген сөзден кейін «және (немесе) әскери қызметшісінің» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 13-бапта:
баптың тақырыбында және мәтіні бойынша «Атыс қаруын», «атыс қаруы», «атыс қаруын» деген сөздер тиісінше «Қаруды», «қару», «қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметкерлерiнiң», «қызметкерлерiне», «қызметкерінiң», «қызметкерлерi» деген сөздерден кейін тиісінше «, әскери қызметшілерінің», «, әскери қызметшілеріне», «, әскери қызметшісінің», «, әскери қызметшілері» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы «қылмыс» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:
1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;