12. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген сот актілеріне осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған апелляциялық тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалуы мүмкін.
13. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген, шағым жасалмаған сот актілері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен заңды күшіне енеді.
14. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралған қылмыстық істер бойынша немесе қаралуы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін аяқталмаған істер бойынша апелляциялық және кассациялық шағымдар, сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен беріледі және қаралады.
15. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін тиісті прокурорларға ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қаралады және сотқа беріледі.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін сотқа ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды, сондай-ақ ол қолданысқа енгізілгеннен кейін осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес прокурорлар ұсынған өтінішхаттарды тиісті соттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 16-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
16. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық білдірілуі мүмкін.
Осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
73-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
674-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы
1. Осы Кодекс, 673-баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, қолданысқа енгізілуі үшін өзгеше мерзімдер белгіленген ережелерді қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мына заңнамалық актілердің:
1) 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 336-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 15-16, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 4-і.
№ 231-V ҚРЗ