Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту үшін ғылым, білім, өндіріс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшін ғарыш құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) ғарыш қызметін дамыту үшін «Байқоңыр» кешенін, мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресі мен ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін ғарыш саласындағы ғылым жетістіктерін және жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеңестің функциялары:
1) ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) ғарыш қызметі саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру және космонавтика жетістіктерін насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін ғарыштық аспап құрастыруда тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиімді бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) әлеуетті құрылымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ғарыш жүйелерін құру және қолдану бойынша өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу;
7) ғарыш жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) ғарыш технологияларын енгізу және ғарыш аппараттарын оңтайлы жүктеу жөнінде шаралар әзірлеу.
5. Кеңестiң:
ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттік органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Кеңестің құрамына Кеңес төрағасының орынбасары, хатшы және Кеңес мүшелері кіреді.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.08. № 794 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжілісiнiң күн тәртібі бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi.
Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Әділет, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер, Көлік және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің, Ұлттық ғарыш агенттігінің бірінші басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрліктерінің бірінші басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары кіреді.
8. Кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Әрбiр екi жылда Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi жаңартылып отырады.
Кеңестiң отырысы, егер оған Кеңестiң бекітілген тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi қатысса заңды болады. Шешiмдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.08.07. № 779 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі
кеңестің құрамы
Ахметов Серік Нығметұлы | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Қазиев Бағлан Нұрланұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Имашев Берік Мәжитұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Божко Владимир Карпович | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы | - | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Рау Альберт Павлович | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі |
Әмірин Ғұсман Кәрімұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұртаев Ырзақұл Сәденұлы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі (келісім бойынша) |