Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту үшін ғылым, білім, өндіріс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшін ғарыш құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) ғарыш қызметін дамыту үшін «Байқоңыр» кешенін, мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресі мен ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін ғарыш саласындағы ғылым жетістіктерін және жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кеңестің функциялары:
1) ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) ғарыш қызметі саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру және космонавтика жетістіктерін насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін ғарыштық аспап құрастыруда тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиімді бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
5) «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) әлеуетті құрылымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ғарыш жүйелерін құру және қолдану бойынша өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу;
7) ғарыш жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) ғарыш технологияларын енгізу және ғарыш аппараттарын оңтайлы жүктеу жөнінде шаралар әзірлеу.
5. Кеңестiң:
ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттік органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады. Кеңестің құрамына Кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес хатшысы және мүшелері кіреді.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.08. № 794 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Кеңестің құрамына Ішкі істер, Сыртқы істер, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары, Әділет министрінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ғарыш қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (келісім бойынша), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы, сондай-ақ «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі (келісім бойынша) кіреді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi әрбiр екi жылда жаңартылып отырады.
Егер Кеңестің отырысына Кеңестің бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3-і қатысса, ол заңды болады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.08.07. № 779 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 794 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі
кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы
«Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі (келісім бойынша)