Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1024 Қаулысы
(2014.18.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші абзац «құрамына» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қосымша. ҚР Үкіметінің 2014.18.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)