Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және
2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1024 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші абзац «құрамына» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 қарашадағы
№ 1024 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1287 қаулысына
Қосымша
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар
кеңесінің құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Джеймс Пенни | - Darwin Strategy Consulting Ltd басқарушы директоры, Лондон, тәуелсіз директор |
Розинов Василий Самойлович | - «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры, тәуелсіз директор |
Тілеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы | - «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, тәуелсіз директор |