Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін
төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 Қаулысы
(2011.22.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 504-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 698 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 289-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 319-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 135 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.18.02. № 157 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.02. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жылдық ставкалары өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының
жылдық ставкалары
| Төлеушілер | Төлемақының жылдық ставкалары, % |
| Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары | 0,9816 |
| Ұялы байланыс операторлары | 0,9816 |