«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы
№ 1066 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 698 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 504-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі «2001 жылғы 12 шілдедегі» деген сөздер «2001 жылғы 12 маусымдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жылдық ставкаларында:
«Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары» деген бағандағы «1,724», «0,862» және «0,862» деген сандар «1,137», «0,568» және «0,568» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |