Бюджетке қатысты Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/17 шешіміндегі екі жылдық қайталанатын бюджеттер жүйесін қабылдауға және 1990 жылғы жалпы қайта қаралған бюджетті 3.400.000 АҚШ доллары көлемінде, 1991 жылға қайта қаралған бюджетті 2.423.000 АҚШ доллары көлемінде және 1992 жылғы жалпы бюджетті 2.225.000 АҚШ доллары көлемінде бекітуге қаулы етті.
Бюджеттік және қаржылық сұраныстар жөнінде Жақтардың үшінші Кеңесі III/21 шешімінде қаулы етеді:
а) барлық Жақтарға қордың 1990 қаржы жылғы шеңберінде жұмсалған шығындар жайында Монреаль Хаттамасы Мақсатты қорының тексерілген және бекітілген есептерін мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде тапсыру хатшылықтан сұралсын;
в) Уақытша хатшылықтың озон жөніндегі 1989 жылғы тексерілген және бекітілген есептерін Жақтарға тапсыру хатшылықтан сұралсын;
с) Жақтардың келесі Кеңесі басталғанға дейін өткен жылдардың тексерілген және бекітілген есептерін Жақтарға беру хатшылықтан сұралсын;
д) Бюроның ұсыныстарын орындауға орай жұмсалған шығындарды Жақтардың осы жылға бекіткен бюджетінің шеңберінде немесе осы шығындарды жабуға төлеу үшін бөлінген басқа қосымша жарна есебінен жабылуы тиіс екені атап өтілсін;
с) бекітілген бюджеттердің белгіленген мерзімге жататын мөлшерден артық есептеуінің маңызы атап көрсетілген;
I) Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасындағы баяндаманың II қосымшасы ретінде келтірілген жарна формуласы мен қызмет төңірегіне сәйкес барлық Жақтардың өздерінің төленбеген және барлық жарналарды толық көлемде тоқтаусыз төлеуі талапты түрде сұралсын.
14-БАП: ОСЫ ХАТТАМАНЫҢ КОНВЕНЦИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Осы Хаттамада, осы хаттама жайында басқа ереже болмағанда, Конвенцияның хаттамаларына қатысты ережелері қолданылады.
15-БАП: ҚОЛ ҚОЮ
Осы Хаттама мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдардың қол қоюы үшін Монреальды 1987 жылдың қыркүйегінен, Оттовада 1987 жылдың 17 қыркүйегінен, 1988 жылдың 16 қаңтарына дейін және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Нью-Йоркте 1988 жылдың 17 қаңтарынан 1988 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ашық. 33
16-БАП: КҮШІНЕ ЕНУІ
1. Осы Хаттама 1986 жылы реттелуші заттардың жалпы әлемдік тұтынуының бағасы үштен екі бөліктен кем болмаған мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдар Хаттаманы бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылуы жөнінде кем дегенде он бір құжат тапсырылуға берілген кезде және Конвенцияның 17-бабының 1-тармағының ережелерін орындағанда 1989 жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді.
_______________________________
32-сілтеменің аяғы:
о) 1992 жылғы ақырға бюджет 2.278.645 АҚШ доллары және 1993 жылғы 2.398.990 АҚШ доллары көлемінде бекітілсін.
33) Хаттамаға қол қойып, бекіткен немесе оған 1991 жылдың қыркүйегіне дейін қосылған (осы нұсқау - басшылықтың Ү қосымшасын қараңыз) мемлекеттердің және экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдардың тізімі бекітілсін.
Егер де осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, онда бұл Хаттама шарттар орындалған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді. 34
2. I-тармақтың мақсаттар үшін кез келген экономикалық интеграция жөніндегі ұйым сақтауға тапсырған кез келген құжат осы ұйымның мүшелері - мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша болып есептелмейді.
3. Осы Хаттама күшіне енгеннен соң кез келген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым оның бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу жөніндегі құжаттарды сақтауға тапсырған сәттен бастап тоқсан күннен соң осы Хаттаманың Жақтары болып табылады.
17-БАП: ХАТТАМА КҮШІНЕ ЕНГЕННЕН КЕЙІН ОҒАН ҚОСЫЛҒАН ЖАҚТАР
5 баптың ережесі ескіріп, кез келген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым осы Хаттама күшіне енген күннен бастап оның Жақтары болып табылатын 2 бап бойынша 35/ міндеттемелердің барлық кешенін дереу сақтайды, сол сияқты 2А - 2Е баптарымен 4 бап бойынша осы күнге сай хаттаманың күшіне енген күнге дейін Жақтарға қатысты жұмыс істейтін мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдарды міндеттемелерін бұлжытпай сақтайды.
______________________
34/ Жақтардың ішінде Кеңесі III/I в) шешімінде қазіргі кезде Хаттама Жақтарының екінші Кеңесінде қабылданған Түзетулерді тек екі мемлекет бекіткенін атап өтіп, Түзетулердің 1992 жылғы 1-қаңтарда күшіне ену үшін оны бекіткен, мақұлдаған және қабылдаған жиырма құжат керек екенін ескертіп осы Түзетулерді бекітуге шақырып, барлық мемлекеттерге үндеу салғанын атап өтті.
35/ 2, 2А және 2В баптары 1990 жылдың 29 маусымында Лонданда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде қабылданған II/I шешіміндегі түзетулерге сай.
18-БАП: ЖАҢЫЛЫС АЙТУ
Осы Хаттамаға жаңылыс айту мен түсініктер енгізуге тыйым салынады, рұқсат етілмейді.
19-БАП: ШЫҒУ
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Конвенцияның 19 бабының шығуға қатысты ережесі 5-баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа Жақтарға қатысты қолданылады. Кез келген осындай Жақ осы Хаттамадан 2 баптың 1-4 тармақтарында көрсетілген міндеттемелер қабылданған төрт жыл өткеннен соң кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабар беріп шыға алады. 36 Мұндай кез келген шығу депозитарий туралы хабар алған күннен кейін бір жыл өткен соң немесе шығу туралы хабарда керсетілген осындай мерзімнен соң күшіне енеді.
19-БАП: ШЫҒУ
Кез келген Жақ 2А баптың I-тармағында көрсетілген міндеттемелер қабылдаған соң төрт жыл өткеннен кейін кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабар беріп шыға алады: Мұндай кез келген Шығу Депозитарий шығу туралы хабар алған күннен кейінгі бір жылдық ішінде немесе шығу туралы хабарда көрсетілген сондай өткен мерзім ішінде күшіне енеді.
20-БАП: ТҮП НҰСҚАЛЫҚ ТЕКСТЕР
Осы хаттаманың түп нұсқасы ағылшын, араб, испан, қытай және орыс, француз тілдеріндегі текст нұсқаларымен бірдей болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі.
ОСЫЛАРДЫ КУӘЛАНДЫРЫП, ОЛ ҮШІН ТИІСТІ ӨКІЛДІГІ БАР ҚОЛ ҚОЮШЫЛАР, ОСЫ ХАТТАМАҒА ТӨМЕНДЕ ҚОЛ ҚОЯДЫ.
МОНРЕАЛЬДА БІР МЫҢ ТОҒЫЗ ЖҮЗ СЕКСЕН ЖЕТІНШІ ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕКТІҢ ОН АЛТЫНШЫ КҮНІ ЖАСАЛДЫ
______________________
37 Жақтардың екінші Кеңесі II/6 шешімінде 19 баптағы «міндеттемелер қабылданған соң төрт жыл өткеннен кейінгі кез келген уақытта» деген сөзді Жақтардың сақтауға қатысты міндеттемесі төрт жыл өткеннен соң кез келген уақытта күшіне енеді деп түсіну керек.
А Қосымшасы
РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР
___________________________________________________________________
Топтар Зат Озон бұзушылық қабілеті
I-топ | /ХФУ-11/ | 1,0 |
/ХФУ-12/ | 1,0 |
/ХФУ-113/ | 1,8 |
/ХФУ-114/ | 1,0 |
/ХФУ-115/ | 1,6 |
II-топ | /галон-1211/ | 3,0 |
/галон-1301/ | 10,0 |
| 38/ |
/галон-2402/ | 6,0 |
* Озон бұзушылық қабілетін көрсететін бұл өлшемдер бағалы сипаттамада алынған, бүгінгі күнгі қолда бар ғылыми ақпараттармен негізделген және мерзім сайын қайта қаралып, шолу жасалып отырылады.
________________________
38/ Жақтардың бірінші Кеңес І/9 шешімінде галон-2402 үшін озон бұзу қабілетін (ОБК) 6,0 көлеміндегі көрсеткішті қабылдауға, хатшылықтан Жақтар өздерінің бірінші Кеңесінде Консенсус негізінде осы көрсеткішті қабылдауға Депозитарийге хабар беріп, тиісінше Депозитарийден осы көрсеткішті Монреаль Хаттамасынынң А қосымшасындағы «әлі анықталмады» деген сөзді айырбастап ұсыныс сұрауға келісті.
В Қосымшасы
РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР
___________________________________________________________________
Топтар Зат Озон бұзу *
қабілеті
___________________________________________________________________
І-топ
/ХФУ-13/ 1,0
/ХФУ-111/ 1,0
/ХФУ-211/ 1,0
/ХФУ-212/ 1,0
/ХФУ-213/ 1,0
/ХФУ-215/ 1,0
/ХФУ-214/ 1,0
/ХФУ-216/ 1,0
/ХФУ-217/ 1,0
ІІ-топ
тетрахлорметан 1,1
ІІІ-топ
1,1,1-трихлорэтан
митилхлорофорум 0,1
___________________________________________________________________
* Бұл формула 1,1,2-трихлорэтанға қатысты емес.
С Қосымшасы
Ауыспалы заттар
Топтар Зат
I-топ /ГХФУ-21/
/ГХФУ-22/
/ГХФУ-31/
/ГХФУ-121/
/ГХФУ-122/
/ГХФУ-123/
/ГХФУ-124/
/ГХФУ-131/
/ГХФУ-132/
/ГХФУ-133/
/ГХФУ-141/
/ГХФУ-142/
/ГХФУ-151/
/ГХФУ-221/
/ГХФУ-222/
/ГХФУ-223/
/ГХФУ-224/
/ГХФУ-225/
/ГХФУ-226/
/ГХФУ-231/
/ГХФУ-232/
/ГХФУ-233/
/ГХФУ-234/
/ГХФУ-235/
/ГХФУ-241/
/ГХФУ-242/
/ГХФУ-243/
/ГХФУ-244/
/ГХФУ-251/
/ГХФУ-252/
/ГХФУ-253/
/ГХФУ-261/
/ГХФУ-262/
/ГХФУ-271/
Д ҚОСЫМШАСЫ*
А ҚОСЫМШАСЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР БАР
ӨНІМДЕРДІҢ ТІЗІМІ**
/4-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ДАЙЫНДАЛДЫ/
АЗЫҚТАР КЕДЕН ИНДЕКСІ
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
1. Жеңіл және жүк автомашиналарындағы кондиционерлер (олар автомобильде монтаждалған ба, әлде жоқ па, оған қарамастан), ___________________
2. Тұрмыстық және коммерциялық тоңазтқыш қондырғылары мен
кондиционерлер (жылу сорғыштары). *** _________________
мысалы, тоңазтқыштар ___________________________________
аяздатқыш камералар ____________________________________
ауа кептіргіштер _______________________________________
су салқындатқыш жабдықтар ______________________________
мұзгенераторлар ________________________________________
конденцаторлар және жылу сорғыштар _____________________
3. Аэрозоль өнімдері, медициналық аэрозольдардан басқа ___________________________________
4. Қолымен көтеретін өрт сөндіргңштер _____________________
5. Изоляциялық қалқандар, панельдер және құбырларды сырлап жабу ____________________________
6. Форполимерлер __________________________________________
* Бұл қосымша 1991 жылы 21 маусымда Найробиде өткен Жақтардың үшінші Кеңесінде Хаттаманың 4-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды.
** Олар жеке мүліктен немесе тұрмыстық аспаптармен немесе кеден қызметінің назарына түспейтін сондай біркелкі коммерциялық жағдайда емес контейнерлерде тасылған кезден басқа жағдайда.
*** Олар А қосымшасында аталған реттелуші заттар салқындатқыш немесе изоляциялық материалдар есебінде болған жағдайда ғана.
I-Толықтыру
ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХЕЛЬСИНКИ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
1989 жылғы 2 мамыр
Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасын Жақтардың бірінші Кеңестеріне қатысқан Үкіметтер мен Европалық қоғамдастықтар ғалымдар арасындағы қатаң реттеу шаралары қабылданбаса озон қабатының бұзылуы қазіргі және болашақ ұрпақтарға қауіп төндіреді деген кең келісімді пікірлерін еске ала отырып,
кейбір озон бұзатын заттар әлемдік жылуға әкеп соғатын қуатты болу жай газдар екенін түсіне отырып,
озон қабатын бұзатын заттардың айырбастауға экологиялық қолайлы заттарды, сондай-ақ технологияның тез және кеңінен өркендеуін еске алып және мұнда айырбастау технологияларды беруді, әсіресе дамытушы елдерге жеңілдету қажеттілігінің терең назар ала отырып,
бұған дейін әрекет жасамаған барлық мемлекеттерді озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына және оның Монреаль Хаттамасына қосылуға шақырылады.
Монреаль хаттамасы реттейтін ХФУ өндірісімен тұтынуды неғұрлым тез 2000-жылдан кешіктірмей кезек бойынша қысқартуға және осы мақсатта Монреаль хаттамасында келісілген кестені дамушы елдердің ерекше жағдайларын ескере отырып қатайтуға келісті.
Озонның бұзылуына едауір әсер ететін галондарды, тағы басқа озон бұзатын заттардың өндірісі мен қысқартылуы мүмкін болғанда оны кезеңмен жүргізуді қамтамасыз етуге келісті. Химиялық заттар мен өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржылары мен ресурстарына сай өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржыларын мен ресурстарына сай жүргізуге өздеріне міндеттеме алуға келісті.
Дамушы елдер үшін тиісті ғылыми ақпараттарға, зерттеулердің нәтижелеріне және кадрлар даярлауға қол жеткізулерін жеңілдетуге және дамушы елдер үшін ең аз шығынмен технологияларды беру және жабдықтарды айырбастауды жеңілдету үшін тиісті қаржыландыру механизмін жасауға ұмтылуға келісті.
Агенттік директоры | А. Шәмен |