Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі
монреаль хаттамасы
(Монреаль, 1987 жылғы 16 қыркүйекте)
ҚР 1997 жылғы 30 қазандағы № 176-I Заңымен Қазақстан Республикасы Монреаль Хаттамасына қосылды
КIРIСПЕ
1. 1985 жылы озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына, одан кейін 1987 жылы озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қою стратосферадағы озон қабатын қорғау ісіндегі әлемдік ынтымақтастықтың негізгі нүктесі болды. Вена конвенциясы Жақтары /Хельсинки, 1989 жылғы 26-28 сәуір мен Найроби, 1991 жылғы 17-19-маусым/ мен Монреаль хаттамасы Жақтары /Хельсинки, 1989 жылғы 2-5 мамыр, Лондон, 1990 жылғы 27-29 маусым және Найроби, 1991 жылғы 19-21 маусым/ өткізген Кеңес Конвенция мен Хаттаманың мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесуге шақырған маңызды шешімдерді қабылдаумен аяқталды. Монреаль хаттамасының 2-бабының 9-тармағында айтылған процедураға сай Лондондағы Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесі Хаттаманың А қосымшасында аталған реттелетін заттарды тұтыну мен өндіруді қысқартуды, сондай-ақ Вена конвенциясының 9-бабының 4-тармағында айтылған процедураға сәйкес хаттамаға едәуір түзетулер қабылдады.
2. Жақтар екінші Кеңесте қабылдаған өздерінің 11/7 шешімінде ЮНЕП-тің Орындаушы-директорына Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушы дайындауға ұсынды, онда оған енгізілген түзетулер хаттамасы мен Жақтардың түсіндіру жөніндегі шешімі болып, Жақтар Кеңесінің әрқайсысынан соң Басқарушы жаңартылып отырылады. Нұсқау-басшылықтың бірінші басылымы осы шешімге сәйкес дайындалып, 1991 жылдың 19-21 маусымында Найробиде өткен Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне тапсырылды. Жақтардың үшінші Кеңесі Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушылық жасауды аяқтау жөніндегі хатшылықтың күш-жігерін қуаттап, хатшылықтан оның келесі басылуын Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне (UNEP/OZ. Рzо. 3/Рzер 2/.Дайындаушы кеңес жасаған түсініктерді ескере отырып, редакциялық өңдеуден соң шығаруды өтінді және Конвенция мен Хаттама Жақтарының бәрінің арасында мүмкіндігінше тез, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілінде таратуды сұрады. Осы екінші басылым көрсетілген шешімге сәйкес дайындалды.
3. Монреаль хаттамасының 2-бабының 9-тармағына сай барлық Жақтар үшін түзетулер міндетті болып есептеледі және 1991 жылғы 7 наурызда күшіне енді. Басқарушыны олар курсивпен оларға назар аудару үшін бөле көрсетті және 1987 жылғы Хаттама тексінің орнына басылды. Түзетулермен алмастырылған 1987 жылғы Хаттаманың тексі берілген жоқ.
4. Хаттаманың түрлі баптарына түзетулер өзара байланысты болғандықтан кешенді Түзетулер ретінде Лондон кеңесінде қабылданған болатын. Бұл түзетулер хаттаманың Жақтары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекітіп, қабылдаған немесе қолдаған кемінде 20 құжатты сақтауға тапсырған жағдайда 1992 жылғы 1 қаңтарында күшіне енеді. Егер бұл шарт көрсетілген датаға орындалмаса, Түзетулер осы шарт орындалғаннан кейінгі тоқсаныншы күнде күшіне енеді. Басқарушының түзетілген бөліктері 1987 жылғы Монреаль хаттамасымен қатар майлы қара әріптермен басылды. Оны бекіткен мемлекеттер үшін түзетулердің күшке ену сәті күшін жоғалтқан 1987 жылғы хаттаманың сол бөліктері шаршы жақшалардың ішінде жазылған.
5. Хельсинки, Лондон мен Найробиде қабылданған Монреаль хаттамасы Жақтарының шешімдері тиісті баптарына сілтеме ретінде текске қосылды. Бұл шешімдер құқықтық нормалардың маңызды қосымша құралы болып табылады. Тек қана хаттама тиісті ережеге және жұмыс істеп тұрған процедура емлесіне сай қабылданған жағдайда Жақтар үшін бұл шешімдер міндетті болып есептеліп, Жақтардан бекітуін, қолдауын, қабылдауын немесе қосылуын талап ететін Хаттамаға енгізілген түзетулерден басқалары. Монреаль хаттамасы мен Вена Конвенциясының өзара байланысы тығыз болғандықтан Хельсинки мен Найробиде қабылданған Вена конвенциясының Жақтары Конференциясының шешімдері Басқарушыға қосымша ретінде қосылды.
6. Осы Басқарушылық пайдалы болды деуге негіз бар. Ол Жақтардың әрбір Кеңесі өткен сон қажетінше жаңартылып отырады. Басқарушылықтың мазмұны мен түрін жақсарту жөніндегі кез-келген ұсыныстар қошаметпен қарсы алынады.
1990 ЖЫЛЫ 27-29 МАУСЫМДА ЛОНДОНДА ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ ЕКІНШІ КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ ҚОСА ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ ЖӘНЕ 1991 ЖЫЛҒЫ 19-21 МАУСЫМДА НАЙРОБИДЕ ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ ҮШІНШІ КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН
ҚОСЫМША ӨЗГЕРІСТЕР
Осы Хаттама Жақтары
Вена конвенциясының озон қабатын қорғау жөніндегі Жақтары бола тұра,
озон қабатын өзгертетін немесе өзгертуге мүмкін адамның іс әрекетінің нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін жағымсыз салдардан айналадағы қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау үшін өзінің Конвенцияға сай тиісті шараларды қабылдау жөніндегі міндеттемесін есте ұстай отырып,
айналадағы қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін жағымсыз зардабы қауіпті кейбір озон бұзатын заттардың дүние жүзі көлеміндегі шығуы озон қабатын едәуір дәрежеде әлсіретіп немесе басқа түрде әлсірететінін мойындай отырып,
осы заттарды шығарудың климатқа жасайтын әлеуметті есеп туралы есте ұстап,
озон қабатының бұзылуын қорғау мақсатында қабылдап жатқан шаралардың негізі техникалық және экономикалық үйлесімдерді қоса қолданатын ғылыми білімдер екенін есте ұстап,
дамушы елдердің дамуына байланысты мұқтаждарын ескере отырып, техникалық және экономикалық ерекшелігін ескере отырып, және ғылыми білімдердің негізінде олардың жойылуына қол жеткізу мақсатында
оның заттарын бұзатын барлық әлемдік шығарылуын тиісінше реттеу жөніндегі ұластыру шараларын қабылдау жолымен озон қабатын қорғауды қамтамасыз етуге өздерінің бел шешіп, дайын екендіктерін білдіріп,
дамушы елдердің /осы заттарға/ мұқтаждығын қанағаттандыруда, қосымша қаржы ресурстарын берумен тиісті технологияны пайдалануға рұқсат берілуін қоса және қажетті құралдардың көлемін айта алатын және осы құралдар дүние жүзі қауымының озонның ғылыми негізде бұзылу проблемасы мен ондай бұзылудың зиянды салдарын шешу үшін едәуір өзгерістер беретін құралдарды пайдалануда ерекше орын алатын қажеттігін мойындай отырып,
ұлттық және аймақтық деңгейде қабылданған және қабылданып жатқан хлорфторкөміртегінің кейбір шығуларын реттеу шараларын ескере отырып,
Халықаралық ынтымақтастық үшін озон қабатын бұзатын заттарды шығаруды қысқартып, реттеуге қатысты балама технологияны беру және зерттеулер /ғылыми-техникалық зерттеулер мен талдаулар/ мен талдаулардың жәрдемдік маңызын ескере отырып,
МЫНА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ:
1-БАП: АЙҚЫНДАУ
Осы хаттаманың мақсаттары үшін:
1. «Конвенция» 1985 жылғы 22 наурызда қабылданған озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясын білдіреді.
2. «Жақтар», егер контекст басқаны қарастырмаса, ол осы Хаттаманың Жақтарын білдіреді.
3. «Хатшылық» Конвенцияның хатшылығын білдіреді.
4. «Реттелуші зат» осы Хаттаманың А қосымшасындағы немесе В қосымшасындағы /көрсетілген/ өз алдына немесе аралас тұратын әрбір затты білдіреді. Бұл түсінікке тиісті қосымшаларда көрсетілген, бірақ әрбір /ондай/ заттар мен қоспаларға қатысты емес, дайын өнімінің негізгі бөлігі болып табылатын, аталған заттарды тасымалдау немесе сақтау үшін қолданылатын ыдыстан басқа түрі бар заттардың изомерлері қосылады. 1/
___________________
1/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль хаттамасы 1/12 А шешімінде 1-бабының 4-тармағындағы реттелетін заттарды /заттар қоспасы бойынша/ анықтаудың мына түсініктерімен келісуге қаулы алды:
а) Монреаль хаттамасының 1-бабы «Реттелуші заттар» қатарында өз алдына немесе қоспа ретінде қолданылатын және оның тасымалдануы мен сақталуында пайдаланылатын ыдысы дайын өнімнен басқа түрі бар кез келген аталған заттың қаралуын есептемейді.
б) Хаттаманың мақсаттары үшін реттелуші заттың немесе реттелуші заттар қоспасының кез келген саны, осы затты пайдалану жүйесінің бөлігі болып табылмақ, реттелуші зат /яғни химиялық шикізат/ болып есептеледі.
с) Егер де қандай болмасын зат немесе қоспа ең алдымен жүк контейнерінен басқа контейнерге, ыдысқа немесе одан әрі мақсатты түрде пайдалану үшін жабдыққа тиеледі; ал бірінші контейнер, іс жүзінде, сақтаумен немесе тасымалдауға қолданылады, оның ішіндегі зат немесе қоспа Хаттаманың 1-бабындағы 4-тармақтың ықпалына жатады.
д) Егер де, басқа жағынан, контейнерден өнімді өз алдына босату осы затты мақсатты түрде пайдалануды көздесе.
е) 1-баптағы 4-тармақтың мақсаттары үшін өнім ретінде қаралатын пайдалану жүйелеріне, соның ішінде, мыналар жатады:
I/ аэрозоль балоны;
II/ тоңазытқыш немесе тоңазытқыш қондырғысы, желдеткіш немесе желдеткіш қондырғы, жылусорғыш және т.б.
III/ Полиуретандық форполимер немесе пенопласт, оның реттелуші заты бар немесе оның негізінде жасалған;
IV/ Өртсөндіргіш /деңгелекті немесе қолдағы/ немесе /автоматты немесе қолдағы/ шашқыш жүйесі бар тұрақты контейнер;
V/ Реттелетін заттар бар тұтынушыларға реттелуші заттар мен қоспаларды жөнелту үшін қажет жүк контейнерлері, оның ішінде /сыйымдылығы мысал үшін көрсетілді/ мыналар енеді:
I/ Кемелердегі цистерналар;
II/ Темір жол цистерналары /10-40 метрлік тонна/;
III/ Автомобиль цистерналары /20 метрлік тоннаға дейін/;
IV/ Сыйымдылығы 0,4 кг-дан бір метрлік тоннаға дейінгі канистрлер;
V/ Бөшкелер /5-300 кг/.
О) Барлық өлшемдегі контейнерлер шикізатпен дайын өнімді тасуда пайдаланылғандықтан олардың өлшем принциптерін айыру-шектеу Хаттамада анықтауға жатпайды. Онымен қатар шикізат немесе дайын өнім үшін контейнерлер көп рет немесе бір-ақ рет пайдаланылатын мүмкіндігі болса, олардың көп рет қолданылған мүмкіндік нышаны айқындалған қоным үшін жеткілікті емес.
Һ) Егер де Хаттамада көрсетілгендей контейнерді қолдану мақсаты айқындау негізі есебіне алынса, оның ішінде ХФУ немесе галондары бар, ол алып жүретін немесе қолдағы бар болсын бәрі бір, аэрозоль балондары мен өртсөндіргіштер айқындауға енбейді, өйткені мұндай контейнерлерден заттың өз алдына шығуы пайдаланудың мақсатты түрде екенін көрсетеді.
Жақтардың екініші Кеңесі II/4 шешімінде Хаттаманың 1-бабындағы 4-тармағының «реттелуші зат» деген түсінікке тиісті қосымшаларды көрсетілгендерден басқа осындай заттардың изомерлерін екі айтпай тиянақты түсіндіруге қаулы алды.
Жақтардың үшінші Кеңесі III/8 шешімінде қаулы етеді:
а) технологиялық және экономикалық бағалар жөніндегі тан/Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінің 11/13 шешіміне сәйкес жұмыс істейтін /Монреаль хаттамасымен реттелетін заттардың кез келген цифрлық белгілерін сауда атауларының толық және ақырғы тізбесін жасауды сұрайды, оған Монреаль хаттамасы енгізген реттелетін заттар бар қоспалардың түзетулері қосылады, және 1991 жылғы қараша айының аяғына дейін осы тізбе хатшылыққа тапсырылады;
в) 1992 жылғы наурыз айының аяғына дейін жоғарыдағы а/ тармақшасында көрсетілген Түзбені Монреаль хаттамасы Жақтарының бәріне таратуды сұрайды.
5. «Өндіріс» Жақтардың бекіткен технологияны қолданумен жасалған заттардың санын қоспай реттелген заттардың өндірілген саны болып белгіленеді, сол секілді басқа химиялық заттарды өндіру үшін тек шикізат ретінде қолданылатын заттардың санын білдіреді. Қалпына келтірілген және қайтадан пайдаланылған заттар саны «өндіріс» ретінде қаралмайды. 2/
____________________________________________
2/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде қаулы етеді:
а/ 1-баптың 5-тармағының «өндірілген реттелуші заттар» терминінің мағынасына мына түсінікті беру келісілді:
1-баптың 5-тармағында пайдаланылған «өндірілген реттелуші заттар» деген ұғым осы Жақ өндірген басқа химиялық заттарды өндіру кезінде негізгі материал ретінде толық пайдаланылған реттелген заттардың есеп деңгейін қоспаған реттелуші заттардың есепті деңгейі деген ұғымды білдіреді.
в/ Әрбір Жақ осы түсінікті байыптау үшін есеп беру процедурасын жасауы тиіс.
Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 F шешімінде, сол сияқты «бұзу» түсінігін анықтау жөнінде қаулы етті:
а/ Хаттаманың 1-бабының 5-тармағындағы бұл ұғымды былай түсіндіру келісілді:
«Бұзылу процесі деп оны реттелуші заттарға қолданғанда сол заттардың түгел немесе едәуір бөлегінің ыдырауына, немесе тұрақты өзгеруіне әкелетін процесті айтады»;
в/ Техникалық баға беру жөніндегі Топтан Жақтар ыдырау мен күйреу әдістерін бекіту үшін оларды қайтадан және ұсынатын тұрақты техникалық комитетті құру қажеттігін білу мақсатында Жақтар өзінің екінші және одан кейінгі Кеңестерінде осы мәселелерге қайта оралып, қарауға кірісуі сұралсын. Сондай-ақ әрбір әдісті қолданудан ыдыраумен кірісуге ұшыраған реттелуші заттардың санын анықтап білсін.
Жақтардың екінші Кеңесі 11/11 шешімінде жою технологиясына қатысты қаулы етеді:
Жою технологиясы жөнінде арнайы техникалық ақыл беретін консультанттық комитет құрылсын және оның төрағасы тағайындалсын. Ол Хатшылықпен ақылдаса отырып, Жақтар ұсынған кандидатуралардың негізінде өзінен басқа тоғыз мүше тағайындайды.
Ол мүшелер күйреу технологиясында сарапшы болулары тиіс және олар әділетті түрде географиялық өкілдігі ескеріліп таңдап алынады. Комитет күйреу технологиясын талдайды және олардың тиімділігі мен экологиялық қолданылуының бағасын береді және оларды қолдау мен өлшеу тәсілдері үшін критерий жасайды. Комитет өз баяндамаларын жүйелі түрде Жақтар кеңесіне беріп тұрады.
Жақтардың үшінші Кеңесі өзінің 111/10 шешімінде Жақтардың екінші Кеңесі құрған Жою технологиясы жөніндегі арнайы техникалық Кеңес беретін Консультанттық комитеттің құрылған фактісін атап өтті және жоспарланып басталуына кемінде төрт ай қалған мерзім ішінде 1992 жылы өтетін Жақтардың төртінші Кеңесіне тапсыру үшін Комитеттен баяндаманы хатшылыққа беруін сұрайды.
6. «Тұтыну» ұғымы реттелуші заттардың өндірісі плюс импорт минус экспортты білдіреді.
7. «Есепті деңгей» 3-бапқа сәйкес айқындалған өндіру, импорт, экспорт және тұтыну деңгейлерін білдіреді.
8. «Өндірісті рационизациялау» деген ұғым кәсіпорынның жабылу нәтижесінде қанағаттандырылмаған алдағы сұранымды жабу және бірінші Жақтың басқа Жаққа экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында өндірістің есепті деңгейінің бір бөлігін немесе түгел беруді білдіреді. 4/
9. «Ауыспалы зат» деген ұғым осы хаттаманың С қосышасында көрсетілген өз алдына жеке немесе қоспа ретіндегі затты білдіреді. Бұл С қосымшасында аталған заттардан басқа кез-келген осындай заттың изомерлеріне жатады, бірақ аталып кеткен заттарды тасымалдау мен сақтау үшін пайдаланатын ыдыстан басқа нысаны бар дайын өнімнің құрама бөлігі болып табылатын кез-келген осындай заттарға немесе қоспаларға жатпайды. 5/
____________________________________________
3/ Реттелуші заттардың экспорты мен импорты жайында Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде былай қаулы етеді:
Реттелуші заттарға қолданылатын шикізаттың импорты мен экспортына осындай тәртіп тарауы тиіс және олар осындай таза реттелуші заттар секілді есептеліп, Жақтардың тұтыну деңгейінің есептеріне қосылады.
4/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 Д шешімінде Хаттаманың 2-бабының 1-5 тармақтары мен 1-баптың 8-тармағындағы «Өндірісті рационализациялау» ұғымын былай деп түсіндіруге келісті:
«Өндірісті рационализациялау» ұғымын түсіндіру кезінде осы ел өзінің өндірісін басқа елде тиісті қысқарту болмайынша өз өндірісін ұлғайта алмайды.
5/ Жақтардың үшінші Кеңесі 111/12 шешімінде қаулы етеді:
в/ Ауыспалы заттар туралы Лондон қарарын назарға ала отырып /Монреаль Хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінің баяндамасына ҮІІ қосымша/ /осы Басқарушылықтың ІІІ қосымшасына қара/ экономикалық тұрғыдан басқа қолданатын балама болмаса реттелуші заттардың экологиялық технологиялық және экономикалық факторларын ескере отырып, ауыспалы заттарды өндіруді тез қысқартуға ықпал жасау үшін кезекті бір жақты салалар айқындалады. Осындай салалармен қатар ауыспалы заттар қазір қолданылатын салалар үшін де қажетті қанша мол көлемін бағалау керек.
с/ Баға беру жөніндегі Топтан осындай салаларға қажет озон бұзушылық мүмкіндігі өте төмен ауыспалы заттарды анықтауды сұрайды және мүмкіндігінше тиісті шығыны көрсетілген ауыспалы заттарды құртатын техникалық және экономикалық жағынан жүзеге асыра алатын кесте ұсынылады.
а/ Баға беру жөніндегі Топтан Жақтардың төртінші Кеңесі - не қарауға беру үшін өз баяндамаларын ашық құрамының жұмысшы топтары қарау үшін дер кезінде беру сұралады:
е/ Вена Конвенциясы Жақтарының Конференциясы екінші Кеңесінің 11/2 шешімінің 2-тармағы мақұлдансын.
2-БАП: РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ
1. /1990 жылы Лондонда болған Жақтардың екінші Кеңесінде жасалған түзетулерге сәйкес 2 А топқа қосылады/.
2. В 2 бабымен алмастырылады.
3. пен 4 А 2 бабымен алмастырылады.
5. /1986 жылы А қосымшасында 1 топтағы реттелуші заттар өндірудің есепті деңгейі жылына кем дегенде жиырма бес килотонн болған кез келген Жақ осы баппен бекітілген өндірісті шектеу шеңберінен тыс шықпайтын осы жақтардың өндірісінің жалпы суммарлық есеп деңгейі 1, 3 пен 4 6/ тармақтарында, көрсетілген шектен асса, ол кез келген жаққа сол өндірістің рационализациялау мақсатында береді және алады. Осындай кез келген өндірісті бергендігі туралы хабар Хатшылыққа берілген мерзімінен кешіктірілмей беріледі.
5. Кез келген Жақ реттеудің кез келген дара немесе бірнеше кезеңі шеңберінде 2А - 2Б баптарында көрсетілген өз өндірісінің есепті деңгейіндегі үлестің кез келген бөлігін кез келген басқа Жаққа бере алады, бірақ ол осы жақтар үшін осы баптар бойынша осы заттардың кез келген тобы бойынша өндірісті шектеу шеңберінен шықпайтын жағдайда болады. Осы процеске қатысушы әрбір Жақ осы туралы Хатшылыққа хабарлап, оның қай кезде жұмыс істейтінін және жағдайын білдіреді.
6. Жоғарыдағы 5-баптың шеңберінде жұмыс істемейтін, бірақ А қосымшасы немесе В қосымшасындағы реттелетін заттарды өндіру үшін қуаты бар, олардың құрылысы жүріп жатса, немесе 1987 жылдың 16 қыркүйегіне дейін олар бойынша контракт міндеттемелері қабылданса және олар 1987 жылдың 1 қаңтарына дейін Ұлттық Заңмен қарастырылса, онда өзінің 1986 жылғы өндірістік есептеулі деңгейін анықтау мақсатында өзінің 1986 жылғы негізгі өндіріс деңгейіне осындай қуаттар өнімін қоса алады, бірақ ол мұндай қуаттардың құрылысы 1990 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған кезде және осы өндіріс осы Жақтардың реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуын жан басына шыққанда 0.5 килограмнан асырмай көбейтуге әкеп соқпаған жағдайда болады.
7. 5-тармаққа сәйкес өндірістің кез келген беру жайында немесе 6-тармаққа сәйкес өндірісті барынша ұлғайту хабар осындай берілген кезеңнен кешіктірілмей хатшылыққа хабар жолданады.
8. а/ Конвенциясының 1-бабының 6-тармағындағы айқындауға сәйкес экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымның мүше мемлекеттері болып табылатын кез келген Жақтар осы баппен және 3А - 2Б баптарында көрсетілгендей олардың жалпы суммарлық тұтыну деңгейінен аспаған жағдайда олар осы баптың 8/ және 2А - 2Б баптарының шеңберінде тұтыну жөніндегі өздерінің міндеттемелерін бірігіп орындап жатқандықтарын атай алады.
в/ Осы келісімді жақтаған кез келген Жақтар осы келісімнің шарттары туралы келісім тақырыбы жайында тұтынуды қысқарту датасына дейін хатшылыққа хабарлайды.
с/ Мұндай келісім барлық мемлекеттер осы экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымның мүшелері болса және аймақтық ұйымның өзі Хаттаманың Жақтары болса және олар оның қалай орындалатынын хатшылыққа хабарлаған кезде ғана күшіне енеді.
____________________________________________
7/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 С шешімінде Хаттаманың 2-бабындағы 6-тармағы туралы былай деп түсінік беруге қаулы етеді:
а/ Хаттаманың 2-бабындағы 1-4-тармақтары тұрақтандырылып, кейіннен өндірісті жыл сайын жақсартуды көздейді, сөйтіп, 2-баптың 6-тармағының шеңберінде осындай өндірістің қалайда кеңітілуіне жол бермейді.
в/ Хаттаманың мақсаты мен міндеті ХФУ мен галондардың өндіру мен пайдаланылуын едәуір қысқарту болып табылатындықтан 2-баптың 6-тармағы немесе Хаттаманың мақсаттарына сәйкес Жақтарға жатпайтын елдер мен ұйымдарға экспортқа жіберу үшін әлемдік тұтынуды азайтуға қарсы тұра алатын өндірістің ұлғайтылу мүмкіндігін көздемейтін әлде бір басқа жағдайды қарастырмайды.
с/ 1987 жылдың 16 қыркүйегіне дейін олардың кәсіпорындары салынып жатса немесе олар бойынша контракты міндеттемелер қабылданған болса және олардың құрылыс ұлттық заң бойынша 1987 жылдың 1 қаңтарына дейін және 1990 жылдың 31 желтоқсанына дейін оның құрылысы бітетін болса, сол елдерге ғана 2-баптың 6-тармағының шеңберінде ғана жұмыс істеуге рұқсат беріліп, олар ол жайында хатшылыққа хабар береді.
8/ 1990 жылғы 29 маусымда Лондонда өткен Жақтардың екінші Кезеңінде қабылданған 11/1 шешімінің 2, 2А мен 2Б баптарының түзетулеріне сәйкес жүргізіледі:
9. а/ Жақтар 6-бапқа сәйкес жүргізіліп отырған бағалардың негізінде мынадай шешімдер қабылдай алады:
I/ А қосымшасында немесе Б қосымшасында көрсетілген озон бұзылатындай қабілеті бар коэффициент есептерін түзетуді қамтамасыз етеді және егерде қолдаса, онда қандайын және
II/ Одан әрі түзету жүргізу мен өндірісті қысқарту немесе реттеуші заттарды тұтыну /1986 жылғы деңгеймен салыстырғанда/ қажет пе, егер де қолдамаса, онда оның қандай келісімде және қай мерзімде екені көрсетіледі; 9/
в/ Мұндай түзетулер туралы ұсыныстар Хатшылық Жақтарға Жақтардың кеңесі басталғанға дейін кемінде 6 ай қалғанда хабарлайды, олар бекітулерге тапсырылады;
с/ Мұндай шешімдерді қабылдай отырып, Жақтар консенсус жолымен келісімге жету үшін барлық жігерлерін жұмылдырады. Егер де консенсуске жету мақсатында қолданған барлық жігерге қарамай келісімге қол жетпесе, мұндай шешімдер Жақтардың ең соңғы шарасы ретінде келгендер мен дауыс беруге қатысушылардың үштен екісінің көпшілігімен /реттеуші заттардың тұтынушы жақтардың кем дегенде елу проценті/ 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеуші Жақтардың келушілері мен дауысқа қатысушыларының көпшілігі және осы тармақтың шеңберінде жұмыс істемейтін дауыс беруге келгендер мен қатысушылардың көпшілігі қабылдайды.
д/ Барлық Жақтарға міндетті болып табылатын шешімдер туралы Депозитарий Жақтарға дереу хабарлайды. Егер де шешімдерде басқа нәрселер қарастырылмаса, Депозитарий таратқан күннен бастап алты ай өткен сон шешімдер күшіне енеді.
10. /а/ I Осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес жүргізілген баға беру негізінде және Конвенцияның 9-бабында айтылған процедураға сәйкес Жақтар шешімдер қабылдай алады:
I/ Осы Хаттаманың кез келген қосымшасында кез келген заттарды енгізуге бола ма, егер де болса, олар қандай заттар және қандайларды алып тастайды, және
II/ Көрсетілген заттарға бейімделген шараларды қабылдаудың мерзімі мен көлемі, механизмі туралы;
9. Жақтардың үшінші Кеңесі III/I /а/ шешімінде Монреаль Хаттамасы Жақтарының көңілін Жақтардың екінші Кеңесінде қабылдаған хаттамаға түзету енгізу 1991 жылғы 7 наурыз күні күшіне енгеніне аударады және реттеулерді түзету шараларының сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануын өте сұрайды.
в/ Жақтардың дауыс беруге келген және қатысулардың үштен екі бөлігінен астамы қабылданған жағдайда кез келген осындай шешім күшіне енеді.
II. Осы 10/ баптың және 2А - 2Е баптарының мазмұнды жағдайларына қарамай, Жақтар осы бап пен 2А - 2Е баптары талап ететін шаралармен салыстырғанда одан қатаң шаралар қабылдай алады; 11/
___________________
10/ 1990 жылдың 29 маусымында Лондонда өткен жақтардың екінші кезеңінің ІІ/І шешімінде қабылданған түзетулерге сәйкес 2, 2А мен 2В баптары;
II/ Вена Конвенциясы мен Монреаль хаттамасы Жақтарының бірінші Кеңесінде ұсынылған Европа қоғамдастығының үкіметтері қабылдаған озон қабатын қорғау туралы Хельсинки Декларациясының осы Басқарушылық жайлы I қосымшадағы толықтыруды қараңыз.
Сол сияқты Австралияның; Австрияның, Бельгияның, Данияның, Канаданың, Лихтенштейннің, Нидерландының, Жаңа Зеландияның, Норвегияның, Германия Федеративті Республикасының, Финляндияның, Швейцарияның және Швецияның Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінде жасалған Лондон Мәлімдемесінің осы Басқарушылық туралы қосымшасындағы толықтыруға қараңыз.
Бұдан әрі Монреаль хаттамасының Жақтарының екінші Кеңесінде ұсынылған Европалық қауымдастық пен үкіметтердің осы басқарушылықтың ІІІ қосымшасындағы толықтыруды қара, сол секілді Швеция, Финляндия, Норвегия, Швейцария, Австрия, Германия мен Дания үкіметтерінің өкілдері болған делегация басшылары Мәлімдемесінің IV қосымшасына қараңыз.
ТҮЗЕТУЛЕРГЕ КІРІСПЕ
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесі Хаттама мен 6-бапты орындауда жүргізілген бағалар негізінде Хаттаманың А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды өндіру мен тұтынуын қысқарту және түзеу туралы қаулы етеді және мына жайларды ескеріп түсінеді:
а/ 2-баптағы «осы бапқа» және Хаттаманың барлық тексі бойынша «2-бапқа» сілтемелер 2, 2А және 2В баптарына сілтемелер ретінде түсінеді.