в/ Хаттаманың барлық тексі бойынша «2-баптың 1-4 тармақтарына» Сілтемелер 2А мен 2В баптарына Сілтеме ретінде түсінеді және
с/ 2-баптың 5-тармағындағы «1, 3 пен 4-тармақтарына» сілтеме 2А бапқа сілтеме ретінде түсіндіріледі.
2А-БАП: ХФУ
1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі жетінші айдың алғашқы басталған күні, он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айдың әрбір мерзімінде А қосымшасындағы І-топтың реттелуші заттардың тұтыну деңгейі оның 1986 жылғы тұтынудың есепті деңгейінен аспауын әрбір Жақ қамтамасыз етеді. Осы заттың бір немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімнің аяғына дейін, ол жатқан осы заттардың есепті деңгейі оның 1986 жылы өндірілген деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді, бірақта бұл деңгей 1986 жылғы деңгеймен салыстырғандағыдан он проценттен аспай өсе алады. Мұндай өсім 5-баптың шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың 12/ негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру үшін және Жақтардың арасында өнеркәсіптік өндірісті тиімді болу мақсаты үшін қажет болған жағдайда ғана бола алады.
2. 1991 жылғы 1 шілдеден 1992 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір Жақ А қосымшасының І-тобына қосылған өзінің реттелуші заттарының өндіру мен тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылы осы заттарды және тұтынудың есепті деңгейінен 150 процент аспауын қамтамасыз етеді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл реттелуші заттар үшін 12 айлық реттелу мерзімі әрбір жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығын болып белгіленеді.
3. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын 12 айлық мерзім ішінде және одан кейінгі 12 айлық мерзім үшін А қосымшасының I тобында көрсетілген реттеуші заттарды тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейі оларды тұтынудың /1986 жылғы есепті деңгейінен елу процент аспауы тиіс. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1986 жылғы деңгейінен аспауы керек. 5-баптың 1-тармағының деңгейінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі, бұл шектен аспауы мүмкін, бірақ оның өндірісті 1986 жылғы есепті деңгейден 10 проценттен артық аспауы керек.
____________________________________________
12/ Жақтардың бірінші Кеңесі І/12 С шешімінде хаттаманың 2 және 5-баптарындағы «негізгі ішкі қажеттік» терминін былайша түсіндіруге келісіп, қаулы етеді:
Хаттаманың 2 және 5-баптарындағы қолданылған «Негізгі ішкі қажеттік» / термині басқа елдерді жабдықтау мақсатында реттелуші заттар бар өнімдер өндіруді ұлғайтуға болмайды, тоқтату ретінде ұғылады.
4. Әрбір Жақ 1997 жылғы 1 қаңтарда басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім үшін А қосымшасының I тобына қосылған реттеуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі оны тұтынудың 1986 жылғы есепті деңгейінен бір жылда 15 процент аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейін 1986 жылғы өндірістің есепті деңгейінен бір жылда он бес процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақ та 5-баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі тұтынуларын қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл есептен аса алады, бірақ онда 1986 жылғы оның өндірісінің есепті деңгейінен, бұл шектен он проценттен артық аспауы мүмкін.
5. Әрбір Жақтардың 2000 жылдың 1 қаңтарында басталатын он екі айлық мерзімі ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзімде А қосымшасының І тобына қосылған оның реттеуші заттарын тұтынатын есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақ та 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі, бұл шектен асуы мүмкін, бірақ 1986 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он бес проценттен артық емес.
6. 1992 жылы Жақтар қысқарту кестесін тездету мүмкіндігін қарайды.
2В-БАП: ГОЛОНДАР 13/
1. Әрбір Жақ 1992 жылдың 1 қаңтарында басталған он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзімнің әрқайсысы үшін А қосымшасының II тобына қосылған реттелген заттардың жыл сайынғы оның тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл шектен асуы мүмкін, бірақ 1986 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспауы керек.
2. 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзімнің әр қайсысы үшін А қосымшасының II тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы оны тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылғы оны тұтынған есепті деңгейден елу проценттен артық болмауын қамтамасыз етеді. Осы заттардан біреуін немесе бірнешеуін әрбір Жақ осы мерзімнің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі 1986 жылғы оны өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейінен елу проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл шектен аспауы мүмкін, бірақ ол 1986 жылғы өндірілген оның есепті деңгейінен он проценттен артық болмауы тиіс. Бұл тармақ өздеріне біртекті балама болмайтын қолданудың маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру немесе тұтыну деңгейіне рұқсат берген шешімді Жақтар қабылдаған негіздегіден басқа кезде қолданылмайтын болады.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айдың әрбір мерзімі үшін А қосымшасының ІІ-тобына қосылған реттелуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығарса, осы мерзімнің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік шектен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың І-тармағында жұмыс істейтін жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл шектен аса алады, бірақ 1986 жылғы өндірудің есепті деңгейінен 185 проценттен аспауы керек. Бұл тармақ өздерінің біртекті баламасы жоқ қолданудың маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру немесе тұтыну деңгейіне рұқсат беру жөнінде Жақтар шешім қабылдаған кезде ғана қолданылады.
____________________________________________
13/ Жақтардың екінші Кеңесі 11/3 шешімінде галондар жөнінде 1992 жылы өтетін Жақтардың төртінші Кеңесінде галондарды айырбастау мүмкіндігіне қатысты, галондарды пайдаланудың маңызды түрлерінің барлығын айқындау керек, кезінде осы түрлерді анықтап, зерттейтін сарапшылардың арнайы жұмыс тобын құруға қаулы етті:
4. 1993 жылдың 1-қаңтарына дейін «Қолданудың маңызды түрлері» ұғымын айқындау жөнінде, егер де осы баптың 2 және 3-тармақтарының мақсаттары үшін мұндайлар болса тиісті шешім қабылдайды.
2С-БАБЫ: БАСҚАЛАРЫ ТҮГЕЛ ГАЛОГДИРЛЕНГЕН ХФУ
1. Әрбір Жақ 1993 жылы басталған он екі айдың мерзім ішінде онан кейінгі он екі айлық мерзімнің ішінде В қосымшасының І-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы есепті деңгейі оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен сексен проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен 80 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1986 жылғы өндірілген есепті деңгейден 10 проценттен аспауы керек.
2. Әрбір Жақ 1997 жылы 1-қаңтарда басталатын он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзімнің ішінде В қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі 1989 жылғы тұтынудың есепті деңгейіне 15 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы заттардың өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейінен он бес проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-інші баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылы өндірілген есепті деңгейден он процент болып, бұл шектен асып кетуі ықтимал.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын болса, осы мерзімнің ішінде нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейдегі бұл шектен он бес проценттен артық аспауы мүмкін.
2-БАП: І/ТЕТРАХЛОРМЕТАН
1. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айдың ішінде және содан кейінгі әрбір он екі айдың ішінде В қосымшасының ІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірілген тұтынудың есепті деңгейінен он бес процент аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты шығаратын әрбір Жақ сол мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы өндіруінің есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен 15 процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың І-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл шекті оның 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейінен он процент артуы ықтимал.
2. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының І-тобына қосылған реттелуші заттардың тұтынылуының есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды шығарудың есепті деңгейінің нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың I-тармағында істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірістің есепті деңгейінен он бес проценттен артпай, бұл шекті асуы мүмкін.
2Е-БАП: І,І,І-ТРИЛОРЭТАН /МЕТИЛХЛОРОФОРМ /
1. Әрбір Жақ 1993 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының III-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі 1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды шығаратын әрбір Жақтар осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағы шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін осы өндірістің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспай, бұл шектен асуы мүмкін.
2. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынылуының есепті деңгейі 1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде оны өндіретін жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы оны шығаратын есепті деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру мақсатында оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспай асып кетуі мүмкін.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарынан басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен отыз процент аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттарды шығара отырып, осы мерзімдердің ішінде осы заттың 1989 жылғы өндіруінің есепті деңгейінен отыз процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылдың оның өндірілген есепті деңгейінен он проценттен аспай, бұл шектен артық болуы мүмкін.
4. Әрбір Жақ 2005 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы есепті деңгейі нольдік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы затты өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтарының негізгі ішкі қажеттерін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он бес проценттен артпай, 6ұл шектен асуы мүмкін.
5. 1992 жылы Жақтар осы бапта көрсетілгендермен салыстырғанда қысқарту кестесін тездету мүмкіндігін қарайды.
3-БАП: РЕТТЕЛУШІ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ЕСЕБІ
Әрбір Жақ 2 14 2А - 2Б және 5-баптарының мақсаттары үшін қосымшасының немесе В қосымшасындағы заттардың әрбір тобы үшін өзінің есепті деңгейлерін анықтайды:
а/ Өндіріс жолымен:
I/ Әрбір реттелуші заттың өзінің жылдық өндіріс көрсеткіші А қосымшасының немесе В қосымшасында озон бұзатын қабілетін көбейту;
II/ Әрбір топ бойынша алынған көрсеткіштерін соммалап жинақтау;
в/ импорт пен экспортқа сәйкес а/ тармақшасында көрсетілген mutalis mutandis процедурасын қолдана отырып және
с/ Реттелуші заттарды өндіріс пен импорттың өзіндік есепті деңгейлерін сомдау жолдарымен тұтыну және а/ мен в/ тармақшаларына сәйкес айқындалған экспорттың өзіндік есеп деңгейінен шығарып тастау. Бірақта 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап Жақтарға жатпайтын елдерге реттелуші заттардың экспортынан экспортқа жіберетін Жақтың тұтыну деңгейін шығарып тастауға болмайды.
4-БАП: ЖАҚТАРҒА ЖАТПАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН САУДАНЫ РЕТТЕУ
1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі бір жылдық ішінде әрбір Жақ осы Хаттаманы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5-баптың 1-тармақшасының шеңберінде істейтін Жақтардың бірде-бірі осы Хаттаманы жақтамайтын кез келген мемлекетке бірде реттелуші затты экспортқа жібере алмайды.
3. Осы Хаттама күшіне енген күннен кейінгі үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның 10-бабында көрсетілген ережеге сәйкес реттелуші заттар бар өнімінің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Қосымшаға қарсы пікір айтпаған Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде осы Хаттаманың Жақтаушысы болмаған кез келген мемлекетпен мұндай өнімдердің импортына тыйым салады.
4. Осы Хаттама күшке енгеннен кейінгі бес жылдың ішінде Жақтар осы Хаттаманы негізінде жүргізілген өнімдердің импортына тыйым салу немесе шектеудің практикалық мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де бұл мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында көрсетілген процедураларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Ол жөнінде қарсы пікір білдірмеген Жақтар айтылған процедураларға сәйкес осы Хаттаманың Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетпен осындай заттардың импортына қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде тыйым салады немесе шектейді.
___________________
14/ 2, 2А және 2В-баптары 1990 жылғы 29 маусымда Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесі қабылдаған ІІ/І шешімінің түзетулеріне сай
5. Әрбір Жақ осы Хаттаманы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке реттелуші заттарды өндіруге немесе пайдалануға қажетті технологияны беру экспортын қостамайды.
1. 1990 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір Жақ осы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
1-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі бір жылдың ішінде әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттің Б қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке А қосымшасында аталған кез келген реттелуші заттардың экспортына тыйым салады.
2-бис. Осы тармақша күшіне енген күннен бір жыл өткен соң әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке Б қосымшасында көрсетілген кез келген реттелуші заттың экспортына тыйым салады.
3. 1992 жылдың 1-қаңтарына дейін Жақтар конвенцияның 10-бабындағы процедураларға сәйкес А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттары бар өнімдердің тізімі қосымша ретінде дайындайды. Бұл қосымшаға қарсы келмеген Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес осы қосымшаның күшіне енген бір жылдың ішінде Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке осындай заттардың импортына тыйым салады.
3-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның 10-бабында айтылған процедураларға сәйкес В қосымшасына қосылған реттелуші заттары бар өнімдердің тізімі қосымша ретінде жасайды. Бұл қосымшаға қарсылық білдірмеген Жақтар осы процедураларға сәйкес осы қосымша күшіне енген Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке осы өнімдердің импортына тыйым салады.
4. 1994 жылдың 1-қаңтарына Жақтар А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың негізінде шығарылатын, бірақ Жақтарға жатпайтын мемлекеттерден басқалардың өнімдерінің импортын шектеу немесе тыйым салудың практикалық мүмкіндігін айқындайды. Жақтар егер де мұны мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында қарастырылған процедураларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Жақтар бұл ұсыныстарға қарсы болмаса, аталған процедураларға сәйкес қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде осы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттерден осындай өнімдердің импортына тыйым салады.
4-бис. Осы тармақтың күшіне енген күннен кейінгі бес жылдың ішінде Жақтар Жақтарға жатпайтын мемлекеттерден В қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың негізінде өндірілетін өнімдердің импортын шектеу немесе тыйым салудың практикалық мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де мұны мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында көрсетілген оларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Бұл қосымшаға қарсы пікір білдірмеген Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортын қосымша күшіне енгеннен кейінгі бір жылдың ішінде шектейді немесе тыйым салады.
____________________________________________
1 5/ Жақтардың үшінші Кеңесі Хаттаманың 4-бабын жүзеге асыру жөніндегі ақпарды хатшылыққа беру туралы Жақтардың ұсынысын мақұлдап, қаулы етті.
5. Әрбір Жақ осы хаттаманы жақтамаған кез келген мемлекетке реттелуші заттарды өндіру мен пайдаланудың технологиясын экспортқа жіберуді мүмкіндігіне қарап қостамайды.
6. Әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын мемлекеттерге реттелуші заттарды өндіруге көмек беретін технология немесе қондырғы, жабдықтар мен өнімдерді экспортқа жіберу үшін жаңа жәрдемақша, көмек, несие, кепілдеме немесе қауіпсіздендіру бағдарламасын беруге өзін өзі тоқтатады.
____________________________________________
16/ 2, 2А және 2В-баптары 1996 жылдың 29 маусымында Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде қабылданған ІІ/І шешімдерінің түзетулеріне сай.
17/ Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/15 шешімінде Жақтардың ашық құрамының жұмыстары тобының жұмысын одан әрі жалғастыруға, қажет болғанда және бірінші кезекте мына мәселелерді қарау үшін оның мандаты ұзартылсын:
с/ Жақтармен катар Жақтарға жатпайтын мемлекеттермен және ұйымдармен сауда жасау туралы осы Хаттаманың ережелеріне байланысты, оның ішінде еркін сауда жасаған қатысты және Жақтардың үшінші Кеңесі жасалған ұсыныстар проблемаларын шешу.
7. 5 және 6 тармақтар реттелуші заттарды қауіпсіз сақтауға, пайдаға асыруға, рециркуляцияға немесе жоюға көмек беретін өнімдерге, жабдықтарға қондырғыларға немесе технологияға қолданылмайды.
8. Осы баптың жағдайына қарамай, 1, 1-бис, 3, 3-бис, /және/ 4 және 4-бис тармақтарында айтылған импорт және 2, 2-бис тармақтарында айтылған экспорт Жақтарға жатпайтын кез-келген мемлекетпен немесе егер де Жақтар Кеңесі бұл мемлекет және 2, 16 2А - 2Е баптарының ерекшеліктерін толық орындап келеді және ол 7-17 бабында көрсетілгендей, ол туралы тиісті мәліметтер берілген кезде рұқсат беріледі.
9. Осы баптың мақсаттары үшін «осы Хаттаманы жақтамайтын Жақтың мемлекеті» деген ұғымға кез-келген нақты реттелуші затқа қатысты жұмыс істейтін осы затқа байланысты реттеу шараларымен келіспеген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым жатады.
5-БАП: ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЫ 18/
1. Кез келген дамушы ел болып табылатын Жақ оның А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейі Хаттаманың күшіне енген күнінен жан басына шаққанда 0.3 килограммнан кем болмаса, немесе кез келген онан кейінгі мерзімге /Хаттаманың күшіне енген он жылдың ішінде/ 1999 жылдың 1-қаңтарына дейін болса, онда өзінің негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру мақсатында 2А - 2Е баптарында /2 19 / бабының 1-, 4-тармақшалары бойынша осы тармақтарда айтылған мерзімінен кейін он жылға/ көрсетілген реттеу шараларының бұзылуын он жылға кейінге қалдырады. /Бірақта мұндай Жақ тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейін жан басына шаққанда 0.3 килограмм мөлшерінен асырмайды. Осындай әрбір Жаққа 1995 және 1997 жылдардағы мерзім ішінде оны тұтынудың есепті орта жылдық деңгейін немесе жан басына шаққанда 0.3 килограмм көлемінде тұтынудың есепті деңгейінің ол реттеуші шараларын сақтау үшін база ретінде қолданудан төмен емес жағдайда пайдалану құқы беріледі/.
18 «Дамушы елдер» ұғымын түсіндіру жөнінде Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде Хаттаманың мақсаттары үшін мына елдерді дамушылар ретінде қарауға қаулы етеді: Албания, Аджир, Ангола, Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Ауғанстан, Багамараладры, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бенин, Бирма, Боливия, Ботсвена, Бразилия, Бруни-Даруссалам, Буркина-Фасо, Бурунди, Вануату, Венесуэла, Вьетнам, Габон, Гаифи, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау, Гондурас, Гренада, Демократиялық Кампучия, Демократиялық Йемен, Джибути, Доминика Республикасы, Египет, Заир, Гамбия, Зимбабве, Индия, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, /Ислам Республикасы/, Иемен, Кабо-Берде, Камерун, Катар, Кения, Кипр, Қытай, Колумбия, Комор аралдары, Конго, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Коста Рика, Кот-д, Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық-Демократиялық Республикасы, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия Араб Жамахириясы, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Малайзия, Мали , Мальдив аралдары, Мальта, Марокко, Мексика, Мозамбик, Монголия, Намибия, Непал, Нигер, Нигерия, Никарагуа, Біріккен Танзания Республикасы, Біріккен Араб Эмираты, Оман, Пакистан, Панама, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Корей Республикасы, Руанда, Румыния, Сальвадор, Самоа, Сан-Томе мен Принсипи, Сауд Аравиясы, Свазиленд; Сейшель аралы, Сенегал, Сент-Винсент пен Гренадина, Сент-Кристофер және Невис, Сент-Люсия, Сингапур, Сирия Араб Республикасы, Соломонов аралдары, Сомали, Судан, Суринам, Сьерра-Леоне, Тайланд, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тунис, Уганда, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чили, Шри-Ланка, Эквадор, Экваторлық Гвинея, Эфиопия, Югославия және Ямайка.
Осы аталған дамушы елдер жайында жақтардың екінші Кеңесі 11/10 шешімінде қаулы етеді:
5-баптың бірінші тармағының шеңберінде істейтін Дамушы елдерге қажетті реттелуші заттардың дәл санын өздерінде бар деректердің негізінде анықтау және Хаттаманың 2А - 2Е баптары мен 2-бабы бойынша рұқсат етілген проценттер көлемінде дамушы елдерге өздерінің компанияларына қосымша қажетті сандарында өндіруге көмек көрсету үшін жеткізу көздерін анықтау Хатшылықтан сұралсын.
Хатшылықтан өзінің жыл сайынғы деректер туралы баяндамасында 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейді деп есептелетін толық мәліметтердің негізінде дамушы елдердің жаңартылған тізімін жариялау сұралсын. Хаттаманың санымен бірге 5-бабының 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтар болып есептелуге тиіс толық емес немесе бағалай алатын дамушы елдердің тізімін жариялайды. Хаттаманың 5-бабындағы Ережелерге сәйкес 5-баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіп ол хатшылыққа мұның жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі жан басына шаққанда 0.3 килограмнан төмен екенін растайтын толық мәліметті бермейінше ешбір Жаққа таратылмайды. Жақтардың үшінші Кеңесі III/3 с/ шешімінде 5-баптың 1-тармағына сәйкес дамушы елдердің мамандықтары туралы ұсынысты мақұлдауға қаулы етеді: