2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-2) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
6) ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн және нарығын басқару жүйесiн дамыту;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-1), 8-4) тармақшалармен толықтырылды
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
8-4) ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарған кезде көлік шығыстарына, оның ішінде ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
9) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау:
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған;
2) субсидия алушы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу:
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) iшкi нарықты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және (немесе) кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк-тарифтiк, тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен қорғау арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша малдың жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
3) малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, мал көмiндiлерiн, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
6) малдың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн малды, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу iс-шараларын жүзеге асырады.
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттік реттеу:
1) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желісін дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдiк өндiрiсi өнiмдерiн сынақтан және мiндеттi сертификаттаудан өткізу;
4) мемлекеттік техникалық инспекция жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;
2) кемiнде он жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу;
3) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар мен жүйелерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
5) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
6) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертіліді
16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік- дайындау орталықтары
Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеу кәсіпорындарымен тікелей тұрақты байланыстарды орнықтыру мақсатында сервистік-дайындау орталықтары құрылуы мүмкін.
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етудi мемлекеттік қолдау:
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды;
2) агроөнеркәсіптiк кешен мен аграрлық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және аттестаттауды;
3) өндiрiске ғылыми әзiрлемелердi тарату мен енгізудi;
4) өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорларын сақтауды және дамытуды;
5) агроөнеркәсiптiк кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшiн машина-трактор паркiн құруды және технологиялық жабдықты жаңартуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2009.16.07. № 186-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ауылдық елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi және экологиялық жай-күйi бойынша сыныптау;
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнің және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйінің нормативтерiн әзiрлеу;
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын құру және дамыту;
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария қызметкерлерiнің тартылуын ынталандыру арқылы реттейдi.
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуетi төмен ауылдық елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерiнiң келісімiмен қоныс аударған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентi жоғары айлықақы мен тарифтiк ставкалар белгіленуi мүмкiн.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік көмек берiледi.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Ауылдық елдi мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары жергілiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен не қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен қамтамасыз етіледi.
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленеді.
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету ғылыми негiзделген ауыл шаруашылығы технологияларын және ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу технологияларын қолдану, ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсететiн инфрақұрылымның тиiмділігiн арттыру бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елдi мекендердің экономикалық әлеуетiн арттыру, ауылдық елдi мекендердің экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ауыл халқын оңтайлы орналастыру схемасын әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету уәкiлетті мемлекеттік органның стандарттарды, нормативтердi, нұсқаулықтарды, әдiстемелердi, ұсынымдарды әзiрлеуi арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
1. Мыналар:
1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады.
19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;
3) астықтың мемлекеттік ресурстарының қалыптастырылуына;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік статистика саласында басшылықты, оның ішінде нақты уақыт режимінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі негізінде азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.
19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
1. Азық-түлік қауіпсіздігі:
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану;
2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру;
3) 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендiрiлген тамақ өнiмдерінің, құрамында генетикалық түрлендiрiлген организмдер бар азық-түлiк тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы қамтамасыз етiледi.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырады және пайдаланады.
3. 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі нәтижелерін талдау мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын азық-түлік тауарларының өндірісі, тауар қозғалысы, ассортименті және бағалары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
5. Егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен процентінен төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 19-4-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-4-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу комиссияның ұсынымы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік пен сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуға тиіс. Комиссияның хатшысы оған мүше болып табылмайды.
4. Комиссияның құзыретіне:
1) сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі мен көлемін айқындау;
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту кезінде азық-түлік тауарларының тіркелген бағасын айқындау;
4) мамандандырылған ұйымның азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын тиімді және ұтымды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзінде жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
21-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
2. «Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы» 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; 2004 ж., № 23, 242-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і.
№ 66-III ҚРЗ