«14-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
14-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
«15-4) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
15-5) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу;
15-6) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
15-7) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
15-8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларын бекіту;
15-9) ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу;»;
«18-1) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
24-2) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;»;
25-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын:
«26-3) мыналарды:
өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды;
тұқым шаруашылығын дамыту бойынша;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
4) 7-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) және 12-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
12-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;»;
4-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
5-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;»;
6) 11-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;»;
5-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;»;
мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;»;
мынадай мазмұндағы 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;»;
7) 13-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;»;
8) мынадай мазмұндағы 13-1 және 14-1-баптармен толықтырылсын:
«13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеме:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
агрохимикаттардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;
жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;
сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;
топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге, агрохимикаттарға химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
1. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу оларды сынақтан өткізу қорытындылары бойынша жүргізіледі.
2. Мемлекеттік тіркеуден өткен агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі және оларды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агрохимикаттардың тізіміне енгізеді.
3. Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген агрохимикаттарды өндіруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады.
Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін агрохимикаттардың көлемін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Агрохимикаттарды сынақтан өткізу жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
9) 18-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінiң тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.»;
6 және 8-тармақтардағы «ветеринария» деген сөз «агроөнеркәсіптік кешен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6, 7 және 8-тармақтардағы «мамандары», «мамандарына», «процент жоғары» деген сөздер тиісінше «саласындағы мамандар», «саласындағы мамандарға», «пайызға жоғарылатылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат):
1) 134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
эпизоотиялық мониторингті;
Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін;
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;»;
2) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 6) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 8) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші және қырық төртінші абзацтарын, 24) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қаңтардың 17-і.
№ 165-V