1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;»;
32), 35) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32) жануардың тұқым-тегi - асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;»;
«35) селекциялық карточка - селекциялық жануарды есепке алу нысаны;
36) селекциялық жануар - тұқым стандартына сай келетiн жануар;»;
39) тармақшадағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) тұқым стандарты - уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды және селекциялық жануарлар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;»;
2) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.»;
3) 13-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) танылуын ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата жүзеге асыратын, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;»;
22) тармақшадағы «жаңа» деген сөз алып тасталсын;
4) 14-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;»;
5) тармақша алып тасталсын;
5) 16-1-баптың 9) тармақшасы «асыл» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 16-2-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасы «көшірмесін» деген сөзден кейін «(асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшін)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы, 7-тармақтың 3) тармақшасы және 8-тармақтың 3) тармақшасы «сертификаттың» деген сөзден кейін «(куәліктің)» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 26-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 28-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 28-2 және 28-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-2-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата
1. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата бір немесе бірнеше тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды iрi қара малын өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және әрекет ететiн коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында iрi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара мал тұқымдары жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және әрекет етедi, ол облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын және өкiлдiктерін) құруға құқылы.
4. Егер, бiр тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн бір немесе бірнеше тұқымның iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың қайсы бірі білдіретін болса, онда ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, осындай тұқым жөніндегі жеке республикалық палата құруға жол берiлмейдi.
5. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледi.
28-3-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның өкілеттіктері
Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата:
1) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малмен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тiркеу арқылы оны есепке алуды ұйымдастырады;
2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестiредi;
3) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға мәртебе бередi;
4) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға асыл тұқымдық куәлiктер және селекциялық жануарларға селекциялық карточкалар берудi жүзеге асырады;
5) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;
6) көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) асыл тұқымды ірі қара мал тұқымдары бойынша асыл тұқымдық кiтапты жүргiзедi және басып шығарады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.».
8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат):
2-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) селекциялық жануар - тұқым стандартына сай келетін жануар.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-бапта:
2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.»;
мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
«2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.».
10. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
55-баптың 1-тармағындағы «өлген малды көметiн ұралар» деген сөздер «мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 1-бапта:
3), 3-1), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;»;
«3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;»;
мынадай мазмұндағы 3-6) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;»;
«4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);»;
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ветеринариялық құжаттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;»;
«11) ветеринариялық препараттар мыналар:
жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;»;
12) тармақшадағы «байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтарын жүргiзу» деген сөздер «байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
15), 16) және 19-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;»;
«19-1) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;»;
20) тармақшадағы «бiрдейлендiру рәсiмiн» деген сөздер «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы «ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) жануарларды карантиндеу - диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;»;
39-3), 40) және 45-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39-3) процессингтік орталық - функцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;»;
«45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі - эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат;»;
2) 3-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.»;
3) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.»;
4) 5-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттарын белгiлеу;»;
15) тармақшадағы «сәйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17) және 18-18) тармақшалармен толықтырылсын:
11-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«18-7) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
18-8) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекіту;
18-9) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
11-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18-10) жануарларды өткізу қағидаларын бекіту;
18-11) жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту;
18-12) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту;
18-13) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
18-14) жануарларға қарау қағидаларын бекіту;
18-15) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту;
11-тармақтың 4) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18-16) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын бекіту;
18-17) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
18-18) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту;»;
5) 6-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;»;
4) тармақшадағы «қызметпен шұғылданатын» деген сөздер «қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
11) тармақша «мамандарды» деген сөзден кейін «, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «жануарлар аурулары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу;»;
36) тармақша алып тасталсын;
44) және 45) тармақшалардағы «сәйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
46), 46-5 және 46-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«46) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу тәртібін бекіту және оны жүргізу;»;
11-тармақтың 6) тармақшасының оныншы абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 46-10), 46-11), 46-12), 46-13), 46-14), 46-15), 46-16), 46-17), 46-18), 46-19), 46-20), 46-21), 46-22), 46-23) және 46-24) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу;
46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу;
46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу;
46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу;
46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу;
46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
46-20) ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;
46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу;
46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу;
46-23) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
11-тармақтың 6) тармақшасының жиырма жетінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;»;
7) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;»;
2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер болып табылады.»;