8) 10-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) және 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 8) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;»;
10-2) тармақша алып тасталсын;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;»;
13) тармақша алып тасталсын;
1-1-тармақта:
2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 8) тармақшасының он бесінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;»;
13), 17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 8) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;»;
21) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;»;
25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
27), 28), 30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;
«30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
32) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын:
«32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;»;
2-тармақта:
1), 3), 4), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;»;
«3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;
«7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
9) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
14), 14-1) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
11-тармақтың 8) тармақшасының қырық төртінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;»;
16) және 17) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
18), 20), 20-1), 20-2), 20-4) және 20-5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-6) тармақшамен толықтырылсын:
«20-6) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;»;
9) 10-1-бапта:
бірінші абзацтағы «құзыретіне» деген сөздер «құзыретіне мыналар кіреді» деген сөздермен ауыстырылып, 3), 4), 4-1), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9), 10), 11), 12), 13), 14), 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
10) 11-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша бесінші абзацындағы «жоюды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме» деген сөздер «жоюды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген, жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық байланысты қызметке:
зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;
дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою жатады;»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«эпизоотиялық мониторингті;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.»;
11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есептік тіркелуге жатады.»;
12) 14-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «аурулары қоздырушыларының» деген сөздер «ауруларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 14-1-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;»;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 15-баптың 9) және 9-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);»;
15) 16-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;»;
16) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта аттестаттау туралы нұсқама;»;
тоғызыншы абзацтағы «жануарға арналған» деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзацтағы «жануарларды» деген сөз «ауру жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 25-бапта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;»;
8) тармақша алып тасталсын;
10), 11-1), 12) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;»;
«11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;»;
18) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.»;
19) 26-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 26-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуi мен таралуының» деген сөздер «басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 27-баптың 4-тармағындағы «ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 29-баптың 3-тармағындағы «негiзделген мониторингiн» деген сөздер «негізделген эпизоотиялық мониторингін» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 30-бапта:
2-тармақтағы «ерекше» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:
1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.»;
24) 32-баптың 1-1-тармағы 5) тармақшасындағы «ішінара алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ішінара алуды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
11-тармақтың 24) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4-1) мемлекеттік сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру жөнінде шарт жасасуды, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау мен тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды;»;
«6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдардың (бұйымдардың) және атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыруды;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.»;
25) 5-тараудың тақырыбындағы «ветеринария мамандарын» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 33-баптың 2-тармағындағы «, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың» деген сөздер «және жемшөп қоспаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.»;
28) 34-1-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «ветеринария мамандарына» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары» деген сөздер «жергiлiктi өкiлдi органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 35-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;»;
6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
«9) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.»;
2-тармақта:
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;»;
«6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісі есебіне жатқыза отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған чиптерді беру;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылысын:
«6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.».
12. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жеткізу» деген сөз және 11-баптың 2-тармағындағы «жеткізіп беру» деген сөздер «беру» деген сөзбен ауыстырылсын.
13. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агент - жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;».
14. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 12-1), 22-1), 22-2), 22-3) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) агрохимикаттар - өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге арналған химиялық немесе биологиялық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар (торфты, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттері бар табиғи материалдарды қоспағанда);
6-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу - агрохимикаттарды сынау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға агрохимикаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;»;
«12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;»;
«22-1) инвестициялық салынымдар - жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
22-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы - өзіндік құн мен рентабельділік ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;
22-3) қайта өңдеуші кәсіпорындар - ауылшаруашылық өнімін бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері;»;
«24-1) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне қайта өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға;»;
2) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын бекіту;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мыналарды:
өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды;
тұқым шаруашылығын дамыту бойынша;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8) және 15-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
10-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту;
10-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту;
10-4) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту;»;
«15-5) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту;
15-6) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекіту;
15-7) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту;
15-8) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
15-9) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту;»;
3) 6-баптың 1-тармағында:
5-1) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 8-1), 10-1), 10-2), 14-2), 14-3), 15-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;»;
«10-1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
10-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін әзірлеу;»;