ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 142-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
142. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептермен тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер), ұсыныстар енгізуі негіз болады. Бұл ретте Премьер-Министр Кеңсесінің тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларьшың орындалуынбақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінің 50-тармағында белгіленген нысандағы мәліметтерді қамтуға тиіс.
143. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құдықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайлар себебінен орындаудың мүмкін еместігі негіз болады.
Бұл ретте Кеңсенің тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
144. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, окың ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
145. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп) ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.
146. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Премьер-Министр Кеңсесінде бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
147. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Президенттің жэне Әкімшілік басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Президент Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
148. Президент Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Президент актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Жазылған мэліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 148-1-тармақпен толықтырылды
148-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін орындайтын тұлға) немесе Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қойылады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 148-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 148-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148-2. Үкімет немесе Кеңсе Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есеп беру ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атрқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есеп беру ақпараты алдын ала Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.
149. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және артыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Президент Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
150. Кеңсе Басшысы Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқылы.
151. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды
11. Меморандумдар дайындау және бекіту
152. Үкімет қаулысымен бекітілетін мемлекеттік органның стратегиялық жоспары негізінде әрбір мемлекеттік орган мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қоятын және Премьер-Министр бекітетін тиісті қаржы жылына арналған меморандум әзірлейді.
153. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген түйінді нысаналы индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштеріне басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды қалыптастыру кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанында өткен жыл меморандумының түйінді нысаналы индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
154. Меморандумдарды қарауды, бекітуге дайындауды және бағалауды Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері құзыреттері бойынша жүзеге асырады.
Меморандумдарды әзірлеу, мазмұны мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | |
9. | Өзге де мәліметтер | |
10* | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | |
11. | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы). | |
* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
Күні
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы «____» ___ мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган - ________________________________________________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
________________________________________________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
________________________________________________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау ___________________________________________________________________________ мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні), Әділет (Министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.
Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі) немесе жобаны қайтарған немесе жобаны пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мәжілісінде қарау қорытындылары туралы
«__________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы «___» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр
Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________
(аты-жөні)
баяндама жасады.
Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.
Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
Р/с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақтағандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi - Кеңсе) ____________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi _____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).
Бұдан басқа,__________________________________________________
қажет болған кезде басқа қосымша мәліметтер
келтіріледi
Жобаны қабылдау_______________________________________________
____________________________________________________________________
жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиімділігі
______________ мүмкіндік береді.
көрсетіледi
Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (кері қайтаруға не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберуге) болады деп пайымдаймыз.
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
Күні
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1. | Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы) | |
2. | Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы | |
3. | Заң жобасы бойынша бас комитет | |
4. | Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні | |
5. | *Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары | |
6. | *3аң жобасының ғылыми сараптамасы | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
7. | *Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары | |
*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
8. | *3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар | |
9. | Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды | |
10. | Балама жобалардың бар-жоғы | |
11. | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
12. | Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган | |
13. | Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі | |
14. | Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында) | |
15. | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
16. | Заңның күшіне енетін уақыты | |
17. | Өзге де белгілер | |
* Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-1-қосымша
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына
Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есептеу парағы
1. Заң жобасының атауы
Р/с № | Үкімет мүшесі | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
Жақтағандар | Қарсы болғандар |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | |
| | | | |
2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-2-қосымша
Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны
1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.
2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.
3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.
4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.
5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.
6. Мемлекеттік бюджет кірістерінің қысқаруы және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюы туралы мәліметтер.
7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.
8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша
Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша ақпарат
______________________________________
(Заңның атауы, күні, №)
___________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімінің атауы, күні, №)
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат) |
| | | | |
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша
Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
«Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы»
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
Р/с № | Құрылымдық бөліктері | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме. Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет. |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 6, 40-құжат).
2. «Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысының 7-тармағы.