3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақпараттандыру саласында инвестициялық жобалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;
7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;
11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;
14) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;
16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;
22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;
24) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін әзірлеу және бекіту;
27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;
28) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын әзірлеу;
30-1) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-2) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-3) 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;
3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;
4) «электрондық үкіметті» қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:
1) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте iске асырылатын ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және уәкiлеттi органмен келiсу;
3) «электрондық әкімдікті» қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру;
5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.
2. Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы оператордың құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы оператор:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпараттандыру саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге интеграциялануын қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының жобалық интеграторы қызметін жүзеге асырады;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелер енгізуді және (немесе) оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуға құқылы;
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;
6) 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз етеді;
8) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
10) 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 9-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;
2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;
4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;
5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;
6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;
7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;
8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;
9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы операторының өкілеттіктері
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
3) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына әкімшілік етуді және сервистік қолдауды, аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына және әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
5) ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне байланыс қызметтерін көрсетеді;
6) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналарының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды
9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттіктері
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:
1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.
3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ
10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері
1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай:
1) мемлекеттік;
2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.
2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай:
1) жалпыға ортақ қолжетімді;
2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.
Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.
6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
11-бап. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық ресурстар
1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:
1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге;
2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға құқылы.
4. Заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкінің құрамына енгізіледі.
5. Мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік мүлік құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс.
6. Субъектілер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті тәртіппен өздері ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды.
7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы.
8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға міндетті. Меншік құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады.
9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншік құқығы басқа меншік иелеріне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығын туындатпайды.
10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгізілген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
11. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібімен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде өңделетін электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісіне тиесілі болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнімнің тиесілігі және оны пайдалану шартпен реттеледі.
12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі және (немесе) иесі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, еркін пайдалануға және таратуға құқылы.
2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі және (немесе) иеленушісі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қалыптастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.
4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткізу мен қорғау ережелерін олардың меншік иесі және (немесе) иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды және қамтамасыз етеді.
6. Осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруі міндетті болып табылады.
7. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
1. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледi.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.