Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;
3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;
4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;
5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
3) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;
5) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
6) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар - археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;
8) тарихи-мәдени қорық - айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;
9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;
11) тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;
14) тарихи-сәулет тірек жоспары - тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану
1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
2) археология ескерткіштері;
3) ансамбльдер.
2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;
3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесі
Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштер мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған кезден бастап иеленедi.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен ұсынылады.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекіту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады
Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебесінен айырудың ерекше құқықтық режимi болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесінен айыруға, оны Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана уәкілетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының уәкілетті органның арнаулы комиссиясымен келісілген ұсынысы бойынша, тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен жол берiледi.
Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.
6-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасы тиісті мемлекеттік органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
Халықаралық шарттарға сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;
2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;
3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, солардың аумақтарында орналасқан, бірақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.
Қазақстан Республикасы өзінен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игілігі деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнінде шаралар қолданады.
2-тарау Тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік
құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Меншік қатынастарын реттеу
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері осы заңмен белгіленеді.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Меншік құқығының объектілері
Осы Заңда белгіленген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілері тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығының объектілері болып табылады.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығының субъектілері болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын олардың меншік иелерімен жасалған шарттар бойынша сатып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншік иесі өкілеттігін уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Меншік субъектілерінің құқықтары
Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштеріне өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, меншік иесінің оларды меншік объектілері ретінде иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге құқығы бар.
Меншігінде тарих және мәдениет ескерткіші бар азамат, егер меншік объектісі өзіне мұрагерлік құқығы арқылы тиесілі болса және шығу тегі немесе мазмұны жағынан мұра етіп қалдырған адамның жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, ол ескерткіштің мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеуді немесе зерттеу мен жария көрсетуге жол бермеуді талап етуге қақылы.
Меншік иесі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және іске қосу нәтижесінде пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөніндегі міндеттемелермен шектеледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Меншiк иелерiнiң мiндеттерi
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады және:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
2) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;
4) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді — уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісуге;
6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін алып қою
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы ескерткіштерді күтіп ұстамай, бұл олардың өз маңызын жоғалту қаупін төндіретін жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштерді меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.
Меншік иесінен жеке меншігіндегі оның тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткішін алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге тұрғын жай берілмей және шарт бойынша тиісті өтемақы төленбей жүзеге асырылмайды.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. тарих және мәдениет ескерткішке меншік құқығын сатып алу кезіндегі артықшылықтар
Жалпы үлестік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштің бір бөлігінің меншік иелерінде осы тарих және мәдениет ескерткішінің басқа бөліктерін меншігіне сатып алуға артықшылық құқығы бар.
Тарих және мәдениет ескерткішінің басқа бөліктерін сатып алудың осы баптың бірінші тармағында көзделген артықшылық құқығы сатып алушы меншігінің тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесі болмаған ретте де қолданылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін жария сатқан кезде, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде айтылған реттерді қоспағанда, мемлекеттің оларды нарық (аукцион) бағасы бойынша артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тарау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдарының жүйесі Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) уәкiлеттi орган;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;
3) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілейді;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережелерін бекітеді;
5) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерін бекітеді;
6) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережелерін бекітеді;
7) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтеді;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді;
9) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін бекітеді;
10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды көздейдi;
4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;
5) 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекіту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;
7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;
8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;
9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;
10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;
12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады.
13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;
15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:
1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;
3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектіні қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;