«1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.»;
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және кейбір басқа да заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.».
16. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып, қайта қаралады.»;
2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаты үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң осы санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгі тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесiнiң Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.».
17. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.».
18. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысуға;».
19. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;».
20. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.».
21. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 3-баптың 23-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2) сақтандыру тобы - банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;»;
2) 25-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.»;
3) 32-баптың 6-тармағының 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті орган құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, осы Заңның 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау болып табылады.»;
4) 53-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.»;
5) 69-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекеттің қатысуымен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылады.».
22. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
16-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы «қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «қайта құрылуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.».
23. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
9-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге міндетті.».
24. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 13, 91-құжат):
15-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;».
25. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж, № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат):
4-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткiзу жөнiнде көрсетілетін қызметтер;».
26. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат):
1) 19-бап «жеті күн ішінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.»;
3) 29-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «осы Заңда белгіленген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын.
27. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылар;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
Осы тармақта санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.».
28. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;»;
32) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32) инвестициялық комитет - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;»;
«34) инвестициялық портфельдi басқарушы - азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;»;
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
3) 3-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңға сыйымсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық депозитарийдің, тіркеуші мен лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін кері қайтарып алуға құқылы.»;
4) 3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
5) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Институционалдық инвесторлар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар көрсететiн қызметтердi пайдалана отырып, инвестицияларды жүзеге асырады.»;
28-тармақтың 6) тармақшасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
6) 45-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензиаттың акцияларына ақы төлеуді, сондай-ақ өтініш берушінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензияны алуын қоспағанда, өтініш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына ақы төлеу тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Заңды тұлға акцияларға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, меншікті капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.»;
8) 47-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын трансфер-агенттерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.»;
9) 49-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолдануға міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.»;
10) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы анық емес мәлiметтер бар екенi белгілі болса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің анық екендігін тексеру қажет болған кезде, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қарау мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.»;