5-тармақтың 3) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұстап қалынбаған (есебіне жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
5-тармақтың 4) - 9) тармақшалары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
4) 170-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы бапта банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, инвестициялық портфельді басқарушыны қаржы ұйымдары деп түсінген жөн.»;
5) 171, 172 және 172-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты (мәліметтерді) беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банк, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін есептілікті, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептілікті немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаға - төрт жүз, заңды тұлғаға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Екінші деңгейдегі кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы -
кастодианның лауазымды адамына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-1-бап. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) беруі, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 172-2-баптың екінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 175-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 179-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы -
лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы -
лауазымды адамдарға - екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 541-баптың бірінші бөлігі «86-1,» деген цифрлардан кейін «87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 550-баптың бірінші бөлігіндегі «87» деген цифрлар «87 (бірінші-төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 12) тармақшасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
12) 573-баптың бірінші бөлігі «1-2,» деген цифрлардан кейін «2-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
13) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының елу үшінші абзацы «87-2» деген цифрлардың алдынан «87 (бесінші және алтыншы бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат, № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады.»;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 7-бабының 2-тармағында көзделген белгілер бойынша еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қоюға тыйым салынады.»;
3) 34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;»;
4) 56-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
Комиссияны құру тәртібі ұжымдық шартта, ал ол болмаған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерінің келісуі бойынша шығарылған актісінде айқындалады.»;
5) 284-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қызметкердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;».
7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж. № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.»;
2) 100-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;»;
«4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;».
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есебіне жазудың) және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуді реттейтін ережелер 8-тармақтың 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50- құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
1) мазмұнында:
19-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері»;
83 және 84-тараулардың, 438, 590, 591, 592, 594, 598 және 664-баптардың тақырыптарындағы «міндетті зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «міндетті зейнетақы жарналары», «әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздер тиісінше «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12, 13, 19, 20, 31, 37,37-1, 38, 39, 39-1, 40, 41 және 43-баптардағы, 63-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларындағы, 67, 69, 70, 72, 73, 74, 77, 155, 437, 438, 556, 557 және 581-баптардағы, 83-тараудың тақырыбындағы, 588, 589, 590, 591, 592, 593, 594, 595 және 598-баптардағы, 84-тараудың тақырыбындағы, 607, 608, 611, 612, 624, 627, 632, 637, 638, 657, 660 және 664-баптардағы «міндетті зейнетақы жарналарының», «міндетті зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «төлемдер, зейнетақы жарналары», «төлемдерді, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен зейнетақы жарналарын» деген сөздер тиісінше «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар», «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары», «төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 110-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.»;
5) 143-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»;
6) 155-баптың 3-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;»;
7) 156-баптың 1-тармағының 28) және 34) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;»;
8-тармақтың 7) тармақшаның үшінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«34) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
8) 160-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
9) 163-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
10) 19-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері»;
11) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«170-бап. Зейнетақы төлемдері
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) салық төлеушілердің:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
8-тармақтың 11) тармақшаның жетінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;