29. Жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге рұқсат етілмейді. Оларды жарамды деп тану туралы жазба арнайы журналға жазылады.
Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияда жүк тиеуге берілетін бос вагондар, сондай-ақ осындай станцияларда қосарланған операцияларда қолдану көзделіп отырған жүк тиелген вагондар қарап тексерілуі, ал олардың ақаулықтары болған жағдайларда жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету пунктінде жөнделуі тиіс.
30. Қалыптастыру және тарату станцияларында, жол жүріп келе жатқанда - поездардың қозғалысы кестесінде көзделген станцияларда поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өтеді, ал ақаулықтары анықталған кезде - жөнделеді.
31. Техникалық қызмет көрсету кезінде мыналар тексеріледі:
1) жабдықтардың, тораптардың және бөлшектердің жай-күйі және тозуы және олардың белгіленген мөлшерлерге сәйкестігі;
2) қауіпсіздік және радиобайланыс құрылғыларының, тежегіш жабдықтарының және автотіркегіш құрылғыларының бақылау, өлшеу, және сигнал беру құрылғыларының, электр тізбектері жұмысының дұрыстығы;
3) қозғалғыш бөлігінің жай-күйі және жарамдылығы. Арбашаның екі жағындағы сырғақтар арасындағы қосынды саңылау барлық үлгідегі төрт осьті жүк вагондарында, ЦНИИ үлгісіндегі хоппер-дозаторларды қоса алғанда, 20 мм-ден артық болмайтын және кем дегенде 4 мм, саңылауы 12 мм-ден артық болмайтын және кем дегенде 6 мм болатын көмірді, ыстық агломератты, апатиттерді тасымалдауға арналған хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 үлгісіндегі хоппер дозаторларынан, ВС-50 үлгісіндегі думпкарларынан басқа, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 үлгісіндегі думпкарларында 20 мм-ден артық болмайтын және кем дегенде 12 мм болуы тиіс;
4) сегіз осьті цистернаның бір шетінің екі жағында жалғағыш және шүберін арқалықтарының сырғақтары арасындағы саңылаулар қосындысында 4-тен 15 мм-ге дейін;
5) тасымалданатын жүктің сақталуына кепілдік беретін шанақтың және цистерналар қазандығының жарамдылығы;
6) өту алаңдарының, арнайы баспалдақтардың және тұтқалардың жарамдылығы;
7) жылжымалы құрам бөлшектері мен жабдықтарының жолға түсіп қалуынан сақтандыратын құрылғылардың болуы және олардың жарамдылығы.
32. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процеске және поездардың қозғалыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету пунктерінің қызметкерлері кепілдік учаске шегінде қозғалыс қауіпсіздігі және вагондардың поезд құрамында жарамды күйде жүруін қадағалайды.
Жүк поездары үшін кепілдік учаскелері локомотивтердің айналым учаскелерінің ұзақтығын, автотежегіштерді толық байқау, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсету және коммерциялық қарап тексеру қажеттілігін негізге ала отырып белгіленеді.
33. Жолаушылар поездарының құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналым станцияларының қызметкерлері жолаушылар вагондарының поездың құрамында қалыптастыру және айналым пунктінен поезды таратудың (тағайындалу) соңғы пунктіне дейін қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етеді.
34. Жолаушылар вагондарындағы электр қорғау құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және автоматика кезеңдік сынақтан өткізіледі.
4. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының жұмыс тәртібі
35. Қалпына келтіру поезы магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуі мен соқтығысуының салдарларын жоюға арналады.
36. Өрт сөндіру поезы магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторының арнайы құрылымы болып табылады және объектілер мен жылжымалы құрамда профилактикалық өрт жұмыстарын өткізуге және өрттерді сөндіруге арналады.
Кірме темір жолдарындағы және басқа ұйымдардың объектілерінде өртті сөндіру, рельстен шығып кеткен және соғысып қалған жылжымалы құрамның салдарларын жоюды өрт сөндіру және қалпына келтіру поездары шарт бойынша жүзеге асырады.
37. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде ұсталуы тиіс.
38. Қалпына келтіру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық кемінде 300 км болуы тиіс, аз әрекетті учаскелерде кемінде 400 км қашықтыққа рұқсат етіледі. Өрт сөндіру поездарының шығатын учаскелері өрт сөндіру поезының шығу радиусы 100 км-ден артық болмайтын шектелген учаскелердің соңғы пунктіне жеткізу үшін қажетті уақыттың есебінен (1,5 сағаттан артық болмайтын) белгіленеді.
39. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары тұратын жерлері екі жаққа шығуы бар жолдарда болады және қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының АЖҚ тұруына ғана арналған.
40. Рельстерден шығып кетулердің, авариялардың, объектілердегі және құрамдағы өрттерді сөндіру салдарларын жою, сондай-ақ АЖҚ жетіспеген кезде жұмыстағы пайда болған қиындықтарды, поездар қозғалысындағы бұзылулардың алдын алу үшін магистральдық темір жол желісі (инфрақұрылым) операторы бөлімше бойынша бұйрықпен оперативтік резервтегі, жөндеудің жоспарлы түрінен өткен АЖҚ-ны пайдалануға тартады.
5. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы пайдалану тәртібі
41. Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы және концессия шарты бойынша теміржол иеленушісі тиісінше поездардың үзіліссіз қозғалысы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
42. Қар жинағыш және қар тазалағыш техникаларды (қар жинағыш поездар, соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар) қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы белгілеген мерзімдерде дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қыс кезіндегі жұмысқа дайындығын магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы белгілейді.
Барлық қар жинағыш және қар тазалағыш техникаға жұмыстардың басшылары, машинистер және олардың көмекшілері тәулік бойына жұмыс істеумен қамтамасыз ету есебінен бекітіледі.
43. Қар жинағыш және қар тазалағыш машиналарды қою жоспары, қармен күресудің жедел жоспарын тиісінше Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі бекітеді.
44. Қар жинағыш және қар тазалағыш техникасы бар поездар жұмыс басшысының локомотив машинисімен, поезд диспетчерімен, станция бойынша кезекшімен және маневр ауданының операторымен байланысуы үшін радиоаппаратурамен жабдықталады.
45. Соқалы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі алынбайды. Учаскеде жол осінен тіректердің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кемінде 3,1 метр болатын түйіспе желісінің тіректері болған кезде соқалы қар тазалағыштардың қанаттарын ашып жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.
46. Роторлы қар тазалағыштар электрлендірілген учаскелерде жұмыс істеген кезде түйіспе сымының кернеуі өшіріледі.
47. Қызмет көрсету иіні бір соқалы қар тазалағыш үшін қар қатты басатын және қар басатын учаскелерде бас жолдың жазылмалы ұзындығының кем дегенде 100-150 км, қар орташа басатын және қар аз басатын учаскелерде кем дегенде 200-300 км-ін құрайды.
48. Күрделі метеорологиялық жағдай кезеңінде, қар жинағыш және қар тазалағыш техника жетіспеген кезде, поездар қозғалысындағы іркілістер мен қиындықтарды болғызбау үшін Магистральдық теміржол желісі (инфрақұрылым) операторы қар жинау жөніндегі жұмысқа деполық және/немесе күрделі жөндеуден өткен жедел резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы жұмысқа тартады.
6. АЖҚ ұстау тәртібі
49. Жедел резервтегі АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтуге рұқсат етілмейді.
50. АЖҚ-ның бригадасының құрамы оның үлгісіне және осы арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқаруға және көліктік тәртібінде қызмет көрсетуге тағайындалған жұмысшыларды бөлген жағдайда белгіленеді.
51. Комиссиялық қарап тексерудің нәтижелері, жөндеудің, кезеңдік қызмет көрсетудің түрлері АЖҚ жұмысы, оған кезеңдік техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналына жазылады.
52. АЖҚ-ның негізгі тораптары мен жүйелері (электржабдықтары, жылыту, автотежегіш және автотіркеу жабдықтары, жүріс бөліктері) жарамды жай-күйде болуы керек.
53. АЖҚ-ның жұмысқа жарамсыз күйі қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін, қызмет көрсетуші персоналдың денсаулығына қауіп туғызатын, АЖҚ көрінісінің габаритін бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.
54. АЖҚ-ның консервацияда тұру уақытын темір жол көлігі ұйымдары, сондай-ақ олардың меншік иелері АЖҚ-ның қызмет ету мерзіміне енгізбейді.
55. АЖҚ-ны пайдалану кезінде жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесіне сәйкес жөндеу ұйымдары деполық жөндеуді, күрделі жөндеуді және қызмет ету мерзімін ұзартатын күрделі жөндеуді орындайды.
56. Қызмет ету мерзімі аяқталған АЖҚ-ның техникалық жай-күйін тексеруді тораптар мен бөлшектердің бар зақымдануларын, ақаулықтарын, сондай-ақ конструкциясының негізгі элементтерінің тозу деңгейін анықтау мақсатында қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығы бар ұйымдар жүргізеді.
57. АЖҚ иелері техникалық пайдалану, жоспарлы жөндеулердің қауіпсіздігі талаптарының және техникалық куәландыру көлемдерін және пайдалану құқығын беретін құжаттарды ресімдеу тәртібін сақтайды.
3. Тежегіш жабдық және автотіркегіш құрылғыларды ұстау тәртібі
58. Жылжымалы құрам, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегіштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргізуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегіштермен жабдықталады. Автоматты тежегіштер вагондардың тиелуіне, құрамның ұзындығына және жол профиліне байланысты тежеудің түрлі режимдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштер, әр түрлі пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенімді болуы, жатық тежеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралі ажыраған немесе үзілген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтатады.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегіштері есептік деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепілдік беретін тежегіштің басылуын қамтамасыз етеді.
Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшін енгізілетін жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықталады.
Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.
59. Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде құрылымына сәйкес тоқтату краны және қол тежегіші бар өту алаңы болуы тиіс. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы қажет және есептік тежегіш қысымын қамтамасыз етуі тиіс.
60. Иінтіректік тежегіш берілістің ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсіп қалуға алып келуі мүмкін барлық бөліктерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.
61. Жылжымалы құрам және АЖҚ теміржол жылжымалы құрам бірліктерінің өздігінен ажырауына жол бермейтін тіркеу құрылғысымен жабдықталады.
62. Автотіркегіш осінің рельс бастиектерінің үсті деңгейінің үстіндегі биіктігі:
1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 мм-ден артық болмайтын;
2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында - кем дегенде 980 мм;
3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 мм;
4) АЖҚ-та бос күйінде - 1080 мм-ден артық болмайтын, тиелген күйінде - кем дегенде 980 мм.
63. Автотіркегіштердің бойлық осьтерінің арасында биіктігі бойынша:
1) жүк поезында - 100 мм-ден артық болмайтын;
2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;
3) локомотив пен жолаушылар поезының бірінші вагоны арасында - 110 мм-ден артық болмайтын;
4) сағатына 120 км жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 мм-ден артық болмайтын;
5) сондай сағатына 121-140 км жылдамдықпен - 50 мм-ден артық болмайтын;
6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бірліктері арасында - 100 мм-ден артық болмайтын айырмашылыққа рұқсат етіледі.
Сағатына 161 км және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотіркегішпен жабдықталады.
64. Жолаушылар вагондарының автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіштері болуы тиіс.
Технология бойынша жолаушылар поезымен тіркеліп жұмыс істейтін АЖҚ-тың, локомотивтің автотіркегішінде тігінен ауыстырулардың шектегіші болуы тиіс.
65. Автотіркегіш құрылғыларының техникалық жай-күйі және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тіркелуін тексеруді жөнелту алдында поезға техникалық қызмет көрсетуді орындаған вагондарды қарап тексеруші жүзеге асырады.
Вагондарды қарап тексерушілері жоқ станцияларда вагондарды поезға тіркеген кезде, сондай-ақ маневрлік жұмыс кезінде вагондардың дұрыс тіркелуі үшін маневрлердің басшысы жауапты болады.
Локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның тиісінше поездың бірінші вагонына немесе басқа өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға дұрыс тіркелуін локомотивтің немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін АЖҚ-тың машинисі жүзеге асырады.
66. Поездық локомотивтің құрамнан ағытылуын және құрамға тіркелуін (соның ішінде тежегіш жеңдерін ажыратуды, жалғастыруды және асуды, шеткі крандарды ашуды және жабуды) локомотив бригадасының қызметкерлері жүргізуі тиіс.
Поезд локомотивін электрлік жылытумен жабдықталған жолаушылар құрамнан ағытуды локомотив бригадасының қызметкері, ал локомотивке вагондарды қарап тексеруші-машинист жалғыз қызмет көрсеткен кезде поездық электр механик жоғары вольтты вагондық электр жалғағыштарын ажыратқан соң ғана жүргізеді. Жылыту электр тізбектерін ажырату ток қабылдағыш түсіріліп тұрғанда жүргізіледі.
Локомотивке жалғыз машинист қызмет көрсеткен кезде поездық локомотивті жүк және жолаушылар поезының құрамына тіркеу және оны осы құрамнан ағыту жөніндегі операцияларды вагондарды қарап тексерушіге, ал вагондарды қарап тексерушілер көзделмеген станцияларда және аралықтарда: жолаушылар поезында - жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадиріне), жүк поезында - локомотив машинисіне жүктеледі.
4. Доңғалақ жұбының пайдалану тәртібі
67. Әр доңғалақ жұбының осінде доңғалақ жұбының қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жері туралы белгілер, сондай-ақ қалыптастыру кезінде оны қабылдау туралы таңбалар болуы тиіс.
Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астында қарап тексерілу мен толық куәландырудан өтуі тиіс, сондай-ақ әрбір домалатып қою кезінде тиісті журналдарда немесе паспорттарда тіркелуі тиіс.
68. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Жылдамдығы сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейінгі поездарда айналатын локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ауытқулары ұлғаю жағына қарай 3 мм-ден артық болмайтын және кему жағына қарай 1 мм-ден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі, жылдамдығы сағатына 120 км-ге дейін болғанда 3 мм-ден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі.
1435 мм жолтабанында айналатын жолаушы және жүк вагондарының арбашалар мен доңғалақ жұптарына қойылатын талаптар тиісті нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленеді.
69. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне рұқсат етілмейді:
1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ден жоғары және сағатына 140 км-ге дейін:
локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңбері бойынша 5 мм-ден артық сырғанау;
жолдың биіктігі 30 мм болғанда жотаның шыңынан 20 мм қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жотаның қалыңдығы 33 мм-ден артық немесе 28 мм-ден кем, ал моторвогонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында жалдың биіктігі 28 мм - жотаның шыңынан 18 мм қашықтықта өлшегенде;
2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 км-ге дейін:
Жүріп өту шеңбері бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 мм-ден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 мм-ден астам болғанда;
жотаның биіктігі 30 мм кезінде жотаның басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биіктігі 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса;
3) арнайы шаблонмен өлшенетін жотаның тігінен қиылысуының биіктігі 18 мм-ден астам болғанда;
4) локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтік букс мойынтіректері және кассеталық үлгідегі мойынтіректері бар вагондарда тереңдігі 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетінде болғанда.
70. Моторвагонды жылжымалы құрамнан немесе аунақшалы букс мойынтіректері бар тендерден басқа, вагонда жол жүріп келе жатқанда тереңдігі 1 мм-ден артық, бірақ 2 мм-ден көп болмайтын сырғақ (ойық), анықталған кезде мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпастан (жылдамдығы сағатына 100 км-ден артық болмайтын жолаушылар поезы, сағатына 70 км-ден артық болмайтын жүк поезы) таяу жердегі, доңғалақ жұбын ауыстыруға арналған құралдары бар техникалық қызмет көрсету пунктіне дейін апаруға рұқсат етіледі.
Сырғақтың көлемі моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6-мм ге дейін, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда, поездың ең жақын станцияға дейін сағатына 15 км жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың көлемі тиісінше 6-дан жоғары 12 мм-ге дейін және 2-ден жоғары 4 мм-ге дейін болғанда сағатына 10 км дейінгі жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауыстырылуы тиіс ең жақын станцияға жетуіне рұқсат етіледі. Сырғақтың көлемі вагон мен тендерде 12 мм-ден астам, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында 4 мм-ден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерілуі немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкіндік бермеу шарты орындалған жағдайда сағатына 10 км жылдамдықпен жылжуына рұқсат беріледі. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымдалған доңғалақ жұбының тежегіш цилиндрлері және тартымдық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) істен ажыратылуы тиіс.
71. «Patentes Talgo S.L..» компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары жасаушы зауыттың технологиялық нұсқаулығының талаптарын және төмендегі қосымша талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) доңғалақтардың ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейінгі поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 1 мм-ден аспауы тиіс;
2) жотаның қалыңдығы 28 мм кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы - кем дегенде 40 мм, домалау шеңбері бойынша сырғанауы 3 мм-ден артық болмауы тиіс;
3) сырғанау шеңбері бойынша доңғалақтар диаметрлерінің айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезінде - 0,5 мм артық болмайды, шығарусыз - 1 мм артық болмайды;
4) шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерінің айырмашылығы - 5 мм артық болмайды;
5) сырғанау бетінде тереңдігі 0,5 мм-ге дейінгі сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км-ден артық болмауы тиіс;
6) сырғанау бетінде тереңдігі 0,5 мм-ден 1 мм-ге дейінгі сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км-ден артық болмауы тиіс;
7) тереңдігі 1 мм-ден артық сырғақты байқаған жағдайда ТПҚ талаптарын басшылыққа алу қажет.
5. Темір жол желісінің инфрақұрылымын пайдалану тәртібі
Жалпы ережелер
72. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс.
Құрылыстар мен құрылғылар ақаулықтарының алдын алу және олардың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету оларды күтіп ұстау үшін жауапты адамдардың жұмысында ең бастысы болып табылады.
73. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Құрылыстардың, құрылғылардың, негізгі механизмдер мен жабдықтардың аса маңызды техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық паспорттары болуы тиіс.
Магистральдық теміржол желісін жөндеу және күтіп ұстау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
74. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары поездардың белгіленген жылдамдықтарымен өтуін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) мынадай поездардың қозғалысы кезінде: жолаушылар - сағатына 140 км, рефрижераторлық - сағатына 140 км, жүк - сағатына 120 км.
2) жолаушылар поездарының жүрдек қозғалысы кезінде - сағатына 141 - 200 км.
3) жолаушылар поездарының жоғары жүрдек қозғалысы кезінде - сағатына 201 км және одан артық.
75. Жаңадан шығарылған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейтін техникалық құжаттама бекітілген соң ғана қолданысқа енгізіледі.
76. Құрылыстарды жақындату габариттері (бұдан әрі - С және Сп) магистральдық темір жол желісін, теміржолдық кірме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екінші жолдарды электрлендірген және салған кезде, сондай-ақ пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда уәкілетті органмен бекітілген Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталауы тиіс.
С мен Сп габариттерінің талаптарына жауап бермейтін қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бірінші кезекте, жылжымалы құрам габариттерінің перспективалық жылжымалы құрамын (бұдан әрі - Тпр және Тц), сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктерді өткізуді қамтамасыз етпейтін объектілер ескеріледі.
77. Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға рұқсат етілмейді.
78. Қос жолды желілердің аралықтарындағы түзу учаскелердің жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.
Үш және төрт жолды желілерде екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.
Темір жол станцияларында (бұдан әрі - станциялар) түзу учаскелерде шектес жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4800 мм-ден кем болмайды, екінші дәрежелі жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 мм-ден кем болмайды. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан болса олардың арасындағы қашықтықты 4100 мм етуге рұқсат етіледі. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 мм етуге рұқсат етіледі.
Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегі шектес жолдар осьтерінің арасындағы және жол осі мен құрылыстардың жақындау габариті арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгіленеді.
79. Құрылыстарды жақындату габариттері Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес болуы тиіс.
80. Көрсетілген габарит шектерінде жүктің дұрыс орналастырылуын тексеру үшін жаппай тиеу орындарында (темір жол кірме жолдарында, теңіз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп қойылуы және бекітілуі тиіс.
Жүктің (жол жұмыстарына арналып түсірілген балластан басқа) биіктігі 1200 мм-ге дейін болғанда ол шеткі рельс бастиегінің сыртқы қырынан 2.0 м-ден жақын, ал биіктігі жоғары болғанда 2.5 м-ден жақын тұрмауы тиіс.