3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса берілген, толықтырулар мен өзгерістер ескерілген қаржы-экономикалық негіздемені кейіннен ұсына отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздемені әрбір инвестициялық жобаға бір рет ұсынады.
4) мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - төлемнің қаржы-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізделгенін растайтын құжаттардың, сондай-ақ құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге түрін ұсынады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да ақшалай төлемдерді аудару, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер бойынша төлемдерді жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығыштағы төлем тапсырмаларымен бірге ақшаны алушылардың тізімін ҚБЕО-да белгіленген хабарламалар форматында магниттік (электрондық) тасығышта береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде төлем тапсырмасының электрондық түріне ҚБЕО-да белгіленген хабарламалардың электрондық форматында ақшаны алушылардың тізімі қоса тіркеледі және бухгалтердің және/немесе мемлекеттік мекеме басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
304-20. ҚБАЖ-да ақша алушы болмаған кезде, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушыны осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi болмаған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушы деректемелерiнiң өзгерiстерiн ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушыны енгізуге берілетін және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге берілетін өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнде ақша алушы болмаған кезде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде берілетін төлем тапсырмасын жасау кезінде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы ақша алушының ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, қажетті ақша алушы ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында болған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-21. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде қабылдауды жүзеге асырады.
Қағаз тасығышта квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейiн түскен төлем тапсырмасы орындалады не орындалмай келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
304-22. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы түскен электрондық түрде төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күні бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);
талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;
құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;
ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
төлем тапсырмасында көрсетілген мақсаты қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.
304-23. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-15-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-24. Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен шетел валютасында жасалған шарттар бойынша төлемдер жүргiзiлген кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеде көзделген тәртiпте аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан сол күнi шетел валютасын сатып алу үшiн екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшiн төлем тапсырмасын қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем мақсаттары» ашық жолағында:
1) сатып алынатын валютаның түрi мен сомасы;
2) ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
3) резидент емеспен жасалған шарттың күнi мен нөмiрi;
4) шарттың мәнi;
5) құжаттың (тауарларды жеткізгені туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің), не орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын басқа да құжаттың) атауы, нөмірі мен күні көрсетiледi.
Шетел валютасын сатып алу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнен төлем тапсырмаларын қабылдау жергілікті уақытпен сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екiншi деңгейдегі банкте шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлерi бойынша есептелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиiс.
Пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетiлген мерзiмi өткеннен кейiн шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотына сомасын ұлттық валютада қалпына келтiре отырып, қайта айырбасталуы тиiс.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасын қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге төлемді ұлттық валютада жүргізу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне оның екінші деңгейдегі банкте ашқан шотына квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Бұл ретте төлем тапсырмасындағы «Төлемнің мақсаты» ашық жолағында квазимемлекеттiк сектор субъектiсi түпкі бенефициар-резидент еместің деректемелерін қосымша көрсетеді.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотынан оның екінші деңгейдегі банктегі шотына аударылған ақша, ол есепке жатқызылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тағайындалуы бойынша түпкі бенефициар-резидент емеске аударылуы тиіс.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiлері пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған ақшаны олар аударылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотына көрсетілген мерзім өткенге дейін уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-25. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында, құжаттық аккредитивтi қолдана отырып, есеп айырысу нысанын көздейтiн шарт жасасқан кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi төлем тапсырмасын аумақтың қазынашылық бөлiмшесiне екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшiн және осы Ереженің 304-24-тармағында айқындалған тәртіппен дәл сол күн шетел валютасын сатып алу үшін қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiсi растайтын құжат ретінде аккредитивтiң ашылуын және акредитивтiң қолданылу мерзiмi өткен немесе ол мерзiмiнен бұрын жабылған жағдайда аккредитивтiң орындалмаған сомасын банк-эмитенттің квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң сома аударылған шотына қайтаруы туралы талапты қамтитын шартты ұсынады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi сатып алынған шетел валютасын аккредитивтік шотқа аударуды үш жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
Егер шетел валютасындағы ақша аккредитивтік шотқа белгіленген мерзімде есепке жатқызылмаған болса, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi оларды қайта айырбастауды және үш күндік мерзім өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің аумақтық қазынашылық бөлiмшесiндегі шотына қайтаруды қамтамасыз етеді.
304-26. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 31-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бөлiм. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
305. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
306. Төлемдi уақтылы және толық жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджет ақшасын тиiмдi басқару үшін қолма-қол ақша көлемiн болжамдау мақсатында бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтiліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерiсi болып табылатын қолма-қол ақша тасқының болжамын (бұдан әрi - болжам) жасайды.
307. Болжам Бюджет кодексiне сәйкес мынадай деректер:
тиiстi қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
түсімдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсiмдерге салыстырмалы талдау жүргiзудi есепке ала отырып, тиiстi бюджеттерге түсетiн ақша түсімдерінің күтiлетiн көлемi;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджетік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негiзiнде жасалады.
308. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп:
бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн нақтылайды.
309. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi;
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
310. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
311. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi.
313. Жүргiзiлген төлемдердiң болжамдық көлемi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер болжамдау көлемi мен тиiстi бюджеттiң шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерiсiн ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженiң 2-бөлiмiнiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне өзгерiс енгiзедi.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 315-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
316. Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негiзiнде жүзеге асырылады.
317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректердi: орналастыру сомасының мерзiмiн, орналастыруды бастау және аяқтау күнiн, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиiс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 319-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 320-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес.
321. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган Келісім талаптарына сәйкес және мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмде бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi органың шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргiзедi. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органнан шотқа ақша түскеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi күннен кешiктiрмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
322. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Келісімінде талапта көзделген мерзiмде Келісімде көрсетiлген деректерге салым сомасын аударуды жүргiзедi, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғаны үшiн есептелген сыйақыны (мүдденi) толық көлемде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 323-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
39-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау мен тiркеу және төлемдер жүргiзу рәсiмдерi, құпиялық белгiсi соғылған бюджеттiң атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
324. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн қабылдау мен тiркеу және төлемдердi жүзеге асыру тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженiң 156-161-тармақтарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жол берiледi.
325. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджеттi атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруi тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты жағдайлар туындаған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару
40-тарау. Жалпы ережелер
326. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 326-1-тармақпен толықтырылды
326-1. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтару не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, шетел валютасында түскен ақша қайта айырбастауға және осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті демеушілік, қайырымдылық ҚБШ-ға немесе ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ға ұлттық валютада есептеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 327-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
327. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ларына есептелуі тиіс. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.
41-тарау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 328-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
328. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі негізінде, республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінің сыныптаушысы негізінде мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 329-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
329. Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, өздері сатудан түсетін ақша өздерінің билігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) тізбесінің сыныптаушысын (бұдан әрі - сыныптауыш) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің кодтарын, пайда болу көздері мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес рұқсат етілген түсімдерді пайдалану бағыттарын қамтиды.
330. Ақылы қызметтер бойынша есепке алу ББС -шы және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
331. Ақылы қызметтер шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын, қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты үсынады.
42-тарау. Мемлекеттік мекеменің өз билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және бекіту
332. Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның есебiнен операция жүргiзу үшiн жыл сайын мемлекеттік мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
333. Жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 334-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
334. Мемлекеттік мекеме жоспарды осы Ереженің 96-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай тәртiппен жасайды:
Кiрiс бөлiгi:
010 «Барлық кiрiстер» жолында кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі, ол есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын және жаңа қаржы жылында түсетiн ақшаның жоспарланған сомасын қамтиды (011-жол+012-жол),
011 «Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы» жолында есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығы көрсетiледi,
012 «Ағымдағы жыл түсiмдерi» жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша түсiмдерiнiң жоспарланған сомасы көрсетiледi;
Шығыс бөлiгi:
020 «Барлық шығыстар, оның iшiнде ерекшелiктер бойынша» жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшелiктерi бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiгіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып, шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетiледi,
021 «олардың ішінде, бюджет кірісіне аударуға жататын» деген жол бойынша анықтамалық түрде, тиісті бюджет кірісіне аударуға жататын және 020-жол шығыстарының тиісті ерекшелігі бойынша көзделген сома көрсетіледі.
Жоспардың кіріс және шығыс бөліктері әрбір тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңдестірілуі тиіс. Бұл ретте, 010-жолдың көрсеткіші 020-жолдың көрсеткішіне теңестірілуі тиіс. Шығыстардың ерекшеліктерінің тоқсан сайынғы сомасы 011 және 012-жолдардың түсімдер сомасына тең болуға тиіс.