279. Бағамдық айырмашылыққа байланысты қажеттi төлем сомасы тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле сомасынан асып түскен жағдайда, аумақтық бөлiмшесi қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi бекiтпейдi, ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 280-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
280. Мемлекеттік мекеме сол күні аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бағамдық айырма сомасына қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде: міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім, шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім және төлеуге берілетін шот береді.
281. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша мiндеттемелер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспары бойынша қабылданбаған міндетемелер сомасы болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бағамдық айырма сомасына мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм деректерiн ҚБАЖ-ға енгізудi және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
282. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берiлген бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қабылданбайды және төлеуге берiлетiн шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiммен және бағамдық айырма сомасына арналған мiндеттемелермен бiрге орындамай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
283. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегi төлем құжаттары мен шетел валютасындағы кореспонденттік шоттары бойынша үзiндi алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасының түрлерi бойынша оны есептеу жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 284-тармақ жаңа редакцияда
284. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шетел валютасын түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шетелдiк валютадағы тиiстi шоттарына есептеген күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірмелерді қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштi мемлекеттiк мекеменiң одан әрi ұсынуы үшiн қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес жасайды.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 285-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
285. Мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш 2 данада ұсынылады.
286. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтiнiштi тексергеннен кейiн деректерді ҚБАЖ-ға енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 287-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
287. Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр басқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерінің үлгілеріне, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да бас тартылады.
288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттарын алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 289-тармақ жаңа редакцияда
289. Мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірме қалыптастырылғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды қағаз тасығышта мемлекеттiк мекемеге бередi және қағаз тасығышта ұсынылған жауапты орындаушының белгiсi соғылған, шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.
290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсатқа сай пайдалануы тиiс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзiм аяқталғаннан соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм беру қажеттiлiгi туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 291-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
291. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм негiзiнде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменiң шығыстардың БСК-ға түсімдердің БСК-ға, мемлекеттік мекеменің демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға, кейiннен оның сомасын теңгеде қалпына келтiре отырып, шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 292-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженің 95-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынған (жіберген) қайта айырбастауға арналған өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 293-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
293. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейін ұсынады. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.
294. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Ұлттық Банктен үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
295. Шетел валютасындағы төлем мақсатын анықтауға мүмкіндік бермейтін Ұлттық Банктен электрондық түрде түскен төлем құжаттарында деректемелерді толық немесе дұрыс көрсетпеген жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесінің шетел валютасындағы төлемдер сомасын «Шетел валютасындағы анықталғанға дейінгі сома» 0900НП ерекшелік кодына есепке алады.
Шетел валютасында түсімдердің аумақтық тиесілігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы шетел валютасындағы түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына есепке алады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 296-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
296. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық қызметі органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында - мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 297-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
297. Салық органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің мақсаты және деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Салық қызметі органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.
298. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерiн анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзедi және хабар берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәлiметтерді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi берiлген деректер негiзiнде шетел валютасындағы түсiмдер сомасын аумақтық бөлiмшесiнiң 0900НП «Шетел валютасында анықтағанға дейiнгi сома» ерекшелiгi кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға электрондық түрде хат жiбередi.
299. Мемлекеттік мекеме деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.
300. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасындағы түсiмдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменiң қайта айырбастауға арналған өтiнiмi негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
301. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi тексеруден кейiн шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм деректерін ҚБАЖ-ға енгізудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 302-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
302. Қағаз тасығышта шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімде қате болған немесе түзету болған, қандай да бір талап етілетін деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлері бойынша), қайта айырбастау күніне бағам жеткіліксіз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындаусыз қайтарылады.
303. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы корреспондентік шоттары бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттары алынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 304-тармақ жаңа редакцияда
304. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күнi шетел валютасындағы шоттары жөнiндегi үзiндi көшірмені мемлекеттiк мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ жауапты орындаушының белгiсi соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнiн көрсете отырып, қағаз тасығышта ұсынылған мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен ереже 6-1-бөліммен толықтырылды
6-1-бөлім. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі
36-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетудің жалпы ережелері
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырылуымен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
304-2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдерді есептеу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есепке алынады.
36-2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-4. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде еншілес, бағынысты және аффилиирленген ұйымдардың жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарын) төлеуге арналған жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны аудару, сондай-ақ осы ақшаның шегіндегі инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға арналған төлемдер мен аударымдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған шоттар арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.
304-5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан түсімдер және өткізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарына сәйкес есепке алынады.
36-3-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарын беру, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуы, жүргізуі және жабуы
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-6. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтудың ең аз мөлшерін қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді код береді.
304-7. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеде көзделген құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса, осы Ережеге 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінімді жібереді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
304-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кодтарды аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашу квазимемлекеттік сектор субъектісіне код берілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
304-9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне электронды түрдегі хатпен хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттары туралы жазбаша хабарлайды.
304-10. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.
304-11. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша көрсетіледі.
304-12. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары ашылғандығы туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304-13. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 37-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінім береді.
304-14. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ашылған шоттары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынын қалыптастыру осы Ереженің 10-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
304-15. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізу Ереженің 11-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
304-16. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жабу Ереженің 12-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
36-4-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
304-17. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «№ төлем тапсырмасы» алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы - төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.
Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолда төлем түрін көрсету қажет:
- қарапайым төлем;
- қосымшасы бар жиынтық 10 %-дық зейнетақы төлемі;
- еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
- қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар;
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 304-18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 304-18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
304-18. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн;
2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
3) ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;
4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
Бұл ретте, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, қаржылық-экономикалық негіздеменің көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, кейіннен толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып қаржылық-экономикалық негіздемені беру арқылы әрбір инвестициялық жобаға аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір рет беріледі.
5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздемені ұсынуды, ал «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін болса - квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген түрінің қоса тіркелуін;
6) «Қазынашылық-клиент» АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжаттар жинағындағы деректерге квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтерінің ЭЦҚ-ларының дұрыстығын қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 304-19-тармақ жаңа редакцияда
304-19. Төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мыналарды қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде:
1) жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезінде - бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімін;
2) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде - шот-фактураның немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжатының (актінің) көшірмесін немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін;