Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты қызметті жүзеге асыруға дайындау үшін жеке кәсіпкерлік субъектісіне қажетті мерзімдерден көріне отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
20. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізудің міндетті шарты оларды ресми жариялау болып табылады.
21. Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың тәртібi
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.10. № 1124 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 22-тармақ өзгертілді
22. Нормативтік құқықтық актіні күші жойылды деп таныған не оның қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұрған кезде осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті орган бір апта мерзімде растайтын актінің көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды немесе тоқтатылды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті органдар таниды.
Бұл тәртіп өзге мемлекеттік органдармен келісім бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар жасайды.
Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жекелеген нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мирасқорға нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 733 қаулысы;
3. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 46-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 113-құжат);
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 355-құжат);
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат);
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 485-құжат);
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 46-құжат).