356. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақша есебiнен жасалатын шарт тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша көзделген сома шегінде жасалады.
Бұл ретте, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтетiн ерекшелiктер тiзбесiне енгiзiлген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi, оның ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтетiн жасасқан азаматтық-құқық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша жасалған мемлекеттік мекемелердiң шарттары осы Ереженiң 150-тармағының екiншi абзацына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатады.
Мемлекеттік мекемелер өздерінің билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақша есебiнен жасасқан шартты тiркеу осы Ереженiң 20-25-тарауларында белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылады.
357. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билiгiнде қалатын (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша төлеушiлерден қолма-қол емес не қолма-қол ақша түрiнде тiкелей мемлекеттік мекеменiң кассасына түсуі мүмкін.
358. Мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен жасалатын төлемдер:
шарттар жасалған және тiркелген шығыстар түрлерi бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша шарт сомасы шеңберiнде;
қалған шығыстар түрлерi бойынша - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақылы қызмет шотына нақты қолма-қол ақшаның және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша бекітілген сома шеңберiнде жүзеге асырылады.
Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдердi жұмсау осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүзеге асырылады.
359. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдер жоспармен бекітілген сомадан тыс алатын ақша түсімдері, олар түскен кезде мемлекеттік мекеме жоспарды оған өзгерістер енгізу арқылы нақтылағанға дейiн жұмсау құқығынсыз ақылы қызметтер шотына есептеледi.
Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жоспарға өзгерістер енгізуге арналған анықтаманы ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік мекеме жаңа қаржы жылының он күнтiзбелiк күнi iшiнде оларды тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға төлеуге берiлетiн шотты ұсынады.
Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне белгiленген мерзiмде хатты ұсынбаған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi белгiленген мерзiм өткен күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетiн ақша есебiнен мемлекеттік мекемелер алатын мемлекеттік мекеменiң төлемдерi мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.
360. Бекiтiлген жоспарда көзделмеген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерi бойынша ақша түскен кезде түсiмдер сомасы 902 «Анықталғанға дейiн өзара есеп айырысу бойынша ұлттық валютада аударылған сома» деген шотта (бұдан әрi - 902-шот) есептеледі. Түсiмдердi 902-шотқа есептеген күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын екi данада басып шығарады және ақша алушы болып көрсетiлген мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң құрылымдық бөлiмшесi басшысының қойылған қолы және өз мөртабанының бедерi және қойылған қолы бар бiр дананы жiбередi.
361. Мемлекеттік мекеме төлем құжатының көшiрмесiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде түсiмнiң негiздiлiгiн анықтау және ол бойынша түсімдер сомасы есептелуі тиіс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн анықтау және хатты аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсыну жөнiндегі жұмыстарды жүргiзедi. Мемлекеттік мекеме хатта соманы шотқа есептеу және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодын көрсете отырып не оларды бюджет кiрiсiне аудару қажеттiлiгi туралы растайды.
Мемлекеттік мекеменiң хаты негiзiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы:
аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң 902-шотынан жоспарда көзделмеген түсiмдер сомасын есептен шығару, және хатта көрсетiлген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң коды бойынша оны шотқа есептеу жөнiнде операция жүргiзу үшiн;
жоспарда көзделмеген түсiмдер сомасын тиiстi бюджет кiрiсiне аудару үшін төлеуге берiлетiн шотты ҚБАЖ-да қалыптастырады және бекiтедi.
Мемлекеттік мекеме хатты уақтылы берудi және хат деректерiнiң растылығын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне белгiленген мерзiмде хат ұсынбаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi белгiленген мерзiм өткен күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей өзінің билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша есебiнен мемлекеттік мекеменiң төлемдерi мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 362-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
362. Мемлекеттік мекеме республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) сыныптауышына сәйкес өткізуден ақша билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) басқа мемлекеттік мекемелерге өткізуді жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 363-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
363. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражатты оның ақылы қызмет шотына аударуға тыйым салынады.
364. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын, өздерінің билігінде қалатын ақша түсiмдерi мен жұмсалу жоспарларының орындалуы туралы есеп жасайды.
45-тарау. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер бойынша операцияларды жүзеге асыру
365. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 366-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
366. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
367. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек бойынша шоттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 368-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
368. Демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды есепке алу үшін:
республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган рұқсат беруді жүзеге асырады.
369. Демеушілік, қайырымдылық көмек шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшеге рұқсатты және қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
370. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi жоспарламайды.
Нысаналы сипатқа ие демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi мемлекеттік мекеме мақсатқа сай жұмсайды..
Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
371. Демеушiлiк, қайырымдылық көмекті ағымдағы жылы мақсатқа сай пайдаланбаған мемлекеттік мекеме оны келесi жылы мақсатқа сай пайдалана алады.
Демеушiлiк, қайырымдылық көмек ақшасын ағымдағы қаржы жылы жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салған тұлға оны қайтарып алуға құқығы бар.
372. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердi жұмсау осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмектің тиiстi шоттағы ақша қалдығының шеңберiнде жүзеге асырылады.
373. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктiк қызметтерге ақы төлеудi мемлекеттік мекеме өзi және банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде демеушiлiк және қайырымдылық көмек ақшасы есебiнен жүргiзедi.
374. Мемлекеттік мекеме бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайтын тәртiппен, нысанда және мерзiмде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен түсiмдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және ұсынады.
46-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 375-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
375. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда іске асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 376-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
376. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердiң кодтары бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 377-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
377. Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ашылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 378-тармақ өзгертілді
378. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операцияларды есепке алу үшiн:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беруді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 379-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
379. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне рұқсат және қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
380. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша жоспарлар жасалмайды.
381. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиiстi бюджетке аударылуы тиiс.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиiстi бюджетке аударуды (бұдан әрi - қайтару/аудару) қамтамасыз етедi.
382. Қайтару/аудару осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберiнде жүзеге асырылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшiн уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшiн банктiк қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебiнен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзiледi, оған:
тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулi материалдық мүлiк шығынын талап ететiн заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкiлеттiк берiлген органдардың мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен жүргiзiлетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.
383. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетiн ақша бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде есеп жасайды және ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 46-1-тараумен толықтырылды
46-1-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу тәртібі
383-1. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.
383-2. Жергілікті өзін-өзі басқару шоттары бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша жүзеге асырылады.
383-3. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түскен қаражатты пайдалану үшін жыл сайын, қаржы жылының 20 қаңтарына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарын осы Ережеге 121-қосымшаға сәйкес жасайды.
383-4. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдың округі әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарын тиісті аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі оны қаржы жылының 1 ақпанына дейін жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін бекітеді.
Бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
383-5. Бекітілген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспары аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынылмайды.
383-6. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсу және жұмсалу жоспарында көзделген сомалардан тыс қаржы жылы ішінде түскен кірістер аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастықтың жиналысында нақтыланған және келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылы жұмсалуы мүмкін.
383-7. Төлемдер Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
383-8. Есепті қаржы жылының аяғында пайдаланылмаған жергілікті өзін-өзі басқарудың шотында қалған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспары жергілікті қоғамдастықтық жиналысында нақтылануы және келісілуі арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 9-бөлімнің атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бөлім. Сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 47-тарауының атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
47- тарау Сайлауларды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 384-тармақ өзгертілді
384. Партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Президенттi, Парламент, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, республикалық референдум осы мақсаттар үшiн ашылатын арнайы шот арқылы қаржыландырылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау облыстық бюджеттен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы қаржыландырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 385-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 385-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
385. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, сондай-ақ республикалық референдум кезінде сайлау іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрі - сайлауларды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау кезінде сайлау іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарды (бұдан әрі - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар) ашуды жүзеге асырады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттар облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты негізінде ашылады.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, республикалық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір облыстық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.
Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауларды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты береді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 386-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 386-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
386. Сайлауды, республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды міндеттемелер мен төлемдер және шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландырудың жеке жоспарларын облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 387-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 387-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
387. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, республикалық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау, республикалық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі. Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссиясы төрағаларының назарына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыруға берілген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.