тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсiмдерге салыстырмалы талдау жүргiзудi есепке ала отырып, тиiстi бюджеттерге түсетiн ақша түсімдерінің күтiлетiн көлемi;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджетік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негiзiнде жасалады.
308. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп:
бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн нақтылайды.
309. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi;
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
310. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
311. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi.
313. Жүргiзiлген төлемдердiң болжамдық көлемi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер болжамдау көлемi мен тиiстi бюджеттiң шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерiсiн ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженiң 2-бөлiмiнiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне өзгерiс енгiзедi.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 315-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
316. Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негiзiнде жүзеге асырылады.
317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректердi: орналастыру сомасының мерзiмiн, орналастыруды бастау және аяқтау күнiн, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиiс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 319-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 320-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес.
321. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган Келісім талаптарына сәйкес және мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмде бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi органың шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргiзедi. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органнан шотқа ақша түскеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi күннен кешiктiрмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
322. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Келісімінде талапта көзделген мерзiмде Келісімде көрсетiлген деректерге салым сомасын аударуды жүргiзедi, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғаны үшiн есептелген сыйақыны (мүдденi) толық көлемде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 323-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
39-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау мен тiркеу және төлемдер жүргiзу рәсiмдерi, құпиялық белгiсi соғылған бюджеттiң атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
324. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн қабылдау мен тiркеу және төлемдердi жүзеге асыру тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженiң 156-161-тармақтарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жол берiледi.
325. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджеттi атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруi тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты жағдайлар туындаған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару
40-тарау. Жалпы ережелер
326. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 326-1-тармақпен толықтырылды
326-1. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтару не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, шетел валютасында түскен ақша қайта айырбастауға және осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті демеушілік, қайырымдылық ҚБШ-ға немесе ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ға ұлттық валютада есептеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 327-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
327. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ларына есептелуі тиіс. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиісті шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етеді.
41-тарау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 328-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
328. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі негізінде, республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінің сыныптаушысы негізінде мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 329-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
329. Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, өздері сатудан түсетін ақша өздерінің билігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, қызметтері) тізбесінің сыныптаушысын (бұдан әрі - сыныптауыш) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің кодтарын, пайда болу көздері мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес рұқсат етілген түсімдерді пайдалану бағыттарын қамтиды.
330. Ақылы қызметтер бойынша есепке алу ББС -шы және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
331. Ақылы қызметтер шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын, қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты үсынады.
42-тарау. Мемлекеттік мекеменің өз билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және бекіту
332. Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның есебiнен операция жүргiзу үшiн жыл сайын мемлекеттік мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
333. Жоспар тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша жасалады.
334. Мемлекеттік мекеме жоспарды осы Ереженің 96-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай тәртiппен жасайды:
Кiрiс бөлiгi:
010 «Барлық кiрiстер» жолында кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі, ол есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын және жаңа қаржы жылында түсетiн ақшаның жоспарланған сомасын қамтиды (011-жол+012-жол),
011 «Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы» жолында есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығы көрсетiледi,
012 «Ағымдағы жыл түсiмдерi» жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша түсiмдерiнiң жоспарланған сомасы көрсетiледi;
Шығыс бөлiгi:
020 «Барлық шығыстар, оның iшiнде ерекшелiктер бойынша» жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшелiктерi бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiгіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып, шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетiледi,
021 «олардың iшiнде, бюджет кiрiсiне аударуға жататын» деген жол бойынша тиiстi бюджет кiрiсiне аударуға жататын сома анықтамалық түрде көрсетiледi.
Жоспардың кiрiс және шығыс бөлiктерi әрбiр тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңдестірілуі тиiс. Бұл ретте, 010 жолының көрсеткiшi 020 жолының көрсеткiшiне теңестiрiлуi тиiс.
335. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған түсiндiрме жазбаны және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстар жөнiнде негiзделген есептердi қоса бере отырып, жоспарды 3 (үш) данада бекітуге бередi.
336. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлар негiзiнде мемлекеттік мекеме өздерiнiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстарның жиынтық жоспарын (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар) жасайды.
Мемлекеттік мекеме бойынша Жиынтық жоспарды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және келесi қаржы жылының 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға әрбiр мемлекеттік мекеме жөніндегі жоспарлармен бiрге келісуге береді.
Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар осы Ереженің 97-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және 2 (екi) данада бекiтіледi.
Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға жоспарға түсiндiрме жазба мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша түсiмдер мен шығыстардың әрбiр түрi жөнiнде негiзделген есептер қоса бекітіледі.
337. Жоспар және Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жиынтық жоспар бөлшек қалдығымен, үтiрден кейiн бiр белгiмен мың теңгеде қалыптастырылады.
338. Жоспарлардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша және жоспардың әрбiр көрсеткiшi бойынша жиынтық жоспардың сомасына теңестiрiлуi тиiс.
339. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың, оған есептердiң жасалу дұрыстығын қамтамасыз етедi.
340. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган келiсуге ұсынған мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларға мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу жөнінде ақылы қызмет көрсету тәртібі Сыныптаушыға, шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстарды дұрыс есептеу тұрғысынан сәйкес келуге тексерiледi, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган басшысымен келісіледi және елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады.
341. Мемлекеттік мекемелер бойынша келісілген Жиынтық жоспардың бiр данасы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органда қалады, екiншiсi - бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 342-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
342. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер бойынша жоспарды келіскеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жиынтық жоспарды 3 данада бекітеді, оның бірі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінде қалады, екеуі - мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме бекітілген жоспардың бір данасын өзінде қалдырады, екіншісін - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 96-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардың қалыптастырылған электрондық түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге сканерленіп бекітілген жоспарды тіркейді.
343. Қаржы жылының 15 қаңтарына дейiн мемлекеттік мекемелер бойынша жоспар бекiтілмеген жағдайда, мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде жаңа қаржы жылының
1 қаңтарындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша қалдығы шеңберiнде жасалған шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қосу арқылы шығыстар жасауы мүмкін.
344. Егер мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар 15 ақпанға дейiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге ұсынылмаса және 1 наурызға дейiн келісілмесе, онда қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақша және есептiден кейiнгi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан және 1 ақпандағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы 1 наурыздан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджет кiрiсiне аударуға жатады.
Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне белгiленген мерзiмде ағымдағы жылдың 1 наурызындағы қолма-қол ақша бақылау шотындағы ақша қалдығын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға тиісті төлеуге берiлетiн шотты ұсынбаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеменiң төлемдерi мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтатады.
345. Шот бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктiк қызметтерге ақы төлеудi мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен, мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзедi. Банктiк қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар қолма-қол ақшамен операциялар жүргiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiгi бойынша жоспардың шығыстар бөлiгiнде көрсетiледi.
346. Бекiтiлген және келісілген жоспарлардың қолданылуы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
43-тарау. Өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақшаның түсiмдерi мен шығыстары жоспарларына өзгерістер енгізу
347. Қаржы жылы iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер жоспарды және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарды нақтылау шартымен оларға өзгерістер енгізу арқылы ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкiн.
Жоспарда көзделген сомадан тыс кiрiс түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер, әрбiр ақылы қызмет түрлерi бойынша жылдық сома шеңберiнде ерекшелiктер мен тоқсандар арасында өзгерістер енгізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi қоса бере отырып, осы Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама ұсынады;
бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi олар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi тексередi, осы Ереженің 99-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге бередi.
348. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік мекемелер жөніндегі Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды, енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептердi тексередi.
349. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама екi данада бекітіледi және келісіледi.
350. Анықтаманың бiр данасы бюджеттi атқару бойынша уәкiлеттi органда қалады, екiншi данасы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 351-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
351. Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 3 данада бекітеді.
Бекітілген анықтаманың бір данасы бюджеттік бағдарлама әкімшісінде қалады, екі данасы мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтаманың бір данасын өзіне қалдырады, екіншісін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме осы Ереженің 98-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманың электронды түрін, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қолы қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімнің жоспарына өзгерістер енгізу туралы сканерленіп бекітілген анықтаманы тіркейді.
352. Мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларды және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiмен бекітілген және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тiркеудi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ал жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiмен бекітілген жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды тiркеудi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi жүзеге асырады. Тiркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға, жоспарларға және мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртiппен нөмiр бере отырып еркiн түрде журналда жүргiзiледi.
353. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарларды бекiткеннен және келiскеннен кейiн және сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн сақтаған кезде жоспарларды бекiткеннен кейiн ББС-нiң бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтарын өзгерткен жағдайда, Сыныптауышқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде осы Ережеде белгiленген тәртiппен мекемелер бойынша Жиынтық жоспарлар қайта бекітіледi және қайта келісіледi.
Қаржы жылы iшiнде ББС-нiң бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының жаңа кодтары енгiзiлген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа кодтар бойынша бекітіледi және келісіледi.
354.Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес Сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жаңа түрлері енгізілген жағдайда, осы ережеде белгіленген тәртіпте жаңа жоспарлар және Мемлекеттік мекемелер жөнінде жиынтық жоспар жасалады, келісіледі және бекітіледі.
355. Жоспар мен Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар бекітілгеннен және келісілгеннен кейiн қаржы жылы iшiнде жаңа мемлекеттік мекеме құрылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосу немесе бөлу арқылы мемлекеттік мекемелердi қайта ұйымдастырған және мұндай мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуге арналған құқық берiлген оларды сатқаннан түсетiн ақша өздерiнiң билiгiнде қалатын жағдайда (бұдан әрi - құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме), мынадай iс-әрекеттер жүзеге асырылады:
құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне осы Ереженiң 334-тармағында белгiленген нысан бойынша және тәртiппен жоспар ұсынады;
бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi олар түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде кiрiстер мен шығыстар бойынша негiздеме мен есептердi тексередi, жоспардың негiзiнде осы Ереженің 99-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарға тиiстi өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi және құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменiң жоспарына сәйкес бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге ұсынады;
бюджеттi атқару бойынша уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттік мекемелер бойынша Жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы ұсынылған анықтаманы қарайды және келiседi;
бекітілген және келісілген анықтаманың негiзiнде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi әрбiр құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме бойынша жоспарды бекiтедi және бередi.
44-тарау. Өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақшаны есепке алу және бақылау