Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1005 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі» деген бөлiмнің реттік нөмiрi 470-136-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«470-136. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық,
білім беру және сауықтыру орталығы» Алматы облысы
қазыналық кәсіпорны Қарасай ауданы»;
2) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 мамырдағы № 533 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 146-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.»;
3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |