Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек"
республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1005 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмнің реттік нөмiрi 470-136-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"470-136. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық,
бiлiм беру және сауықтыру орталығы" Алматы облысы
қазыналық кәсіпорны Қарасай ауданы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 533 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 146-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.";
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмдегi реттік нөмiрi 157-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"157-1. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, бiлiм беру және сауықтыру орталығы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|