Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1262 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 642-қосымшада:
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) «басылымы» деген сөзден кейін «2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын, «10 000 экземпляр» деген сөздерден кейін «2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 645-қосымшада:
4-тармақтағы «енгізу» деген сөзден кейін «Электрондық коммерция орталығы» РМҚК құру» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын;
«4.»Электрондық коммерция орталығы» РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету»;
2) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік 531-нөмірі жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу жөніндегі агенттігі
531 «Электрондық коммерция орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»;
3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1134 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі