Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу комитетiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысы
(2009.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен 1, 2, 3-тармақтарын және 4-тармақтың 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ?кіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау Комитеті таратылсын.
2. Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мүлкiн бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қоса берiлiп отырған:
3) ҚР Үкіметінің 2009 ж. 20 наурыздағы № 374 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.28.09. № 959 қаулысымен құрылым жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009 ж. 20 наурыздағы № 374 Қаулысымен тiзбе алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 29 қазандағы
№ 1134 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау
және мемлекеттік сатып алу комитетiнің аумақтық
басқармалары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитетiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
"Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны