2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 09.12.03 ж. № 1262 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 640, 641, 642, 643, 644, 645-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
640 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 640-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар"
001 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37474 мың теңге (отыз жетi миллион төрт жүз жетпiс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 1-30-баптары, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оған жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің аппаратын ұстау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң МҚСБ ғимаратына қызмет көрсету және оны ұстау, жабдық сатып алу және жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 001 Әкiмшiлiк 41 бiрлiк штат жыл Қазақстан шығындар санының лимит ішінде Республика- шегіндe Қазақстан сының Республикасының Мемлекеттік Мемлекеттік сатып сатып алу алу жөніндегi жөніндегі агенттiгiнің агенттігі аппаратын ұстау Агенттiктiң ғимаратына қызмет көрсету және оны ұстау. Агенттiктiң әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiн қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң МҚСБ жабдығын сатып алу, құру және жарақтандыру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне жүктелген
функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы және материалдық-техникалық,
оның iшiнде мемлекеттік құпияларды құрайтын рұқсат етілмеген қол
жетiмдiлікті шектеу мен оның жолын кесу мақсатында жарақтандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
641 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
010 "Республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігiн арттыру
және қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 220 мың теңге (екi жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3 бабы; Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігiнің мәселелерi" 2002 жылғы 18 қыркүйектегi № 1031 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзiнің қызметтiк мiндеттерiн оңтайлы орындау үшiн және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызметтегi салада қойылатын білiктілiк талаптарға сәйкес білімдiк программалар бойынша шеберлiк және дағды практикалық білімдi және теоретикалық білімдердi жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық деңгейде мемлекеттік қызметшiлердiң біліктілiк деңгейiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Мемлекеттік Бекiтiлген білік- жыл Қазақстан қызметшiлер- тіліктi арттыру ішінде Республика- дің деңгейiн жоспар бойынша сының арттыру оның iшінде Мемлекеттік мемлекеттік тiлге сатып алу 005 Кадрларды оқыту қызметтердi жөніндегі қайта даярлау сатып алу- агенттігі және білік- Бiлiктілігiн тілік арттыру деңгейiн курстарынан өтетiн арттыру қызметшілердің жартыжылдық көлемi 41 кiсi- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік ресурстарының мүмкiндiктерiне және қазiргi заманның
экономикалық жағдайларына сәйкес, мемлекеттік қызметтiк талаптарына сәйкес
келетiн сапалы оқыту жүйенi құру мен дамыту жолдарымен мемлекеттік
қызметшiлердің кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
642 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Мемлекеттік сатып алудың мониторингiн жүргiзу және
ақпараттық қамтамасыз ету" 033 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 19 312 мың теңге (он тоғыз миллион үш жүз он екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелер үшiн мемлекеттік туралы хабарландыруларды және ақпараттық материалдарды ортақты, ақысыз баспаға шығару мемлекеттік сатып процесстiң жариялылығын және бюджеттік қаражатты үнемдеуге қамтамасыз етедi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерiмен жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулар мен Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюллетеньдi шығару (формат А3-газет үлгiсi).
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 033 Мемлекеттік 1- Апта iшiнде 2 жыл Қазақстан сатып алудың реттен кем емес ішінде Республика- мониторингiн мерзiмдi басылымы сының жүргiзу және 2003 жылғы 1 Мемлекеттік ақпараттық қаңтардан бастап сатып алу қамтамасыз 1 қарашаға дейін жөніндегі ету уақыт кезеңінде агенттігі 10 000 экземпляр 2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр болатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулар мен Мемлекеттік сатып алу жөніндегi бюллетень шығаруды ұйымдастыру |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік сатып алу процессiн әйгiлеуге қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік
сатып алу туралы хабарландыруларды ортақты басылымға шығаруға және
ақпараттық материалдарды уақытылы және сапалы қамтамасыз ету, бұл орайда
мемлекеттік мекемелер үшін олар ақысыз негiзінде, мемлекеттік кәсіпорындар
және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлі акционерлік қоғамдар,
сондай-ақ олармен қосылма заңды тұлғалар үшiн қазiргi уақыттағы бағалардан
төмен көрсеткiшпен ақылы негiзiнде, қорытындысында осы бюджеттік
бағдарламаны қабылдау бюджеттік қаражатты үнемдеудi қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
643 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттiгiнің ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу"
500 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 659 мың теңге (тоғыз миллион алты жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдану мен сүйемелдеу және байланыс арналарын ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi сүйемелдеу, әкiмшілендiру және қолдау; есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнің, жүйенің жергiліктi есептеу желiлерiнің жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, есептеу желiнің ақпараттық қауіпсiздiгiн және ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнің Web-серверiн сүйемелдеу; есептеу құралдарды және жабдықтарды қоса бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету, ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, электрондық поштаны, Интернет желiсiмен телекоммуникациялық жабдықтаудың сатып алуды сапалы және уақытылы алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 500 Қазақстан 1- Интернет жыл Қазақстан Республикасы желiсінде Мемле- ішінде Республика- Мемлекеттік кеттiк сатып алу сының сатып алу жөніндегi агент- Мемлекеттік жөніндегі тiгiнің Web-сер- сатып алу агенттігінің верiн сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық жөніндегi қызмет- агенттігі жүйелерiн терді сатып алу сүйемелдеу 2- ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу жөніндегi ақпараттық-есептеу және әкімшiлендіру қызметтердi сатып алу (5-ақпараттық жүйе) 3- Ақпараттық жүйелерiн комплекс- тік енгізу үшiн консультациялық қызметтердi сатып алу 4- ақпараттық жүйелердiң ақпараттық қауіпсiздігiн қамтамасыз ету 5- Есеп құралдарды және жабдықтарды қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдармен қамтамасыз ету (41 - компьютер, 25 - принтер, 4 - сервер) 6- VPDN желiсiмен және Интернет желiсi қызметтерiн сатып алу (41 Қазақстан Респуб- ликасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгінің қолданушы және VPDN үшiн 50 бюджеттік бағдарла- маның әкімшісі) |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің ақпараттық
ресурстарына қашықтан реттелген және көпшілік қатынауды, мемлекеттік сатып
алу мониторингі жүйеде ақпаратты берудің сапалы қамтамасыз ету, ақпараттық
жүйелерде қолданбалы және жүйелі қамтамасыз етудің тиімді жұмысы,
Web-сайттың жұмыс жасауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
644 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігінің ақпараттық жүйелерiн құру"
600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 602 мың теңге (екi миллион алты жүз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алу мониторингiнің қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған ақпараттандыруды жүргiзу, сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желiлі жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын, жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi құралдармен уақытылы жаңғыртуды және жарақтандыруды қамтамасыз ету, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мониторингінің автоматтандырылған жүйелерді және мемлекеттік сатып алу есебiн әзiрлеу және дамыту, есептеу, жүйелiк жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттық-бағдарламалық құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 Қазақстан 1- серверлiк Жыл Қазақстан Республикасы жабдықтарды сатып ішінде Республика- Мемлекеттік алу (1 комплект) сының сатып алу 2- принтерлердi Мемлекеттік жөніндегі сатып алу (2 дана) сатып алу агенттiгiнiң 3- ксероксты сатып жөніндегі ақпараттық алу (1 дана) агенттігі жүйелерiн 4- әкiмшiлiк жұмысы құру станциясын сатып алу (1 дана) |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа
технологиялық шешімдер және құрал-сайман жабдықтар негiзiнде мемлекеттік
сатып алу мониторингiн ақпараттандыруын қазiргi заман деңгейіне қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
645 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарлама әкiмшісi
2003 жылға арналған
"Электрондық саудалар, аукциондар және бәсекелiк саудалар
жүйелерiн құру" 601 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 57 786 мың теңге (елу жетi миллион жетi жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электрондық саудалар және электрондық қаржылар, электрондық бизнес жүргiзудi дамыту, online-режимде мемлекеттік сатып алу өрiсте қазiргi заманға сай ақпараттық технологияларды енгізу."Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық және жергiліктi бюджеттік әкiмшiлер ортасында мемлекеттік сатып алу өрiсте электрондық саудалар тетiгiн жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 09.12.03 ж. № 1262 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 601 электрондық 1. Электрондық жыл Қазақстан саудалар, саудалар жүйенi ішінде Республика- бәсеке бағдарламалық сының саудалар және қамтамасыз етудi Мемлекеттік аукциондар сатып алу және сатып алу жүйелерiн оның күшiне енген жөніндегі құру мемлекеттік сатып агенттігі алу заңнамаға бейімделуі- 2. Мемлекеттік сатып алу өрiсте электрондық саудалар жүйенi енгізу үшiн 1 серверді сатып алу 3. Мемлекеттік сатып алу өрiсте электрондық саудалар жүйенi енгізу үшiн қызметтерді төлем ету 4. "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы
бюджеттік бағдарламаны қабылдау мемлекеттік сатып алу процесстің барлық
кезеңдерiнің айқындылығын, барлық ықтимал берушілер үшiн мемлекеттік сатып
алу жүйенiң ашықтығын және қол жетiмдiлігі деңгейiн көтеруге, құжаттамалық
айналымын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердiң
мұқтаждары үшін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн
қызметтердiң 5-10% мөлшерiнде бюджеттік ақша қаражатын үнемдеудi
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.